Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп(Жамбыл)

өресі де, өрісі де кеңейе берді. Жас Жамбыл қиядағы ұясында қанатын қомдаған бала қырандай. Қанаты қатайып, күні келгенде шаңқылдап жыр көгіне көтерілді. Тау қыранының дауысы алысқа жетті. Ұяда көрген тәлімі жыр додасында жебеді. Қолтығынан демеді. Шаршы топқа түскенде шалыс қадамнан сақтады. Ақын деп аузыңа қараған қарақұрым халықпен бетбе-бет қалудың өзі қатал сын – қылкөпір екен. Ол көпір үстінде сен жан-жақтан, төменнен қадалған мың сан көз ұшында жалғызсың. Әр қимыл, әр қадамыңды қалт жібермей қадалған көздер. Табаның тайды екен, құладым дей бер дозақ отына. қылкөпірден қаз-қаз басып, сиынған пірің жар болып, аман-есен өттің екен... алдыңда абырой, атақ, даңқ күтіп тұр... Жыраудың жәннат бағы... Халық алдына шыққан сайын немесе мың сан назар ұшында осынау қылкөпірге көтерілген сайын Жамбыл жырау да шыңдалып өнер шыңына көтеріле түсті. Тіптен бұл өнердің еш ұстаз айта алмайтын қырық қат­пар қыр-сырына қанықты. Мысалы, жырдағы батыр ол, ең алдымен, мына қаумалаған жұрт сенімінен шығуы тиіс. Ол отқа салса күймеуге, суға салса батпауға тиіс. Қорқу дегенді білмеуге тиіс. Бір өзі он емес, жүз кісі қарсы келсе де қоғадай жапырып, қырып салуға тиіс. Ол пендешіліктен ада. Халық үшін туып, халық үшін қажет болса өлуге тиіс. Батырдың сүйгені міндетті түрде ақылға дана ару жар. Жалпы қазақ түсінігіндегі әйелге тән жақсылықтың, жақсы қасиеттің бәрі батыр сүйген қыздың бір бойынан табылуы керек.

Батырлық дастанның талабы осы. Өйткені, жырау алдында отырған бозбала – батырдан үлгі алуы керек, қыз бала батыр сүйген қыздан үлгі алуы керек. Тыңдарман талабы осы. Мінеки, сон­дықтан да батыр мен оның сүйгенінің бойында да, ойында да мін болмауы керек. Мін байқалар болса, оны жырау дереу қырнап, жонып-жөндеп тыңдарманға әдемілеп жеткізуі керек. Оқиға желісін де әр айтушы жырау осылай өзінше да­мытып отырады. Осындай әр жыраудың сүргісінен өткен жырда қырнала-қырнала мін қалмайды. Тап-таза, жалт-жұлт еткен жауһарға айналады. Тыңдарманға керегі осы. Тыңдарман жырауды да жағымды кейіпкерлер көтерілген кісілік биіктен көргісі келеді. Ол оңай талап емес. Нәтижесінде, жырау өзі қолдан қашап жасаған батырларға, даналарға тартпай тұра алмайды. Ерлік, мәрттік, тектілікті жырлап, жағы талмай насихаттай бергеннен кейін келе-келе жыраудың өзі де трансформацияланып, өзі насихаттап отырған ержүрек батырларға тарта бастайды. Егер жұрт алдында жырау өзі насихаттап отырған ерлерге емес, ездерге ұқсап отырар болса, оның сөзінде пәтуа болмай далаға кетіп, оған жан сенбес еді. Осы тұста бір тойда өзіміз көрген бір эпизод еске түседі. Марқұм сирек талант иесі Қаламқас Орашева сол тойда сұңғыла жырау Н.Байғаниннің “Нарқыз” дастанынан үзінді жырлады. Батыр қызды жырлаған жырау қызымыз Қаламқас сахнада тіпті екіленіп, аруақтанып кетті. Біздің көз алдымызда қайраты бойға сыймай тасып, жай отындай жарқылдап бейне батыр қыз Нарқыздың өзі отырғандай көрінді. Жыр аяқтала салысымен арынын баса алмаған Қаламқас сыртқа шықты. Мен де сыртқа шықтым. Жыршыны тамаша өнерімен құттықтадым. Сөйтсем, Қаламқас бейне аламан шабыстан тұяғы қызған бәйге атындай арынын баса алмай екі иығынан дем алып тұр екен. Әлі өз-өзіне келе алмай тұр екен. Осы сәт жырау қыз маған арқалы жандай көрінді. Осындай транформация болмаса, яғни жырау жұрт алдында бір мезет өз-өзін ұмытып, дастан кейіпкеріне айналып кетпесе өнері тыңдарман қауымды құрықтар құдірет-күшке айналар ма еді? Әй, қайдам.

Яғни, жырау жұрт алдында, мезгіл алдында батырды сомдаушы. Батырдың мәңгілік бейнесін граниттен қашаушы, мүсінші. Тек қана қашап қоймай, ол бейнеге “үп” деп үрлеп дем салып жан беруші. Жасымас жігер, қайтпас қайрат беруші. Жыраудың жанартау жүрек оты, тасыған күрескерлік қайрат-қуаты түгел жыр арқы­лы батырдың бойына көшеді. Жырдағы батыр әсіре ардақталып дәріптеледі. Демек, жырау кім десек, ол – дастандар арқылы бізге жеткен батырлар мен сұлулардың атасы. Жырауларды сондықтан халқымыз олардың өздері жырлаған батырлардан кем қастерлемеген. Бүйтіп яғни, өзі айтқан жырымен бірге өсіп, бірге өну, елге тұтқа болған батырлармен бірге туып, бірге өлу барлық жыраулар өткен мектеп. Міндетті рухани мектеп. Сол мектептен өткен жырау сөзсіз өз дәуірінің абы­зы. Сондықтан да Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұхар жыраулар өз заманында сөздеріне хандар тоқтаған тарихи тұлғалар болған. Бұл дәстүр жаңғырығы Жамбылдың жыраулық өнері шарықтаған 19 ғасырға да жетті. Бірақ, жырауы қалса да, хандары мен билері жоқ, оның орнын орыс ояздары басқан, ел еңсесін отарлық езген зар заман еді ол. Жыраудың балалық шағы тек қана орыс озбырлығы емес, Қоқан тепкісін де көрген жүрегі қаяулы қалың жұрттың арасында өтті. Басқыншылармен арыстандай алысқан Сұраншы бастаған қазақ батырларын Жамбыл көзбен көрді. Отансүйгіштік, күрескерлік, ұлт азаттық ұрандарын өз құлағымен естіді. Ол ұрандар жырға айналып, халықтың жігерін жанып, жүрек­терде отаншылдық отын жақты. Кешегі бала Жамбыл енді күрескер дана Жамбылға айналды. Оны “Сұраншы батырдағы” мына жыр жолдарынан оқимыз. Жетісуды басып алған Қоқан ханы Құдиярдың 20 мың әскеріне небәрі 300 сар­базбен қарсы шыққан Сұраншының майдан алдында жігіттерге жігер беріп айтқан сөзі:

Батыр туған жігітке
Шабатын жаудың көбі жоқ.
Суырып қылыш ат қойсаң
Қарсы тұрар бірі жоқ.
Еңкілдеген шал анау,
Шырылдаған бала анау.
Қуыршақ болған жауыңа
Келіншек пен қыз анау.
Көзім тірі тұрғанда
Қорлыққа қалай көнейін?!
Жауым көп деп жасқансаң
Сендерді дос демеймін.
Қашар болсаң қырамын,
Кетпейсің тірі біреуің.
Ел үшін жанды қимасаң
Ер деп қалай сенейін.
Ақ сүт берген анам – ел!
Үлгі берген атам ел.
Халық үшін мен лақ,
Жау қолында өлейін.

“Жау қолында өлейін” дейді Жамбыл. Батырдың да, ақынның да сөзі осы. Оны тыңдап отырған қарақұрым халықтың да сөзі осы. Жырау тек қана жыр жырлап отырған жоқ. Ұстаның болат балқытар гүмпілдеген көрігіне айналып отыр. Сол көрігін, жыр көрігін гүмпілдетіп, ұста ұстаз ертеңгі ел қорғайтын жас ұрпақты шыңдап отыр. Ал, біз болсақ, бұл мысалдан ұлт рухын шыңдайтын ұстахананы көріп отырмыз. Ұстасы – жырау. Осы ұстаханада замандар бойы үзіліссіз, ұлт рухы шыңдалыпты. Жырау алдынан жас та, кәрі де намыс жігері жанылып, жау көрсе жолбарыстай атылуға дайын отан қорғаушылар шығыпты. Ездер ер болуға ұмтылып, ерлер арыстандай азуын айға білепті. Осылайша, бұл ұстаханада қазақтың ел мен жер дегенде өре түрегелер өршіл рухы шыңдалыпты. Ол ұстахананың маңдай тері сорғалап балға ұстаған ұстасы – жырау, ұлттық рухтың ұстазы.

Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екенбіз.
Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екенбіз!

— деп арындаған Ақтамберді жырау қартайып, өлер шағында “Бар арманым айтайын, батырларша жорықта, өлмедім оқтан қайтейін!” деп аһ ұрған. Жыраулар мұрасына қалай көз жүгіртсеңіз де бұрқ-сарқ қайнаған батырлық рухқа кездесесіз.

Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда...
Күмбір күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда...
Алты құлаш ақ найза,
Ұсынып шаншар күн қайда...

Бұл Доспанбет жыраудың арманы. Ерлік пен елдік жыраулардың төбеге көтерер туы болыпты. Тыңдаған құлақты ұйытқан жыраулар, қазіргі тілмен айтқанда, халық идеологтары болыпты. Сондықтан да Бірінші Дүниежүзілік соғыс тұсында Ақ патша Мекалайдың жергілікті әкімдері Алматыға ақындарды жинап, патша саясатын жырлаңдар деп қолқа салады. Сол жиында болған Жамбыл:

“Үгіт айтып, патшаны мақта” деді,
“Болып жатқан соғысты жақта” деді.
“Одан басқа жырыңды айтпа” деді – деп мәлімет береді .

Жамбыл Мекалайды мақтамақ тұрмақ, оған қарсы көтерілген 16 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын қолдап кеткен. Ел басына күн туған алмағайып тұста халқымен бірге болған. Отан қорғау тақырыбы Әке ретінде жүрегі сүйікті ұлы Алғадайдың екінші Дүниежүзілік соғысқа аттануына қарсы болса да, Жамбыл жырау ретінде ол баласының батырларша жауға аттануын қолдаған. Оған мына сөздері куә.

Атаңнан бата ал, балам,
Арғымақ атқа мін, балам,
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.

Ел қорғаған ерлерді ғұмыр бойы жырлап келген абыз ақын ел қорғаудан қасиетті ештеме жоқ екенін білетін ежелгі жыраулық дәстүрді аттай алмаған. Алайда, болашақты болжайтын кәрі абыздың жүрегі бір жаманатты сезсе керек. “Сталинге сәлем айт, Алғадайымды қайтарсын!” деп сол кездегі Қазақстан басшысының алдына барады. “Жәке-ау, Сталин маған “Менің де балам соғыста жүр ғой!” десе, не болдым!” деп ол шарасыздық танытады. Жырдың алыбы болса да сол кездегі қатаң сталиндік саясатқа сөзін өткізе алмаған Жәкең ауылға жабығып қайтады.

Ақыры, кәрі жүректің күдігі шындыққа айналып, майданнан “Алғадайдан айырылдық!” деген қаралы хабар келеді. Жүзге таяған шағында абыз Жәкең ботасы өлген аруанадай боздап қалады.

Мінген атым сұр бөрте,
Алғадайды алдың еп-ерте.
Мен жыламай кім жылайды,
Жал-құйрығым кеп-келте.
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба?

Алғадайдан айырылу абызды титықтатып кетеді. Араға жыл салып өмірден өзі де өтеді. Киіз үйде өмірге келіп, өмірінің денін киіз үйде өткізген ұлы абыз сол түні ауладағы киіз үйінде түнейді. Таң ата аяқ жақ тұсында жатқан пірі – қызыл жолбарысты көреді. Қызыл жолбарыс орнынан тұрып, ашық тұрған есіктен шығып кетеді. Жамбыл үш рет айғайлайды, бірақ жолбарыс қайтпайды, Алатауға өрмелеп кете барады. Жүрегі қалтыраған ақын ата бұны өзінше жориды. Бес уақыт намазын қаза қылмаған ұлы ақын дереу кәлимасын қайырып, дұға оқиды. Ағайын жұртт

123
скачать работу

Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп(Жамбыл)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ