Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономикалық жүйенің негізгі түрлері



 Другие рефераты
Экономикалық ілім пәні мен әдістері Қоғамның даму кезеңдері Меншік қатынастары және оның экономикадағы рөлі Қоғамдық өндіріс негіздері

Экономикалық жүйе материалдық игіліктер мен қызметтер өндіруде тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы ерекше тәртіпке келтірілген жүйе.

Экономикалық жүйе көпфакторлы: шаруашылық шешімін қабылдау жүйесі, меншік құрылымы, ақпаратпен қамту механизмі, адамдарды еңбекке тарту мен мақсат қою механизмі.

Факторларды шаруашылық, әкімшілік, ақпараттық деп жіктеуге болады. Шаруашылық құрылым: шектелген ресурстарды пайдалануға қатысты материалдық техикалық база элементтерінің өзара әрекеті.

Әкімшілік құрылым: шектелген ресурстарды меңгеруге байланысты құқықтар мен міндеттер тізбесін заңдық белгілеу.

Ақпараттық құрылым: алғашқы екі құрылым мәліметтерін жалпылау және тарату.

Тарихи алғаш пайда болған өндірісті экономикалық ұйымдастыру типі натуралды шаруашылық болды. Натуралды шаруашылықта адамдар өнімді тек һз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана пайдаланады. Айырбас, сауда жасамайды. Не, қалай және кім үшін деген сауалдарға өз шаруашылығының қажеттілігіне қарай жауап береді.

Натуралды шаруашылықпен салыстырғанда күрделі -товар шаруашылығы. Товар шаруашылығында тұтынушы мен өндірушіні байланыстыратын рынок, товарлар мен қызметтер сату үшін өндіріледі.

Товар шаруашылығының пайда болу алғышарты -еңбек бөлінісі. Онда өндірушілер нақты товар түрлерін өндіруге маманданады.

Товар өндірісінің даму кезеңдері айырбас пен рынокқа байланысты. Әр рынок типтеріне сай товар өндірісі моделі болады:

1.      дамымаған рынок товар өндірісі;

2.      еркін рынок товар өндірісі;

3.      реттелмелі рынок товар өндірісі;

4.      деформацияланған рынок товар өндірісі.

Дамымаған рынок товар өдірісі (қарапайым товар өндірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделеді, өндірістік құрал жабдықтарға жеке меншік пен товар өндірушінің жеке еңбегін қажет етеді.  Қарапайым товар өндірісі кезінде рынокқа жасалған өнімдердің бір бөлігі ғана келіп түседі. Сондықтан тұтас экономиканы қамти алмайды.

Еркін рынок товар өндірісі (рыноктық экономика) жалпы сипатқа ие. Онда: ерекше товар болып адамның жұмыс күші қабылданады да, өндіруші өз еңбегін емес, жалдамалы еңбекті пайдаланады; қоғамның өндірген өнімінің  басым бөлігі сатуға рынокқа шығарылады.

Реттелмелі рынок товар өндірісі экономикада екі: мемлекттік және жеке меншік секторлардың болуымен ерекшеленеді. Мемлекет белсенді түрде рыноктық экономика қызметіне араласады, бірақ рыноктың реттеуші қызметін де жоққа шығармайды. Мемлекеттік реттеудегі негізгі формалар: заңдық, салықтық, қаржылық.

Реттелмелі рынок товар өндірісінің бірнеше модельдері бар:

1.      әлеуметтік рыноктық шаруашылық (мысалы Германия);

2.      аралас экономика (АҚШ);

3.      карпоративтік экономика (Жапония, Швеция).

Деформацияланған рынок товар өндірісі — командалық әкімшілік экономика. Рыноктық еркін қатынастарды басып, тұрақты түрде ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу іске асырылады.

«Товар өндірісі» ұғымы «рыноктық экономика» ұғымынан әлдеқайда кең.

скачать работу


 Другие рефераты
Сырбай Мауленов
Кобальт - химический элемент
Автоматизация управленческого учёта
Фредерик Шопен творческий и жизненный путь


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ