Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономика – елдік тұғыры

келе жатқан елдердің қатарын­да. Бізбен қатарлас Ресей, біздің артымызда Әзірбайжан, Украина, Грузия, Армения, өте артта Түркі­мен­стан (87-ші орын), Өзбекстан (102-ші орын), Қырғызстан (109), Тәжікстан (112-ші орын). Осы көрсеткіштердің негізінде Қазақ­стан адами капиталды өсіруде айтарлықтай жетістіктерге жетті деуімізге толық негіз бар. Дегенмен, біздің алдымызда адами дамуды өз елдерінде өте жоғары деңгейге көтерген 42 мемлекет бар. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім оларда 20 мыңнан 55 мың доллар деңгейінде, туған кезден күтулі өмір ұзақтығы бірінші орын­дағы Норвегияда 81 жас болса, 42-ші орындағы Барбадоста – 77,7 жас. Біз осындай елдердің қата­рына жетуді мақсат еттік, сондықтан адами, аза­мат­тық тұлғаны бұдан да биік сомдау үшін бола­шақта тегеуірінді іс-шаралар жасауымыз керек.

ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫМЕН

«Мен биылғы Жолдауда әлеуметтік жаңғыр­ту мәселелеріне ерекше назар аударып тұрмын – деді Президент. – Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды – білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім. Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып қағидатты түрде жаңа бағдарламаларды, яғни жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаң­ғыр­ту; халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын жасап, қабылдауды тапсырам­ын… Олар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады» деп атап көрсетті Президент. Осы шаралардың толық орындалуы орташа таптың жақсы деңгейде қалыптасуына әкелері сөзсіз.

Дамыған елдерде байлар мен кедейлер жігімен салыстырғанда орташа таптың үлесі өсіп келеді. Мысалы, АҚШ-та орташа таптың табы­сының үлесі он жыл ішінде (1999-2008 жж.) 38 пайыздан 44 пайызға дейін өскен. Бізде мұндай өзгеріс аса байқалмайды. Байлар мен кедейдің арасы алшақ. Әлеуметтік сала мамандары қоғам­дағы халықты табысы жағынан әрқайсы­сы 20 пайыздан бес топқа жіктейді. Қазақстанда ең аз табысы бар бірінші топтың үлесі 2001-2009 жыл­дары 7,3%-дан 9,7% дейін өскен. Ал ең үлкен табысы бар бесінші топтың үлесі 41,9%-дан 37,0% төмендеген. Байлар елімізде сан жағынан аз болғанымен, қоғамдағы орны үлкен, саясатқа, экономикаға ықпалы зор. Сон­дықтан да біздің қо­ғамнан кейбір жағдайда олигархиялық капи­та­лизмнің бет-пердесі көрі­ніп қалады. Ойласатын, табанды түрде түзетуді керек ететін жағдай.

Алдағы уақытта ерекше көңіл бөлетін мә­селелердің бірі, тіпті бірегейі – ауыл эконо­микасы. Еңбек өнімділігі, өмір сапасы төмен осы сала. Жаппай жекешелендіру барысында өз ор­нын тапқан шаруа қожалықтары бар, бірақ олар өте аз. Фермерлік шаруашылық жүйесі Қазақ­стан жағдайында ауыл шаруашылығының тиімділігін көтеріп, оның экспорттық әлеуетін өсіру мүмкіндігі төмен екендігін көрсетті. Біріншіден, ғасырлар бойы шағын ауыл, үлкенді-кішілі ұжым болып бірігіп істейтін жұмысқа үйренген ауыл азаматтарының көбі біздегі на­рық әлемінде өз орнын әлі таба алмай отыр. Екіншіден, әрбір фермерді керек техника, технологиялармен жасақтау үшін 200-300 мың доллар қаржы керек, оларда ондай қаржы жоқ. Үшіншіден, бұрынғы колхоз, совхоз орталық­та­рынан ең болмаса 25-30 шақырым қашықтықта жер телімін алып, ол жерде тұрақты жұмыс істеу үшін ол жерге үй салып, жол, электр желісін, байланыс жүйесін тарту керек. Қазақ са­ха­расында бұл әлі қолға алынбаған және орын­да­луына мүмкіндік жоқ шаруа. Төртіншіден, мемлекет тарапынан осы салаға демеу әлі қомақты емес, ол басқа елдермен салыс­тырғанда еселеп төмен. Бесіншіден, әртүрлі өңдеуші, басқа да кәсіпорындар ауылға келмей отыр. Нәтижесінде ауылда, әсіресе жастардың арасында жұмыс­сыз­дық бар. Алтыншыдан, бұ­рын­ғы кеңес зама­нын­дағы ауылды жоғары және орта дәрежедегі кәсіби білімі бар мамандармен қамтамасыз ету жүйесі жойылып, оның орнына тиянақты жүйе әлі жасалған жоқ.

Осылардың салдарынан біздегі ауыл эконо­микасының бәсекеге қабілеттілігі төмен. Бұл жағдайды түзету үшін үш жолдың маңызы бар дер едім. Біріншіден, жаңа, озық техникалар негізінде көкөніс өндіретін, мал бордақылайтын, ауылшаруашылық өнімін терең өндейтін кәсіп­орындар салына бастады, осы бағытты табанды түрде дамыту керек. Екінші, біршама жеке шаруашылықтар бой түзей бастады, оларды демеу керек. Үшінші, алғашқы екі бағытқа кірмеген шаруа қожалықтарының басын біріктіріп, оларды өндірістік кооперативтерге, ел есінде қалған колхоздарға айналдыру керек. Өміршең шаруашылық жүйесі осы колхоздарда жатыр.

«Өз өмірлерін ауылмен байланыстырғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеуге тиіс. Микронесиелеу бағдарламалары мен табиғи гранттарға қолже­тім­ділік көбейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үй­рету ұйымдастырылады. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұ­рын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады. 2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 млн. тонна бидай экспортына тең. Мемлекет бұл мақсатқа 130 млрд. теңгелік несие ресурстарын бөледі. Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мың­нан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне ай­налады» – деді Президент Жолдауында. Соны­мен қатар ауылдағы шағын кәсіпкерлерге үсті­міздегі жылы қосымша 3 млрд. теңге микронесие беру, ал 2012-2015 жылдары бұл қаржы­лан­дыруды 10-15 млрд. теңгеге дейін көбейт­у көзделген. Тағы бір ерекшелік, аталмыш микронесиелер толығымен шағын кәсіпкерлердің тек өз ісін ұйымдастыруға жұмсалуы тиіс.

Сонымен тәуелсіздіктің 20 жылдығының ал­ғашқы тоқсанын да артқа қалдырдық. Тәуелсіз­дік жылдары алған асуларымыз, шыққан белестеріміз айтарлықтай-ақ болды. Әлемде 185-ке жуық дербес ел, мемлекеттер бар. Егеменді­гі­міздің басында біз солардың артта қалған то­бында болмағанмен, соларға өте жақын едік. Тәуелсіздік тұсындағы 19 жыл ішінде елдіктің көптеген көрсеткіштерімен біз сол әлем ел­дерінің бел ортасынан орын алдық. Кейбір өте маңызды салалардың біздегі даму деңгейімен әлем елдерінің алдыңғы қатарына жақындадық. Президент атап көрсеткендей, халықтың әл-ауқаты деңгейі жөнінен 110 елдің ішінде 50-ші, бизнес қолайлылығы жағынан 183 елдің 59-шы, адам әлеуетінің даму индексі бойынша 169 елдің 66-шы орнына шықтық. Бұндай жетістіктерді мақтанышпен айтуға болады.

Дегенмен болашақта жасайтын іс-шаралар әлі ұлан-ғайыр. Алдыңғы елу елдің санатына қосылу, ел тұрмысын солардың деңгейіне жеткізу жолындағы барлық бағдарламаларды орын­дау табандылықты талап етеді. Мемлекетті­гі­міз­дің іргесін бекітіп, саяси, әлеуметтік, эконо­ми­калық даму тетіктерін тәуелсіздік жылдары жан-жақ­ты жасап алған Қазақстанға да жедел даму мүм­кіндігі туды. Осы мүмкіндікті жіберіп алмай, толығымен игеру болашақ­тың басты міндеті.

Мұндай міндеттің үдесінен шыға алаты­ны­мызды кешегі кемел сайлау тағы да келісті көр­сетіп берді. Мұн­дайлық біртұтастық таныт­қан елдің алар асулары да биік боларына күмән жоқ. Тек мына жайды – Тәуел­сіз­дік­тің, елдіктің тұ­ғыры эко­но­мика екенін ешқашан естен шығар­мауы­мыз керек.

Кенжеғали САҒАДИЕВ, академик.

Сәрсенбі, 20 Сәуір, 2011 «Егемен Қазақстан» газеті

http://www.parlam.kz/3/mazhilis/news-details/id46/7/1

Пред.6
скачать работу

Экономика – елдік тұғыры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ