Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп(Жамбыл)

ы шақырып, әлгінде ғана қызыл жолбарыстың бұны тастап кеткенін айтады. Жарық дүниемен қоштасар күні таяғанын жариялайды. Босаңсыған келін-кепшікке басу айтады. Сүйегімді осы киіз үй тұрған аулаға қоярсыздар деп өсиет етеді. Араға аз ғана күн салып, алыптың тоқсан тоғыз жыл соққан жүрегі мәңгілік тыншым табады.

Тарихтың бұл тұсы, Жамбылдың дүниеден өткен тұсы, өткен ғасырдың алғашқы жартысы Еуразия даласында әлімсақтан өркен жайып келе жатқан көшпелілер өркениетінің де тарих сахнасынан көшіп жатқан тұсы еді. Ұлы далада әлімсақтан сәні бұзылмай, тырнадай тізілген көшпелілер көші отызыншы жылдарда орын алған озбырлықтан ойраны шығып жатты. Ол тұрмыспен бірге сол мәдениеттің жыраулық тәрізді төлтума өнері де тұншықтырылды. Қудаланды. Немесе олар жырлап келген дастандарға тыйым салынды. Сөйтіп, ауыз әдебиетінің соңғы дүл­дүлі Жамбылмен бірге көз жетпес көне дәуірден өткен ғасырға дейін жеткен көшпелі өркениеттің ұлы өнері — ауыз әдебиеті де тарих сахнасынан көшті.

Тоталитарлық жүйе жыраулық өнерге қанша теріс қарағанымен, ол өнер тып-типыл тіл тартып кете қоймады. Халық жадында сақталды. Немесе бүгінгі күнге кешегі дүлдүлдер дүбірінің жаңғырығы болып жетті. Тәуелсіздік таңымен бірге жыраулық өнер де қайта жандана бастады. Алайда, бұл өнердің болашағы ойлантады. “Елу жылда ел жаңа” демекші, тыңдаушы құлақ өзгеріп кеткен еді. Өйткені, жыраулық өнер тұншықтырылған соңғы жарты ғасырда өмірге жаңа ұрпақ, жас ұрпақ келді. Бұл өнер үнін құлағы шалмаған ұрпақ келді. Жыраулардың алдын көрмей өскен ұр­пақ, өкінішке орай, ұлттың кешегі өткен ұлы эпикалық рухынан сусындай алмай өскен ұрпақ. Сол сескентеді. Ұлы дала рухын, сол даланың өзіндей дархан қазақ рухын, көшпелілердің ерлікке толы эпикалық болмысын жырау өнеріндей бере алатын өзге өнер кем де кем. Ұлттық рухтың атамзаманнан келе жатқан алтын тінінің ұшы жыраулық өнерде. Содан айырылып қаламыз ба деген күдік мазалайды.

Жыл сайын ақпан айында жыр дүлдүлі өмірге келген күні Жамбыл мұражайына жиналамыз. Ауыз әдебиеті алыбының рухына тағзым етеміз. Жамбылға тағзым, сондай-ақ, “ауыз әдебиеті” атты алыпқа тағзым еді. Кешегі күнге дейін алашты алаш еткен, қазақты қазақ еткен қайталанбас ұлан-ғайыр ұлы өнерге тағзым еді.

Авторы: Смағұл ЕЛУБАЙ.

123
скачать работу

Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп(Жамбыл)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ