Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Егемен Қазақстан

пу­татты мазалайды. Өйткені, мұнда жылына 25 мыңдай турист келеді екен. Ал сол қонақтар келгенде не көреді? Тек сұлу табиғатты ғана. Жайлы қонақ үйі жоқ, инфрақұрылымы жоқ. Ал жол азабы қандай? 293 шақырым жол ойқы-шойқы. Бұл неге Туризм және спорт министрлігін ойлантпайды?

Шарынның жырын айтқанда Тұраш-Тұрарбек тамсана да, таңырқай да, сынай да біледі. Бірі – Америкада, бірі – Қазақстанда ғана бар Шарын шатқалының ғажайыптары, шетен ағашының көз тартар сұлулығы мен ән салатын шағылдарының тылсым дара­лығы неге ұмыт қалады?

Алматы облысының Нарынқол ауданын­да 55 елді мекеннің 33-інде ғана су құбыры бар. Ал қалған 22 елді мекеннің тұрғын­дары ашық су көздерінің суын пайдаланады.

Оңтүстік астана – Алматының сейсми­калық қауіпсіздігін күшейту, метро құрылы­сын қаржыландыру, лифтілердің техникалық жай-күйі сын көтермейтіні туралы сауалы көзден де, көңілден де кетпейді.

Бұл депутаттық сауалдардың көпшілігі Үкі­мет тарапынан қолдау тапты. Жол карта­сы бағдарламасы бойынша әлеуметтік мәні бар мәселелер 2012-2013 жылдардың бюджеттік бағдарламаларына кірді. Сондықтан да Т.Асанов әріптестері ортасында сыйлы, Үкіметте құрметті, сайлаушыларға сенімді.

Кейде сайлаушылармен топ-топ болып аймақтарға шығып жатамыз. Сондай кезде­су­дің бірі Алматы облысының орталығы – Тал­ды­қорған қаласында өтті. Түс әлетінде облыс әкімі, ұлтжанды, бетінен иманы төгіліп тұра­тын Серік Үмбетовпен кездестік. Көрген-біл­генімізді айттық. Сайлаушылар ұсыныстары туралы ақпарат бердік. Біз бұрын­нан Алматы облысынан сайланған депутаттар едік.

Тұраш-Тұрарбек Алматы облысына сайлаушылармен кездесуге бізбен бірге келген. Сонда ол:

– Серік Әбікенұлы, бүкіл еңбек өтілім Алматыда өткенімен, жарық дүниеге келген жерім Нарынқол ғой. Ұмытпағайсыз. Мен осы облыстың жігіттері мен қыздарының есебінен шығып қалмайын, – деп керемет бір шадымен шуаққа кенелтіп еді.

– Тұраш-ау, Хан Тәңірінің нар ұлын неге ұмытайын. Өз ауылың, өз жерің. Көп еңбек сіңірдің. Бабаларыңның рухы желеп-жебеп жүрсін, – деп әкім де құшақ жая құрметтеген.

…Тұраш-Тұрарбек қазір ардақты әке ғана емес, қастерлі ата. Үш ұл, бір қызынан 11 немере сүйіп отыр. Қазір ұшақпен ұшудан да жүрексінбейді.

Алпысына алқынбай жетіп, өмір өткел­дері­нен аптықпай өтіп келе жатқан Тұраш-Тұ­рар­бек, бір сөзбен айтқанда, Азамат адам!

Уәлихан ҚАЛИЖАН, Мәжіліс депутаты.

12
скачать работу

Егемен Қазақстан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ