Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы

емдік рынок экономикасының  тйрихын,  даму  сатыларын басынан өткізу  міндет емес.    Біз   басқа   мемлекеттердің   тәжірибесін   ескеруге тиістіміз.   Қазақстан  экономикасынын  басқа  мемлекеттер ,   тәрізді рыноктык қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай алға қойған мақсатымыз,  қандай қоғам орнату,  ол қоғамның әлеуметтік бейнесі кандай болмақ? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализмнен кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер де бар. Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс.    Еркін   бәсеке    зандылықтарын   зерттеген   аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт   Милль,   Карл   Маркс   болса,   бұл   қоғамның   XXғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің енбектері ерекше рөл атқарды.

Қазақстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылыгы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік,не социалистік қоғам деп атауға болмайды.

Аралас экономика XIXғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесіңде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. XXғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар баскармасын құру кажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.

Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі — мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі — бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар аркылы реттеледі. Осы тұтқалардықолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұткаларды кеңінен пайдалану.

Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тагы басқа ұйымдастыру шаралары аркылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада ендірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, кайда,қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету кажеттілігін рынок өзі анықтайды.

Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялык даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше зандылықтарына багынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісшін негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның бастыталабы рынокта тауардың бағасын белгілегевде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Еңбекдегеніміз қүштіңақшалай керінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар ендірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай езіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы акша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардын міндеті.

Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістікқатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалык категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, косымша құн, акша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, коғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық емірдегі құбы-лыстарды сипаттап қорытындылауга кемектеседі. Экономикалық    категориялар    тарихи    сипатта    болады,     оларқоғамдық формацияныңқалыптасу, даму процесін сипаттайды.

Экономикалық зандар — адам қоғамы дамуынын турлі сатыларыңда өндіру, белу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар қоғамның экономикалык өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын. көрсетеді. Экономикалық зандар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалык жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бұлардағы тұрақтылықпен езгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әр түрлі және әр типтес болады.

Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар менпроцестердің мәніне үңіле отырып, олардын даму зандарын ашамыз. Мұндағы бір маңызды, ескеретін жәйт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды     катынастарды     ғана     сипаттайды,     жоғарыда айтқанымыздай  заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол   объективті   шындықтан   туындайтын   құбылыстар   мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп-салдарының өзара   тәуелділігін   сипаттайды.   Олар   табиғат   заңдары сияқты объективті. Солай бола тұрғанымен экономикалық заңдар    табиғат   зандарынан   өзгеше.    Өйткені,    табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-қимылымен байланысты туындайды.  Мысалы, әлемдік тартылыс заңы адамдар мен адамзат қоғамы да-мұынан бұрын да орын алып әрекет еткені белгілі.

Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезенде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалык зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кетіп отырады. Әрдайым ескеретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни адамдар өз еркімен, шешімімен бір экономикалық заңды жоққашығарып, оның орнына жана заңдарды жасай алмайды. Экономикалық зандардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қогамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдын, процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.

Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптастып, көрініс алады. Демек, эко-номикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардын іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге кайшы келетін кез келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық киындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық   қатынасқа    ену    жолында   осыны    қатаң    ескеруқажет.

Қандайда болсын қоғамның экономикалық жүйесінің мәнін түсіну үшін ең алдымен бастапқы теориялық ұғымдарды анықтап алу лазым. Элементтер жинағы ол экономикалық қатынастардың ең басты, анықтаушы элементі — әндірістік қатынастар немесе өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Тұтас алғанда өндірістік қатынастардың негізін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынасы құрайды. Осы арқылы бүкіл  экономика іргелі, түбірлі өзгерістерге ұшырайды.

  Тұрмыстық мағынада меншік дегеніміз заттарды иемдену болса, ал экономикалық мағынада меншік деп нені айтамыз? Адам өмір  сүру үшін-Өндіруі керек, өндіру үшін өндіріс құрал-жабдықтары қажет. Міне, осымен байланысты адамдар бір-бірімен қатынасқа енеді, ол өндіріс құрал-жабдықтарьн  иемденумен байланысты. Мұнда мынадай сұрақтарга жауап беріледі: өндіріс құрал-жабдықтарына, онымен өндірілген екбек өнімдеріне кім иелік етеді? Сонымен, меншік жай ғана зат емес (заттар арқылы мате-риалданганмен)      материалдық игіліктерді, иемденудін   тарихи қалыптасқан нысаны. Меншік қатынасы мыналар:

а) иемдену, иелік ету;

ә) "материалдық жабдықтарды шаруашылық тұрғыдан пайдалану;

б) экономикалық тұрғыдан өткізу (өткізілсе, "меншік" иесіне табыс әкеледі деген сөз). Меншік көп  қырлы, күрделі түсінік. Оны тек өндірістін заттық факторларына балау дұрыс емес. Ол жұмыс күшінің ендіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі мен типін көрсетеді, ал мұның езі, әрбір қоғамның экономикалық жүйесінің маңызды сипаты. Меншік қатынасы бүкіл шаруашылық организімін, яғйи бүкіл ұдайы өндіріс қатынасын (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) қамтиды. Меншік қатынасы қандай сипатта болса, ұдайы өндіріс сипаты да сондай болганы. Меншік — тарихи ұғым. Жалпылама меншік деген түсінік жоқ, ол белгілі бір нақты тарихи нысанда орын алады. Тарихта әр түрлі меншік нысандары болғаны белгілі, оны жеке және қоғамдық меншік деп екі түрге топтауға болады:

Жеке меншік — өндіріс құрал-жабдықтарына, оның нәтижесіне жеке бір адамдардың — меншік иесінің иелік етуі. Ол екі нысанда болады: еңбекке негізделген және еа, еңбегіне негізделмеген. Еңбекке негізделген меншіктің субъектіле

12345
скачать работу

Экономикалық теория және саяси экономия ғылымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ