Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы

йдін езінде де саяси экономия ғылымы XVIIғасырдың бірінші ширегінен — IПетрдәуірінен басталады. Саяси, экономия тарихын зерттеуге айтарлықтай, үлес қосқан тұңғыш орыс экономисі И. Т. Посошков болса, біздің топшылауымыз бойынша казақ елінде ондай адамдар — Шоқан мен Абай.

Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда заманында аты шыққан, кейін ғмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір есімдері жаңғыртылып жазба мұра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға катысқан қайраткерлердін экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.

Маркстік емес деген саяси экономияда XIXғасырдын соңы XXғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты,   олардың   бір   белігі   соңғы   уакытта   елеулі дамып,  кеңінен таныла бастады.  Соларда  XIXғасырдын екінші жартысында шекті пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржйнализм французша (тагёіпаі-шекті) теориясы   тұжырымдалды.   Маржинализм   теориясы — шаруашылық   қатынастарға   тартылған   жеке   субъектіні   (адамды) психология  тұрғысынан экономикалық талдау.  Осы  мек-тептің   екілдері — Менгер   (1840—1921),   Э.   Бем-Баверк (1851 — 1914),   В.   Визер   (1851 — 1926).   Ал "неоклассикалық" деп аталған экономикалық теорияның жаңа бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842—1924) шығармаларында тұжырымдалды. Онык басты еңбегі "Экономика   ғылымының   принциптері"    1890   жылы   жарықкөрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген  пайда  немесе  шекті  пайда  және  шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938)   шекті өнімділік және өндіріс факторларынық кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары   неғұрлым   өскен   сайын,   оның   өнімділігі   де кеми   бермек.   Сөйтіп   XIX—XX   ғасырларда   экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бұл мектебін қайраткерлррі рыноктык экономиканы сұраныс пен ұсыныстық негізінде тепе-тендікке жетуге   қабілетті   жүйе   ретінде   қарайды.   Дж.   Кейнстің (1883—1945) —1936    жылы    жарық    керген    "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы" еңбегінде бірқатар практикалык ұсыныстар жасалды. Кейнс Р. Канныңйнвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.

Экономикалық өсу моделін жасау үшін ол А. Афтальон мен Дж. Кларк ұсынған акселарация принципін қолданды. Экономикалық өсудін кейнстық үлгісі Р. Харрорд, А. Хаисен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері дамытылды. Осыған орай экономикалық тұжырымдама Василий Леонтьев  (1906) еңбектерінде жоғары бағаланды. Экономикалық өсу теориясы У. Ростоудың —"Экономикалық өсу сатылары", Р. Аронның —"Біртұтас индустриалды қоғам" және Д. Беллпосттың —"Индустриалдық қоғам" атты еңбектерінде қарастырылды.

Батыстағы қазіргі экономикалық ой-пікірдің белгілі өкілі — Дж. Гэлбрейт (1908 ж.). Оның орыс тіліне аударылган "Жаңа индустриалды қоғам" (М., 1969), "Экономикалық теориялар және қоғамныңмақсатьг" (М., 1976) және "Капитализм, социализм, катар өмір сүру" атты кітаптары (М., 1988), бұрынғы кеңестік С. Меньшиковпен бірлесіп жазылды. Дж. Гэлбрейт экономиканы реттеу мәселелерін елеулі дамытумен бірге, Маркстен бөлек жаңа саяси экономия жасауға, адамзат дамуының әлемдік проблемаларын қарауға талаптанған.

XXгасырдың 20-жылдарында бұрынғы Кенес Одағының Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым — экономистер Г. Фельдман, Н. Кондратьев, А. Чаянов, В. Немчинов, С. Струмилин КСРО экономикасын рынокқа көшіру мәселелеріиің баламалы бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық теорияга қосқан үлестері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Жалпы бұрынғы ойшыл. экономистердін теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды қоғамдық дамудың уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір талабы дер едік.

 

3.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР

Адамзат қоғамын, оныңнегізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны  сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына. жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тыгыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.

Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпынегіздері деп  оку  процесін  жалғастыру  қазіргі  кезеңнің, қоғамдық дамудын ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге,   онымен   бірге   әлемдік   экономикалык   ой-пікірдін тиімді,    елеулі   деген   үлгісін   пайдалануға   байланысты. Біздің   ойымызша,   тәуелсіз   алған    Қазақстанның   ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындагы елдерден оқшау болмақ емес,  керісінше, экономикалық интеграция,  халықаралық еңбек    бөлінісі    артықшылықтарын    пайдалануы    кажет. Кеиес Одағында  Шығыс  Еуропадагы социалистік елдерде қайта құру  кезінде кең  көлемді  экономикалық дағдарыс басталды  да,  оның   көрінісі  қоғамдық өмірдің  салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл бөлсек,   1985 жылы басталған кайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдіксоциализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа  алынған саясат жүргізілді.  Бұл  саясат арқылы  экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудыңбасқа жолы   ізделді.   1991   жылдың   соңында   Кеңес   Одағының ыдырауына  байланысты  бұрынғы  одақтас республикалар, оның   ішінде   Қазақстан  да  ілгері   дамудын,   дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы киын-қыстау кезенде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы ал-дағы 15—20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына   қосылуды,   демократиялық   құқықты   мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші      кепілі      экономиканы      өркендету,      ендірістің тиімділігін   арттыру,   сол   сияқты   металл-машина   жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын  көбейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру,  рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары женінде   шындыққа   сәйкес   келмейтін   қағида   дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл  жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс  құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік  неғұрлым кең қолдану. Экономикасы тиімді дамыган елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.

Қазіргі   тәуелсіз   Қазақстанда   жалпы   табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ,ХХІ ғасырдын қарсаңында рыноктык қатынасқа бағыт алынды.  Осыған орай кептеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Эко-номикада әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок    шаруашылығына    қажет    алғы    шарттар    жасау максаты  жүзеге. асырылуда.   Рынок  экономикасына  кешу бір  дүркің  қозғалыс  емес,   ол   тарихи  тұрғыдан  алғанда адамзат   қоғамының   көп   жағдайда   экономикалық   және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс. Рыноктық катынастар алғашкы қауымнын ыдырау кезінде пайда болды да, оның өркендегеи дәуірі капиталистік қоғам екені де  белгілі.   Капитализмде адамның   "рыноктық"   тәрбиесі бала   кезден- басталып,   бүкіл   өмір   бойы   кәсіпкерлікке, іскерлікке бейімделіп отырады.

Әрине біздің елімізге бүкіл әл

12345
скачать работу

Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ