Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты



 Другие рефераты
Қазақстанның ежелгі қалалары Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан-2030 стратегиясы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Дәріс мақсаты;  Егеменді Қазақстанның мәдени саясатымен таныстыру

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

  1. Қазақстандағы модернизация үрдістері. Мәдени саясат үлгілері.
  2. Ұлттық идеяны қалыптастыру — Қазақстан қоғамының басты қажеттілігі.
  3. Мәдени саясаттың басты принциптері — Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауынан

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Саяси салада күшті президенттік республика құруға кейінірек парламенттік билікке реформа жасап, маман жоғарғы Кеңес құруға бағыт ұсталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы              3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қоры нық, халықаралық реконструкция және даму банкісінің дүниежүзілік банктің, халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынын мүшесі болды және басқа бәрсыпыра ұйымдарға кірді. Біздің мемлекетімізді жүзден аса ел таныды, олардың көбімен елшілік және өкілеттілік дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қоғамның барлық әлеуметтік топтарының консолидациялануы белгілі бір бірікктіруші идеяны қажет етеді. Бүгінгі мәдениеттанымдық және қоғамдық-саяси ой Қазақстандық қоғамның ментальдығы мен ұлттық идеяны байланыстырушы универсалды және жалпы сипаттағы еуразияшылдық принципін ұсынады. Еуразиялық Одақ идеясының тууы мен оның мазмұны, толғаныстары мен өзектілігі Н. Назарбаевтың әр түрлі мінбелерде айтылған сөздері мен оқыған баяндамаларында сөз болды.

1937 жылғы қуғын-сүргіннің алпыс жылдығына байланыстыра отырып, 1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланы ел үшін де, халық үшін де ауадай қажет шешім болғандықтан барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болды. 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп аталуы саясаттың жалғасы болды. Төл тарихты тану арқылы Қазақстан халықтарының береке-бірлігін, ынтымағы мен жарастығын, достығы мен туыстастығын одан әрі нығайту мақсат етілді. Әлеуметтік ахуалды ішкі саяси тұрақтылық пен азаматтық татулықты сақтау барысында «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануының аса саяси мағыналық астарымен қатар үлкен символикалық мәні де болды. Қазақстандықтардың тұтастығын мақсат ете отырып, өткен тарихтың тағылымдарын терең ұғынып, оның өміршең дәстүрлерін өрнекті түрде жалғастыра білу шынайы ұрпақтар сабақтастығы бар жерде ғана мұратына жете алады.

Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет саласына ерекше мән беріледі. Елбасы Н. Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауында жиырма жетінші бағытында былай делінген. Біріншіден, «Мәдени мұра» бағдарламасының жүргізілген жұмысты жаллғастыра отырып, «Қазақстан халықтарының Рухани Даму Қорын» құру туралы мәселені жете зерделеу керек.  Қор тұрақты мониторинг жүргізіп, мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктердің көмегімен және тиісті қоғамдық ұйымдарды қатыстыру арқылы біздің халықтарымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамытуды қолдап отыруға тиіс. Қорды басқару корпоративтік басқару қағидаттарының негізінде жүргізілуге тиіс. Екіншіден, «тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланылатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс.

2008 жылдың 6 ақпанында мемлекет басшысы Н. Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі  Жолдауын жария етті. Елбасы өз сөзін менің жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсаттарға жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді деп бастады. Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен         30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан «Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту» жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.

Елбасының Жолдауында әлеуметтік салаға үлкен мән берілген және оқу- білім, кәсіптік білім берудің маңыздылығы да айтылды. Елімізге шын мәнінд білікті орта буын мамандары өте қажет. Сол себептен гуманитарлық саладағы мамандар даярлайтын оқу орындарын қайта қарап, олардың біршамасын өндірісте қажетті мамандар дайындайтын оқу орындарына айналдырса, сонда жұмыс іздеген қаншама адамның проблемалары шешілер еді.

скачать работу


 Другие рефераты
Педагогические категории и понятия
Кое-что о цвето-звуковых ассоциациях
Загадочная тайна Янтарной комнаты
Легкая промышленность


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ