Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономика – елдік тұғыры

екінші кезеңде ғана мемлекеттің эконо­ми­кадағы рөлі біртіндеп шектеле бастады. 1965-1985, яғни алғашқы 20 жыл ішінде Малайзия ішкі жалпы өнімі адам басына шаққанда 973 доллардан 2161 долларға, яғни 2,2 есе өсті. Осы жылдар өңдеуші саланың экспорт­тық үлесі жалпы экспорт көлеміне шаққанда 5,2%-дан 68,8%-ға дейін өсті. Туғаннан күтулі өмір ұзақтығы 57 жастан 68 жасқа дейін, яғни 11 жылға ұзарды.

Экономикалық тұрақтылық және оны ырық­тандыру Түркияда 1980 жылдан басталды. 1982 жылы қабылданған Түрік Республика­сының жаңа Конституциясы «аралас экономи­к­а», нарық жүйе­сіне көшуге жол ашты. 1983 жыл ел басшы­лығына Тұрғұт Озал келгеннен бастап «аралас экономика» моделінен бас тар­тып, толыққанды нарық экономикасына көшу саяса­ты басталды. 20 жыл ішінде (1980-2000 жж.) адам басына шақ­қан­да ІЖӨ аталмыш елде 2427 доллардан 4010 дол­лар­ға дейін, яғни 1,65 есе өсті. Осы жылдары өн­деуші сала экспор­тының үлесі 26,8%-дан 81,2%-ға дейін өсті. Өмір ұзақтығы 60-тан 69 жылға дейін өсті. Ішкі жалпы өнім көлемі жағынан Түркия елі қазір дүние жүзінде 15-ші орында.

Қазақстанда реформалар кезеңінде бір адам­ға шаққанда ІЖӨ 713 доллардан (1993 ж.) 9064 долларға (2010 ж.) дейін, яғни 12,0 есе өсті. Осыған сүйеніп Қазақстан экономикасының даму қарқыны салыстырмалы кезеңде Оңтүстік Корея­ның, Малайзияның, Түрік Республика­сы­ның, бас­қа да елдердің даму қарқы­ны­нан артық болды дей аламыз. Бірақ басқа көрсеткіштерден олардан артта екеніміз көрініп тұр. Туғаннан күткелі өмір ұзақтығы аталмыш елдерде 10 жыл, одан да көбірек өскен. Қазақ­станда болса осы көрсеткіш 1989 жылы 67,7 жас болса, биыл 68,6 жасқа жеткен, яғни ілгерілеу өте мардымсыз. Алдымыздағы он жылда өмір ұзақтығын 72 жасқа жеткіземіз деп жоба­ланып отыр, бірақ басқалармен салыс­тырсақ бұл да әлі аз, мемлекет тарапынан өмір сапа­сына, демографиялық жағ­дайға ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Қазіргі кезеңде экономикада жаңа даму ба­ғыттары енгізіле бастады. Өткен жылдың орт­а­сынан бастап Қазақстан Ресеймен, Белоруссиямен ортақ Кеден одағына кірді. 2012 жылдан бастап осы елдермен біртұтас экономикалық кеңістік жасау құжаттары жасалып жатыр. Ортақ кеден, ортақ экономикалық кеңістік әлем елдерінде бар тәжірибелер. Президент Жолдау­ын­да көрсетіл­ген­дей, Кеден одағы жұмысын бастаған өткен жылдың 10 айы ішінде Ресеймен және Беларусьпен сауда көлемі 38 пайызға, қазақстандық өн­ім­дердің аталмыш елдерге экспорты 52,4 пайызға, бюджеттегі кедендік баж 25 пайызға өскен.

Дегенмен біздің елімізге олар барынша тиімді болу үшін өз ішіміздегі өмір сапасын, эко­номиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін, еңбек өнімділігі деңгейін қазіргіден жоғары және қар­қынды түрде көтеруіміз керек. Өмір сапасы төмен болса кәсіби дайындығы жоғары жұмыс күші басқа елдерге (Ресей, Белорус­сияға) кетуі мүмкін. Бәсекеге қабілет­ті­лігің, еңбек өнім­ді­лігің төмен болса, сенің тауарың аталмыш елдерден сұраныс таппай, керісінше, ол елдерден шыққан өнімдер сенің рынок кеңістігіңді тол­ты­руы мүмкін.

Тағы бір тиянақты түрде назарда ұстайтын мәселе жоғарыда айтылған одақтастықтар ба­рысында еліміздің егемендігіне нұсқау келмеуі, оның шектелмеуі. Заманында Еуропа елдері басын біріктіре бастағанда француз ойшылы Жан Моне: «Тығыз одақтасудың тетіктерін жасау жолында мүмкіндігінше алысқа барыңдар. Бірақ тәуелсіздікке қол сұқпаңдар» деген екен. Осы тамаша қағиданы ғасырлар бойы аңсап, жақында ғана тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан да берік ұстауы керек.

ОРТАША ТАП ОЗДЫРАДЫ

Тәуелсіздігімізге 20 жыл дегенмен біз әлі өтпелі кезеңдеміз. Президент сөзімен айтсақ «біз әлі жол басында тұрмыз». Өтпелі кезең – басып өтпеуге немесе айналып өтуге болмай­тын тарих соқпағы. Осы кезеңде ойдағыдай шешіліп, болашақта жан-жақты дамыған елдің негізін қалайтын күрделі мәселелер бар. Соның бірі қазақ қоғамында орташа тапты қалып­тас­тыру. АҚШ, Ба­тыс Еуропа, Жапония, басқа да да­мы­ған ел­дердің тарихына үңілсек, аталмыш қағи­даның өмір­шеңдігіне көз жеткізу қиын емес: бұл елдердегі жаңару, жаңғыру, экономика саласын­дағы тұ­рақты даму мен белсенділік орташа таптың қалыптасуының арқасында мүмкін бол­ды. Әлем өркениетіне жету мақсатымен саяси-экономи­калық реформалар жүргізіп жатқан қай елдің болса да, оның ішінде Қазақстанның да, көздегені осы орташа тапты құру болмақ.

Өте байлар жігі мен өте кедейлер жігінің ортасындағы осы тап дамыған елдерде халық­тың 60 пайызға дейін үлесін алып, қоғамның негізгі бөлігі болып саналады. Бұлар өзінің кәсіби табысымен немесе еңбегіне алатын жалақы­сымен заман талабына сай өмір сапасын өзіне, отбасына қамтамасыз ете алатын адамдар. Соны­мен қатар заман талабына сай мінез-құлқы қалыптасқан, әлеуметтік және иннова­ция­лық белсенділігімен ерекшеленген тап. Азаматтық қоғамның негізін де солар құрайды.

Қазақстан қоғамының орташа табы әлі айтарлықтай құрылып болған жоқ, осы тұрғы­дан біз әлі даму үстіндеміз. Кейбір зерттеулерге сүйенсек, оның үлесі біздің елімізде 15 пайыз­дан аспайды екен. Орташа таптың ең көлемді бөлігі кәсіпкерлер, ең алдымен шағын және орта бизнес өкілдері болуы керек. Бұл елімізде айтарлықтай дами алмай отырған сала. Екі жыл бұрынғы дағдарыстың салдарынан шағын және орта бизнестің жағдайы төмендеп кетті. Олар бүгінгі таңда Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің тек отыз пайызына жуығын ғана береді, ал дамыған елдерде олардың үлесі 60 пайыз­дан асады. Қазақстандағы реформалардың қайшы­лы­ғы мен кемістігі осында дер едім. Бұл жағдай түзелмей орташа таптың қалыптасуы, жалпы нарық реформаларының біздерге керек заманауи келбеті жасалуы қиын.

Шағын және орта бизнестің дамуына мемлекет тарапынан әртүрлі (салықты жеңілдету, лицензия алуды шектеу, несие алуға көмектесу, т.б.) қолдау жасалынып жатыр. Дегенмен, осы салаға керек серпіліс пен белсенділік әлі байқалмайды. Тергеуші мен бақылаушы мекемелер осы саладағы кәсіпкерлерді жиі-жиі мазалап, қол-аяғын байлап тастағандай көрініс бар. Сонымен қатар мемлекеттік демеу де көлемі мен тегеуріні жағынан арттыра түсуді қажет етеді. Тек сауда, ұсақ-түйек жөндеу сала­лары болмаса, шағын және орта бизнестің жаңа технологиялар негізінде өңдеуші салалары өте шектеулі, инновациялық деңгейі төмен. Бүгін елімізде халықтың 32 пайызы өзін-өзі қамт­а­ма­сыз ететіндер. Олардың үштен екі бөлігіне жуығы ауылды жердегі шаруалар немесе шаруа қожалықтары. Тұрмыс деңгейі де, еңбек өнімді­лі­гі де төмен отбасылар. Егер көңіл бөлінбесе жұмыссыздар тобын көбейтетін де осылар. Президент Жолдауында айтылғандай, халық­тың осы бір көлемді бөлігіне мемлекет тарапы­нан демеу мен көмек ұйымдастыру қажет. Аг­рарлық салаға бөлінген несие көбінесе оларға жетпейді. Өзін-өзі қамтамасыз ететін азамат­тарға заманауи кәсіби білім беру ісі мардымсыз. Бүгінгі таңда олар үдемелі индус­триялық-инновация­лық даму бағдарламасын орындау ісіне жұмыл­дырылмай, тыс қалып отыр.

Орташа таптың қоғамдағы орнын анықтай­тын тағы бір үлкен бөлігін мамандар жалда­ма­лылар тобы деп атайды. Оған интеллектуалдық мамандық иелері (ғалымдар, кәсіби білімі жо­ғары инженерлер, менеджерлер, яғни ой еңбе­гінің өкілдері), орта буын мамандары (дәрігер­лер, мұғалімдер), бюджет және әлеуметтік қыз­мет көрсету салаларының қызметкерлері, та­ғы да басқа осыларға сәйкес мамандық­тар­дың иелері жатады. Елімізде кейбір мамандық өкіл­дері ғана болмаса (мысалы, банк қызмет­кер­­лері), өкінішке орай, қалғандары тапқан табы­сы, жалпы өмір сапасы жағынан орташа топтың құрамына қосылу талабына бүгінгі таңда сәйкес келіп отырған жоқ.

Кейбір әлеуметтік саладағы зерттеулерге сүй­енсек, біздің елімізде орташа топтың сана­тына жату үшін жоғарыда аталғандардың айлық тұ­рақ­ты орташа табысы жан басына шаққанда 2-2,5 мың доллар және 25-30 шаршы метр тұр­ғын үйі болу керек. Әрине мұндай тұрмыс дең­гейі бізде жоқ. Орташа топқа жату үшін әр ел аза­матының ең төменгі табысы 60-70 мың теңге­ден кем болмауы керек деген де зерттеу­шілердің пікірі айтылады. Орташа табыстың ең төменгі деңгейінен де біздер әлі алшақ жатырмыз.

Тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік салада көптеген ауқымды шаралар жасалды, нәтиже­сін­де тұрмыс деңгейі еселеп өсті. 2001-2009 жыл­да­ры елдегі халықтың (статистика бойынша үй шаруашылықтары) тұтыну тауарлары мен қыз­мет көрсету салаларына бір жылда жұмса­ған қар­жысы 2,06 трлн. теңгеден 8,42 трлн. теңгеге дейін, яғни 4 есе өсіпті. Осы жылдары халықтың атаулы (номинальный) ақшалай табысы жан басына шаққанда бір айда 7670 теңгеден 34736 теңгеге дейін, яғни 4,5 есе өсіпті. Тек соңғы жылдардың өзінде зейнетақы, әлеуметтік көмек, мемлекет қызметкерлерінің жалақысы 2-2,5 есе өсті. Бірақ, жоғарыда көрсеткеніміздей, бұлар әлі заман талабына сай емес. Сондықтан да жоға­рыда баяндалған 2010-2020 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағ­дар­лама­сын­дағы ел тұрмысына қатысты көрсет­кіштерді артығымен орындау керектігі сұранып тұр.

Орташа таптың тағы бір өлшемі – оның рухани деңгейі. Оны көтеру үшін біздегі адами капиталдың сапасын барынша дамытып, терең де сапалы білім беру жүйесін жасап, мамандар дайындау ісін әлемдік деңгейге көтеру, Қазақ­стан халқының социоэкономикалық мінез-құл­қын баянды түрде шыңдап, жаңалыққа, жаңа экономика, еңбекке деген белсенділігін, иннова­циялық қабілетін арттырудың маңызы зор. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2010 жылғы адам әлеуеті даму индексінің деректеріне сүйенсек Қазақ­стан әлемдегі 169 елдің ішінде осы көр­сет­кіш бойынша 66-шы орында, яғни жоғары деңгейде дамып

12345След.
скачать работу

Экономика – елдік тұғыры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ