Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ДІННІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА АТҚАРАТЫН РӨЛІ



 Другие рефераты
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САЯСИ ИНСТИТУТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Діннің шығуы туралы. Әлемдік діндер. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалып¬тасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идея¬лардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейлінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым, жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғат¬та жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм).
Тотемге табыну – діннің ең ертедегі формаларының бірі. Алайда оның арғы тегінде діндік ұғымнан гөрі «нысандық» (нышандық) сипаты басымдау. Бұл сөз (тотем) – «төркінім» және «белгі» (нышан) деген мағаналарды беретін, үндіс тілінің дыбыстық аудармасы.
Рулық қоғамда санасы толыспаған әлеумет әр тайпа өз алдына белгілі нәрседен пайда болған деген нанымды қалыптастырған. Сол «нысаналы нәрсенің» көбі хайуанаттар (аң, құс, балық …) болып келеді, одан қалса өсімдік (мұнда аздаған басқа заттар да бар) болады. Әрбір тайпа өзінің тотемдік нәрселерін ерекше қорғап, басына көтере қадірлейді.

Қазақ халқы арасындағы көне көз адамдардан бүгінде ағаш тотемнің құбылыстарын кезіктіруге болады. Осындай бір миф¬те: «Қазақ халқының ұғымындағы 18 мың ғаламды жаратушы «жасаған» бір «ғұмыр ағашын» егеді. Ағаш басындағы әрбір жапырақ тіршіліктегі бір адамның жанына, рухына «уәкілдік» етеді. Дүниеге бір адам келсе, бір жапырақ өніп шығады. Ал бір адам өлсе, бір жапырақ үзіліп жерге түседі. Үзілген жапырақ түсіп бара жатып, басқа бір жапыраққа соғылса, бұл жапырақ «уәкілдік еткен адам бір адамның өлгендігін естиді». Кейде қазақ халқы: «Орманға сыйыну жөнінде, тәңірінің шапағаты ағашқа түсіп, ағашты биязы да сұлу бір қыз етіп жаратқан екен дейді. Енді бірде ағаш 9 бала туып, тоғызы тоғыз рулы ел болған екен», – дегенді айтады.
Қазақ халқынан өзге ұлттарда ағаш тотемінің құдірет-характері біртіндеп өзгеріске түсе бастаған. Біреулерінде жал¬пы қорғаушы ретінде қаралса, енді біреулерінде шаруа¬шылықты, тіршілікті меңгеруші ретінде қаралады. Ал қазақ халқында ағаш тотемі бұрынғы мәнін, ежелден келе жатқан рөлін жойған емес.
Түркі тектес халықтардың барлығы да ортақ табынған киелі, тотем жануарлары әсем марал, көк бөрі, бүркіт екендігі бұрыннан белгілі. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес. Байбөрі (Алпамыс батырдың әкесі, Құртқа қасқыр деген сөз. Қобыландының зайыбы) секілді аттар қазақтың әдеби мұраларында көп кездеседі. «Монғолдың құпия шежіресінде» түрік монғолдар өздерінің шығу тегін әсем Марал, Бөрте Шонадан таралғанбыз деп есептейді. Шона – қасқыр деген сөз. Бұл әпсананы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Сарыбай досы Қарабайдың көңілін қимай буаз маралды атып, киелі аңның зауалына ұшыраған. Ол сол жерде дереу дүние салып, жалғыз ұлы Қозының тағдыр қасіретпен тамамдалатынын хикая сюжеті айқындап, маңызын аша, әрлендіре түседі. Көшпенділер сол себепті де Ақмарал, Шона, Қасқырбай, Маралхан, Бүркіт секілді есімдерді көп қолданған.
Осымен қатар бұған ертеден қалыптасып қалған діни салт-сана, әдет-ғұрыптар (культ), мешіт, шіркеу сияқты діни меке¬мелер мен молда, қожа, бақсы, ишан, поп дейтін дін иелері, тарихи діндерде адамдар орындауға міндетті деп есептелетін моральдық, этикалық қағидалар жатады.
Көне замандардан бастап-ақ небір ғұлама ойшылдар, көреген елбасылары бір отаға бірігіп, өмір сүрген адамдардың өзара жақсы қарым-қатынаста болуына және түсінікпен тір¬шілік етуіне кедергі болатын жәйттердің алдын алып отырған. Тыныштық, бейбітшілік үшін көп нәрселерге шек қоюға мәжбүр болған. Оны бұзғандарға түрлі жазалар белгіленген. Сонымен қатар жаратушымыз мұндай бір ортаға бірігіп өмір сүруші адамдарға өзінің нағыз өміршең қағидаларын алға тартты. Оның аты бәрімізге аян – дін болатын. Дін – адам өміріне қажетті рухани байлықтарды реттеу үшін түрлі заңдар мен ереже, қағидалар белгіледі. Ислам дініндегі қағидалармен тәрбиленбеген адам біреуге жаманшылық тілемейді және мін¬детті адалдықпен орындайды. Осы орайда Мұхаммед пайғам¬бардың мына сөзін әр уақытта жадымызда ұстаған жөн: «Өз нәпсіңіз қалаған нәрсені басқалар үшін қаламаған тұста және өзіңіз жаман көрген нәрселерді басқалар үшін де жаман деп білмеген тұста сіз нағыз иманды жан бола алмайсыз». Осы¬лайша хазырет Мұхаммед пайғамбар өзі өмір сүрген қоғамын шапағаттыққа шақыра отырып, өзі де оның нұрына бөленген.
Осы орайда жалпы адамзат өркениетіндегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдай көшпелілер мекенімен жапсар өңірлерде дүниеге келіп отырғанын кездейсоқтық деуге болмас. Басқа¬сын былай қойғанда, Зәрдеш (зороастризм), Будда (буддизм), Яхуда (иудаизм), Мұхаммед (ислам) бастаған әлемдік дін¬дердің көшпелілер мекенімен шекаралас өңірлерде дүниеге келгенін қалайша кездейсоқтық деуге болар? Және осынау әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің (Тенгирианство) өзекті қағидаларының арқау болғанын қайтерсіз? Ал Тәңірлік дін дегеніміз, түптеп келгенде, уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным-түсінігі еді. Бұл орайда Тәңірдік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болды, өмір салтына айналды.
Үнді, Парсы, Ислам, Қытай, т.б. мәдениеттердің түркі халқы¬ның мәдениетіне әр түрлі жолмен ілгерінді-кейінді ықпал етіп келгені белгілі. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын парсылар мен сақтар тайпалары түрлі мәдени байланыста болғаны ғылымда анықталған. «Парсының» Зороастр діні Қазақстан қалаларында VI-VII ғасырларда соғдырлар арқылы енеді. Алайда оның элементтері Оңтүстік Қазақстанда бұдан да көп бұрын сақ-массагет тайпалары кезінде-ақ қалыптаса бастаған болатын. Ал қытай жазбаларында жыл санауымыз¬дың ІІ ғасырында Будда діні қазақ халқының негізін құрушы үлкен рулардың бірі қаңлылар ішінде таралап қана қоймай, сонымен оны қаңлылардың монахтары қытайларға таратқаны туралы мәліметтер бар. Христиан дінінің де өте ерте кезден бастап түркілерге ықпал көрсеткендігі белгілі. Керей, Найман қатарлы қазақ тайпалары христиан дінін бір мезетте қабыл¬дағандығы туралы парсы тарихшысы Рашид-Эддин өзінің «Жамихаттауарих» деген еңбегінде мол деректер жазады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан да оны «Таңбалы тас жазуы» деген еңбегінде дәлелдейді. Шыңғыстау алыбы В. Бартольд та оны өз еңбегінде айтып, Еуразияның көшпелілерінің соңғы тұяғы болып табылатын қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі уақытты беске бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Осы дәстүр Сырдария бойында туған Зәрдеш діні арқылы Яхуда дініне ауысты, одан ислам дініндегі бес уақыт намаздың орнығуына себепші болды. Уақыт пен кеңістік туралы белгілі бір таным-түсінік қалыптастырмай тұрып, көшпелілер өмір салтына ойысу мүмкін емес еді. Бір жыл ішінде күн мен түннің теңелетін мерзімдерін білу, сол бір жылдың төрт маусымының ерекшеліктерімен санасу көшпе¬лілер үшін өмір сүрудің қажеттілігі болған. Осы орайда отырық-шылардың негізінен жаз бен күзге тәуелді екенін айта кетуге болады. Күні бүгінге дейін қазақтар әрбір маусымды өз ішінде үшке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы, қыстың ортасы, қыстың аяғы, т.б. Осынау өмір салтының өзегінен бір жылды 12 айға бөлетін таным-түсініктің бастау тегі аңғарылады.
Қазақ қауымы осы күнге дейін қалыптасып үлгерген өзінің рухани қазыналарын түгендеп, бір жүйеге салып, оның шынайы құндылығын әлі анықтай қойған жоқ. Коммунистік идеологияның көлеңкесінде қалып қойған қазақ халқының іргелі дүниелерінің ішіндегі діни болмысымызға жаңаша мән беріп, оның біртұтас жүйесін жасап шығару үлкен қоғамдық-ғылыми жетістік болар еді.
Соңғы жылдары республикамызда ислам дінінің жанданып, мәдени-рухани өмірімізге ықпал етіп, тіпті саяси-әлеуметтік мәселелерге араласа бастағаны белгілі. Осынау әрекет-тірлік¬теріміздің мәні неде? Мәселенің мәні – қоғамдық санадағы болмашы өзгерісінің ұлт тағдырына қарай ықпал ететінін бажайлап отыруда болса керек. Себебі ұлттық болмысқа қоғамдық-әлеуметтік күштердің әсер ететінін, нендей үрдіс¬тердің күшейіп бара жатқанын тап басып біліп отыру арқылы және нақты әрекетке көшу арқылы ғана рухани шыңдалуға болатыны ақиқат.
Діннің пайда болуы адам өмірінде, қоғамда болып жатқан әр түрлі өзгерістерден туындайтыны тарихи анықталған жай. Дін шыққан уақытынан бері қарай адамның бүкіл өмірінде реттеуші күшке айналуына көптеген тарихи деректер куә. Сонымен бірге діннің қоғамдық сананың белсенді формасы ретінде сақталып отырғандығы да рас. Қазір дін көптеген жылдар бойы насихатталып келген адамгершілік ережелерінің әділетсіздіктің жетегінде кеткенін сынау үстінде күшейіп отыр. Өйткені дін қоғам өмірінде жіберілген саяси экономикалық қателерге, рухани адасушылыққа жауапты емес. Дін тарихын тиянақты зерделеуші оны алдамшы деп бағалаудың қате пікір екендігін біледі. Діннің мәдени дамуының жемісі екендігін оның тарихи, танымды, психологиялық тамырлары шыққандығын мойындау қажет. Діни шешімдер адамдардың күнделікті өмір салтын, қоғамдық заңдарды ескере отырып уағыздалады.
Ислам дінінің моральдық-этикалық нормалары және Қазақ¬стандағы даму ерекшеліктері. Кез келген дін сияқты ислам діні де адам қоғамына тән моральдық-этикалық, кісілікті нор¬маларға сүйенген. Оған қоса ислам діні өзі дүниеге келген ор¬таның сұранымымен үндесіп жатады. Ислам діні тек қана на¬ным-сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір сал¬тына, моральдық-этикалық нормаларына, дәстүріне айналып отыр. Сондықтан біз бүгінгі таңда жер бетінде миллиардқа тар¬та адамның зейінін өзіне тартқан ислам дінін ең алдымен руха¬ни құбылыс ретінде құрмет тұтамыз. Ал қазақ халқының тари&n

12
скачать работу


 Другие рефераты
Государство, право, религия
Психические познавательные процессы. Память
Теория Э.Фрома - опыт анализа и применения при наблюдении бытия
Нефтепродукты


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ