Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Егемен Қазақстан



 Другие рефераты
ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ Қазақстан – менің тағдырым Ердің бақытын келтіретін де, кетіретін де – әйел Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат

Әріптес туралы алты ауыз сөз

Оның азан шақырып қойылған аты – Тұрарбек. Бірақ Тұраш деген есім оның жас кезінен бастап бірге қосарланып, жанама аты­на айналып кетті. Сондықтан да мен де оны бірде Тұраш, бірде Тұрарбек деп айта бе­ре­мін. Және Тұрарбек Асановты өте көп­тен білемін, әрі көптен сыйласпын. Медеу шатқалындағы әке шаңырағындағы үйінде де болғанмын. Өйткені, ол – әке аманатын жүрегіне тоқыған, Хан Тәңірінің етегінде кіндік қаны тамған, Тұмағаң айтқандай «тауға қарап өскен» ұл.

Тұраш-Тұрарбекпен әңгімелесе қалсаң, салып ұрып, Хан Тәңірі, Лабасы тауы, Кеген мен Нарынқол, Шұбартал, Көмірші, Қарасаз, Шалкөде туралы керемет бір толғанысқа енеді. Сырт келбетіне қарасаң, тау қозғалса орнынан қозғалмайтын мінезі бар. Асып-тасып, күйіп-жанып жүргенін де көп байқай бермейсің. Ал бірақ әңгіме ауаны ел мен жер­ге ауысар болса, Тұраш балаша масат­та­на­ды. Бейнебір сол туған жер баурайында тұрғандай, көңілде жазылып қалған суреттерді жүрек елегінен суырады.

Сонан соң Жетісудің дүлдүл ақыны Ілияс Жансүгіров өлеңдерінен өрнек тоқиды.

Былшықай, Бесжырғалаң, Түптің түрі,

Қатықтың жаланбаған тегешіндей.

Қарқара жарасымды жазық жайлау,

Үй-күлше, құрттың жайған өресіндей.

Сүті ағып сорғалаған Үшқарқара,

Қорғасын қорып төстен келетіндей.

…Телміртіп Текес аса ай туады,

Тайыншаның тарғыл ала зересіндей.

Иә, Тұраш-Тұрарбек мұндайда нұрланып кетеді. Жүзі албырттанып, өңі жасарғандай болады. Кеңдік пен өрлік, салмақтылық пен пайымдылық ұштасып, онсыз да қадір тұта­тын замандас бауырыңның бейнесі бұрын­ғы­дан да өсіп, биіктеп кетеді.

…Парламент асханасында жалғыз дөңге­лек үстел бар. Әдетте ол жерде Тұрарбек пен Ермұханбет Омаров, Камал Бұрханов тамақ­танады. Біз Рамазан Сәрпеков екеуміз осы үстелге жиі қонақ боламыз. Өйткені, оның өзіндік сыры бар. Егер манты жегің келсе, Тұраш-Тұрарбекке құлақдар, етсең болғаны. Қалаған күніңе мантыны пісіртіп, күтіп отырады. Әзіл-қалжыңдасып отырған тамақ та сіңімді, көңіл-күй де көтеріңкі.

Ал асханада Тұраш болмай қалса, әңгіме­нің қисыны кетіп, тамақ көңілсіздеу ішіледі.

…Бірде үстел басында әріптесім Ер­мұ­хан­­бет Омаров жалғыз отыр. Қасына келіп жайғастым.

– Тұраш қайда?

– Үйіне, баласына тамақ беруге кетті.

– Баласы кішкентай ма?

– Жоқ, ә. 35-те.

Иә, Тұраш өте балажан. Сөйтсек, ұлы Ас­танаға қызметке жаңа ауысып келіпті. Енді сол ұлы қалаға үйренгенше өзі түстендірмек.

Жарасымды, жылы, жанға шуақ құяр сәт еді бұл…

Тұраш-Тұрарбек – бір отбасының жалғы­зы. Сағындырып, зарықтырып дүниеге келген. Сон­дықтан да әкесі Мәжіл мен анасы Ау­хан дү­ниеге келген ұлды қазақтың ескі әдет-ғұрпымен әжелері Балажанның бауырына салады.

Тұраш айтады: …Әжем таңға жуық түс кө­ріп­ті. «Неғып жатырсыңдар, есікті ашың­дар! Үйге бала келді ғой. Тұр, аш!» – дей берсе керек. …Мені бала кезімде елдің бәрі Тұ­раш деп атайтын. Яғни, Тұраш – менің екі­н­ші атым. Барлық құжаттарыма Тұрарбек деп жазылады.

Иә, Балажан әже Нарынқол өңіріндегі емшілік, көріпкелдік қасиетімен әз-ана аталып, бертін келе Баба деген ат алған қасиеті мол, ескі аңыз-жырларды, ертегілерді, хиссалар­ды Тұрашының құлағына құйып өсірген, ұлт­тық тәрбиені бойына сіңірген ғажайып жан еді.

Тұраш-Тұрарбектің бойындағы поэзияға құмарлық, табиғатқа іңкәр көзбен қарау, дала мен құстың сұлулығына сүйсіну секілді қа­сиеттер сол әже тәрбиесімен орныққан. Бі­рақ әкесі Мәжілдің 9 кластық білімі болса да физика, математика, химия пәндерінен мық­ты­лығы арқасында сол пәндерді жақсы игерді. Сан тарап жол, сан соқпақ жол жатты.

Дегенмен, алғашқы құмарлық Тұраш-Тұ­рар­бекті ҚазМУ-дің филология факультетіне әкелді. Бірақ жолы болмады. Тамыр-таныс­тықтан құра­ла­қан ол талабы мұқалып, ауылға қайтты. Трак­торшылар курсына түсті. Жұмыс істеді. 1970 жылы қазақ политехникалық инс­ти­тутының металлургия факультетінің студенті атанды.

…Сол студенттік жылдардың бір санадан өшпес суреті бар. Бірде өндірістік практикадан Өскемен қаласынан Алматыға ұшады. Ойында ештеңе жоқ. Алаң­сыз. Самолет терезесінен сұлу Алматы­ның көркіне сүй­сіне көз салады. Ал қа­сын­да отырған ев­рей ақсақалдың бей­­­несі көз алдында. Әл­де­бір таблетка­лар­ды ті­лі­нің астына са­лып, әбігер болып отыр.

– Не болды, сізге? Мазаңыз болмай отыр ғой…

– Әй, бала, көрмеймісің. Алматының үстін екі рет айнала ұштық. Қона алмай жүрміз ғой…

Еш қаперсіз отырған Тұраштың бойын үрей билейді. «Бір шаңырақтың жалғызы емес пе едім? Шынымен, осымен тұқымымыз тұздай жойылар ма екен?» Мың ой, мың сауал. Самолет әуежайға қонады. Еш пәлекет жоқ. Құстарды қуып жүріпті.

Хош. Тұраш студенттік жылдары Шәйзада қызбен танысып, шаңырақ көтерді. Өмірдің үлкен жолы тосып тұр еді. Сол сыннан мүдірмей өткізетін адами қасиет пен кәсіби маман болу ғой. Металлургия министрлігінің арнайы конструкторлық бюросында инженерліктен басталған жол оны Алматы ауыр мәшине жасау зауытының шойын қорыту цехына инженер-технологтық қызметіне алып келді. 5 мың адам жұмыс істейтін ірі зауытта қазақ­тардың үлес салмағы тым аз еді. Сондықтан да жас коммунист ретінде ұлттық кадрларды тәрбиелеу мәселесі туралы өз ойын партия жиылыстарында ашық айтатын.

Бір күні… Иә, бір күні адамның тағдырын­да оның болмысын күрт өзгертіп, басқа арнаға салып жіберетін кездейсоқ сәт болады. Тұрар­бек Аса­нов­­тың Алматы ауыр мәшине жасау зауы­тының активінде сөйлеген сөзі, сол жиын­ға қатысқан бүгінгі қыздар университетінің рек­торы, сол кездегі Совет аудандық партия коми­тетінің бірінші хатшысы Шәмша Беркім­баева­ның көзіне түспегенде, ол саясатқа бірден келер ме еді? Жақсы адамдардың өмірде болғаны қан­дай жақсы. Тұраш аудандық партия комитетінің өнеркәсіп-транспорт бөліміне нұсқаушылық қызметке шақырылып, үш жылда тісқаққан партия қызметкері болып шыға келді. Ш.Беркімбаева қызмет бабымен өсіп кетті.

Тұраш-Тұрарбек өзімен қызметтес болған, өзіне басшы болған адамдардың бойындағы жақсы қасиеттерді айтып жүреді. Біреулер құ­сап күл шашпайды. Өзінің жүрегіне сақталған сәттерді боямасыз ашық айтады. Мәселен, З.Нұрқаділов «Деньгами любой дурак может работать. Сможете ли без денег что-нибудь сделать», деп жиі айтатын деп еске алады.

Одан кейін Алматы қаласының әкімдігіне Шалбай Құлмаханов тағайындалды. «Бұл азаматтың да іскерлік қабілеті бір басына жетіп артылатын». Ол Алматы ауданына әкімдік­ке шақырған екен. Бұл 1997 жыл еді.

Желмая уақыт көз ілеспей өтіп барады. Кезінде Т.Асанов Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі бол­ды. Көп кездесулерде үнсіз қалмай, ел мен жер тағ­дыры туралы әңгіме қозғады. Елбасы саясатын Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде сайлау­шылармен кездесуге барған сайын, өзі куә болған сәттерді кірістіре айтып баяндайды. Бұл сайлау­шыны ойлантады, жүрегіне жол ашады.

Тұрарбектің азаматтық қырының бірі оның па­­ра­саттылығы мен кішілігінде, кісілігінде жатыр.

…Медеу ауданының әкімі болып жаңа бекіді. Ең алдымен әкім ретінде телефон құлағын көтеріп, елдің абыройы мен абзал ағасына айналған Д.А.Қонаевқа телефон шалды.

– Ассаламағалейкум, Димаш аға! – Мен Тұрарбек Асанов деген ініңізбін. Бүгін осы ауданға әкім ретінде қызметіме кірісіп отырмын. Сізге сәлем берейін деп едім…

– Қашан келгің келеді, айналайын…

– Қазір барсам ба деп тұр едім.

– Келе ғой…

Абыз аға кішілік танытқан інісіне риза болды. Батасын берді. Өмірдің биігін де, күйі­гін де көрген асыл аға өзінің әдеттегі ба­йыпты, салмақты сөзін айтқан. «Тұрарбек, біріншіден, алдыңа келген адамға қолыңнан келмейтін іс болса, «шешемін, көрермін», деп айтпа. Олай десең, адамдар сен бір­деңе дәметіп тұр деп ойлап қалады. Сондықтан ол істі шеше алмайты­ның­д­ы бірден айт. Ал егер қолыңда тұр­ған, «шеше алатын ісің болса, ертеңге қалдырма».

Аталы сөз – баталы. Димаш аға дү­н­иеден өткенше Тұраш-Тұрарбек ол кісі­мен хабарласып, мерекелерде құт­тық­тап, әртүрлі жиын-шараларға ша­қы­рып жүрді. «Кім қалай қарайды, кім қалай ойлайды» деп жалтақтаған жоқ. Бұл азаматқа тән қасиеттілік емес пе?!

Иә, депутат ретінде де Т.Асанов ха­лық сенімінен шығып, абырой биігінен көрініп жүр. Ол заңдардың жоба­сын тал­қылауға белсене араласады. Бір коми­тет­тің мүшесі ретінде қаржы, бюджет мә­се­лесі болғанда біз ығысып, Т.Асановқа жол береміз. Өйткені, ол білікті маман, әр цифр­ға дәйек­теп қарайды. Әрқайсы­мыз ұсынған өзге­ріс­тер мен толықтыруларды өз ұсынысын­дай қорғайды. Сонымен бірге, Үкіметке, құзыр­лы мекемелерге, ел мен жер мәселелеріне, таби­ғат­тың қорғалуы жөнінде депутаттық сауал жол­дап, халық аманатын орындайды. Солар­дың өзекті-өзекті дегендерін атап өткім келеді:

«Алматы облысының Жалаңаш-Саты-Күрметі-Көлсай бағытындағы республика­лық маңызы бар автокөлік жолы жауыр ат­тың жонындай шұрқ тесік болып жамап-жас­қауға келмейтінін, 31 жылдан бері күр­делі жөндеу көрмегенін неге ешкім көр­мей­ді». Жол бойында тұратын халықтың мұң-зарын Үкімет алдына осылай қойған-ды.

Атақты Көлсайдың жай-күйі де де

12
скачать работу


 Другие рефераты
Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қатынастар
Проблема эмоциональных состояний в психологии
Тәуелсіз елдер: әріптестік әлеуеті
Нитраты, природа и человек


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ