Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ДІННІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА АТҚАРАТЫН РӨЛІ

ot;хында ислам дінінің толық дами алмағанына көшпенділік тұр¬мысының салты мен ғұрпы кедергі болса керек. Қазақ исламы, қазақ мұсылманшылдығы догмалық исламнан әлдеқайда өзге¬ше, тұрмыс ауқымынан алысқа бармайтын діни наным.
Егер халқымыздың барша өмір салты ғылыми зерде сүзгі¬сімен өтер болса, қазақ халқының тарихи-әлеуметтік болмы¬сында ислам дінінен әлдеқайда басым екеніне көзіміз жетер еді. Тәңірлік дін әлі түбегейлі зерттеліп, адам қоғамындағы орны жете анықталған жоқ. Біздегі «бақсылық» деп аталған шамандық та түптен келгенде тәңірлік діннің бір тарау көрінісі ғана.
Қазақ халқының өмір салты мен дүниетанымында, басқа тіршілік-тынысымыздың баршасы тәңірлік дінмен қойындасып жатыр. Адам баласының туғаннан өлгенге дейінгі қазақ қоғамындағы тіршілігінің бәрінде ислам дінінің нышаны өте аз. Дәстүрлі наным-сеніміміз бойынша халқымыз не аспан-көкті, не айды, не отты, не жерді, не суды, не әрбір құбылыс пен заттың пірлерін кие тұтып, соған сәйкес жөн-жоралғысы мен ырымын жасаған. Дүниеге келген нәрестенің жататын орнын отпен аластаудан бастап, дүниеден өткен адамға ас беруге дейінгі жөн-жоралғының баршасы тәңірлік наным-сеніммен астасып жатыр.
Сондықтан да саналы тіршілік иесінің табиғи аяқталуы болып саналатын адам өлімін дін мен ілім жан-жақты қарас¬тырып келді.
Мәселен, ертедегі египеттіктер адамның пәнилік ғұмырын, бар болғаны бақилық ғұмырға барар алдындағы дайындық қана деп ұққан.
Олардың өліп қалған перғауындарға көбірек құлшылық етіп, оларға арнап алып пирамидалар салып, денелерін бұзыл¬майтындай бальзамдаулары сондықтан. Ал ертедегі жапон¬дықтар адам өлгеннен кейін оның жаны ұрпақтарының жанына кіріп, әрі қарай өмір сүре береді деп сенген …
Сондай-ақ буддизм, зороастризм, иудаизм және басқа діни ілімдер де өлім табиғитын өздерінше түсіндіріп бағады. Бірақ бұл діни ілімдердің бәрі де бір мәселеде – өлімді қорқынышты, жат құбылыс етіп көрсетуде бір-бірімен үндес болып келеді. Ал өлімді заңды табиғи құбылыс деп пікір айтқан Сократ, Платон, Аристотель ілімі болғаны аян. Бұл ілім бойынша, өлім деген – тәннен жанның бөлініп шығуы. Яғни тән ғана өледі, ал жан мәңгілік. Сократтың, Платон мен Аристотельдің өлімнің аса зор қайғылы ауыр қасіретін жеңілдететін осы ілімін данышпан Абай қатты сезініп, терең ұғынған. Сондықтан да ол:
Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,
«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.
Мінеки, өлеңнің бүкіл тұла бойы ақыл мен жан (мен) өлмейді, тән (менікі) ғана өледі деп тұр ғой. Абайдың осы төрт жол өлеңі Сократ, Платон, Аристотель ілімдерінің алтын арқауымен жалғасып жатқан жоқ па?
Абай ұғымынша, адам баласы өлімнен үрейі ұшып қорықпау керек, өлім деген де өмір сияқты заңды құбылыс.
Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар, бірақ.
Ертең өзің қандайсың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.
Сондықтан да Абай «тұла бойы ұят пен ар», «жасқа жас, ойға кәрі» сүйікті ұлы Әбдірахман өлген кезде жазған бірнеше өлеңін «сабырлық қылсақ керек-ті» деп туған-туыстары мен өзіне басу айтып аяқтайды. Сондықтан да Абай өзінің ең жақсы көретін інісі Оспан өлгенде «Жан біткенге жалынбай, жақсы өліпсің, апырмай», – дейді. Егер Абай өлім табиғатын соншалықты терең түсінбесе, жас кеткен өзінің ең жақсы көретін інісіне «жақсы өліпсің, апырмай» деп айтар ма еді?
Тіпті, керек десеңіз, Абай өлімді адам баласын зорлық пен зомбылықтан, қорлықтан құтқарушы деп ұғады.
Мен – мақтанның құлы емес,
Шын ақылға зорлық жоқ.
Антұрған көп пұл емес,
Өлім бар да қорлық жоқ.
Өлім бар да қорлық жоқ – бұл Сократ, Платон, Аристотель философиясының Абай арқылы одан әрі тереңдеуі, жаңа мәнінің тосын мағынаға ие болуы.
Жалпы Абайды дүниетанымдық көзқарасы жағынан исламды насихаттаушы деп атауға болады. Басты көзқарасы қарапайым: алла – дүниені жаратушы, адамды жасаушы, ол имандылықтың негізі. Абай исламды қазақ халқын иман-дылыққа тәрбиелеу құралына айналдырмақшы болды. Ол өз туыстарын адам өмірінің бағасын оның рухани дүниесінің қасиетінен көре білуі керек дейді (6-сөзі).
Зороастризмде айтылатын өлімді жауыздықтың түрі деп есептеу шаманды тұтынған халықтар аңыздарындағы өлімнен қашу түрінде көрсетіледі. Мысалы, Қорқыттың өлімнен қашу туралы аңызы. Күлтегін ескерткіштерінде Отан туралы сал¬танатты сөздер, «түркілер суы» туралы, «шындық жолы» туралы сөздер бар. Олардың тегі, сөз жоқ – зороастралық.
Тәңірлік-зороастралық ұғымдар біздің дәстүрімізде, әдет-ғұрпымызда, сенімдерімізде, түсті жоруларымызда сақталған. Қазақстанда ислам діні мен шамандықтың араласып келуі мен тәңірін алламен, жер рухын шайтан, аруақ, әулиелермен, Әзірейіл, Жебрейілдерді шамандық өліммен ұқсастырудан көрініс тапқан.
Ертеден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың қайнар көзі, қазіргі біз шамандық – ескі наным деп атап жүрген, кезінде бүкіл халық табынған дін еді.
Ислам діні арадан ғасыр өткенде республикада қайта жанданса, біздің ұлттық мәдениетімізбен қай тұрғыда тіл табы¬сады деген мәселе туады. Соңғы жылдары Наурыз мерекесі аталып өте бастады. Көк жүзін тәңірі тұта телміріп, ондағы аспан денелерін өмір тіршілігінің бағдаршысы ете білген көшпенділер күн менен түннің теңесер сәтін алдымен болжауы заңды еді. Ислам діні белең алған заманда «наурыз» сөзінің парсылардан ауысқаны болмаса, бұл мереке қазақ арасында «Ұлыстың Ұлы күні» деп аталады. Демек Мұхаммед пайғамбар дүниеге келмей тұрғанда тойлана бастаған осы тарихи мәдени айғағымызды ислам дінінің нәтижесі деуімізге болмайды. Неғұрлым тереңнен тамыр алатын қазыналарға сенетін бол¬сақ, болашақта ұлттың мықтылығы мен өміршеңдігі соғұрлым анық көрінетін болады.
Қазіргі кезде қазақ зиялы өкілдерінің бір тобы «қазаққа жаңа дін керек» деп жүр. Қолдан құдай жасап немесе алыстан келер әлдеқандай миссияны күтетін дәуір өткен сияқты. Бұрынғы Кеңес Одағында ресми идеология ислам дінін жоққа шығарса, соңғы жылдары орын алған оқиғалар мұсылман дінінің дүние жүзінде аса ықпалды күш екенін көрсетті.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, Қазақстан халқы¬ның 60 пайызынан астамы мұсылман дінін ұстанатыны белгілі. Мұны біз ескеруіміз керек. Кеңес үкіметі кезінде бізді рухани, діни мұрамыздан аулақтатқысы келді. Көп ретте солай болды да. Сондықтан қазақтар үшін, республика халқының мұсыл¬мандық бөлігі үшін рухани, мәдени қазыналарға қайтып оралу маңызды дүние болып саналады.
Сондықтан біз исламды өмірге қайта келтірдік деп қуан¬ышымыз қойнымызға сыймай жүр. Ал ойлап қарасақ, исламға дейін де қазақ халқы өмір сүрген, өзіндік рухани байлықтарға ие болған. Қазақ аруаққа сенген, отқа сыйынған, тәңірге ба-ғынған.
Иә, даланың өз дүниетанымы, өзіндік қайталанбас әлеу¬меттік тәжірибесі болған емес пе… Тәңір, Жасаған ием. Осы шексіз де шетсіз ұғымдардың мазмұны мен мәніне тоқталмай-ақ қоялық. Олар қазақтың ұлттық санасынан ешқашан сар¬қылар емес. Рас, анилизм (қазақта ол ата-баба аруағына табыну) әлемдік діндердің әлдеқайда төменгі сатыда, әрі олар¬мен бәсекелесе де алмайды. Бірақ ол халықтың тұрмысында, әлеуметтік қатынастарында мәңгі қалыптасып қалды. Аруаққа сыйыну, оны қастерлеу қазақ үшін имандылық жолы. Бәлкім бұл жаңа ұлттық идеологияның қарапайым бір элементі ре¬тінде бағаланар. Алайда мұндайда неғұрлым тереңнен тамыр алатын қазыналарға сенетін болсақ, болашақта ұлттың мық¬тылығы мен өміршеңдігі соғұрлым анық көрініс беретін бо-лады. Сондықтан осындай қиын-қыстау кезеңдерде қазіргі толық қалыптасқан халықтың дәстүрлі қазыналарына, әдет-ғұрып пен салт-санасына, діні мен өркениетіне, әлеуметтік тәжірибесі мен әлеуметтік қатынастарына сүйену қажет.
Ислам қазір қазақ жерінде екі бағыттағы қазметімен көрі¬неді: біріншісі – мәдени-ағартушылық; екіншісі – саяси-әлеу¬меттік. Бірінші бағыт: халықты жалпы мұсылмандыққа насихат¬тау, халық дәстүрлерімен ұштасқан исламның рухани мәнін түсіндіру. Екінші бағыт: саясаттанған ислам. Бірақ исламның саяси мақсаттары және оған жетудің әдіс-тәсілдерін қазақ қауымы қолдамайды. Әрине, отаршылықтың шеңберінен босаған қазақ үшін өзінің Орта Азия аймағындағы тегі бір туыстарымен тіл табысып, біртұтас өмір кешуіне себеп болатын аса маңызды фактор – мұсылман діні. Осындай қиын-қыстау кезінде осыларға сүйену ешқандай көптік етпесе керек. Сонымен бірге ислам дініне бой ұсынуымыз дәстүрлі мәде-ниетіміз бен дүниетанымымызды ығыстырып, схоластика мен мистиканың бел алуына ұрындырғанынан сақтануымыз керек. Сөйте тұра, республикамызда мешіттер болғанын, медресе¬лердің ашылғанын қалаймыз. Өйткені ислам дінінің де исламдыққа, сауапшылыққа, биік адамгершілікке насихат¬тайтын ықпалын, қасиетін, сонымен бірге ұлтаралық ынтымақ¬қа дәнекер бола алатын қасиетін мейлінше икемділікпен бүгінгі өмірімізге жарата білуіміз қажет. Сонда ғана ұлттық рухты, этникалық ерекшелік пен рухани қазыналар жүйесін сақтап қалуға, оны келесі тарихи кезеңдерге өркендетуге мүмкіндіктер туады.
Қоғам дамуындағы дағдарыс әлеуметтік саланың барлық буындарына дін әсерінің күшеюін жылдамдатады. Бұл – тарихта талай рет орын алған құбылыс. Егер саясаткерлер сол дағдарыстан шығу жолын таба алмай, әлсіздігін дін арқылы демегісі келсе, дін мемлекеттік идеологияға айналады.
Қазақ ұлты исламға толық орнықпағанын және тез қабыл¬дағыштығын ескерсек, біз бұл салаға көңіл бөлуге тиістіміз. Ендеше, тұрмыстық деңгейде болсын, қазақтар исламға көңіл бөлгені жөн. Бір ұлттың бірнеше дінге бас ұруының салдарын тек өзге елдің тәжірибесінен көрсек деймін.

12
скачать работу

ДІННІҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА АТҚАРАТЫН РӨЛІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ