Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Елбасының еңбегін елер кез келді



 Другие рефераты
Дала мен қала Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында кем дегенде 20 қаланың байырғы атауын қайтарса… 02.11.2011 aslan Қазақстан ғарыш технологиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ұмтылуда Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған он бес республика арасындағы айрықша айырмашылығымыз — еліміздегі тұрақтылық пен астанамыздың жаңадан салынуы. Осы жағынан қарасақ, еліміздің тәуелсіздігі тап-таза, жаңа парақтан басталды. Қазақстанды өзінің азаттығын осындай кіршіксіз тазалықпен жария еткен әлемдегі жалғыз мемлекет деуге болады.

Жаңа астана салуға ең алдымен сол кездегі халықтың өкілі — Жоғарғы Кеңес депутаттарының келісімін алу, олардың жүрегіне сенім ұялату оңай болмағаны анық. Сол жылдары халықтың жағдайы ауыр еді, қайыршылықтың аз-ақ алдында тұрған. Еңбекақы мен зейнетақы уақытында түспей, азық-түлік дүкендерден тапсырыспен адам басына берілетін. Қазақстан әлем картасынан тәуелсіз ел ретінде енді ғана көрініп, мемлекет аяғын қалт-құлт басқан тұста Президент жүрек жұтқан батылдық танытып, мемлекеттің астанасын ауыстыру туралы идея ұсынды. Жоғарғы Кеңестің 12-ші шақырылымының 300 депутатының кейбіреуі «уақыт көрсетер!» деген оймен, енді біразы 6 шілде Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні екенін ескеріп, Мемлекет басшысына құрмет білдіру ниетінде келісімін берген. Шындығында, Сарыарқаның сауырындағы бір облыс орталығы — тыңгерлер тұратын шағын қаланың ұланғайыр жері бар тәуелсіз елдің астанасына айналатындығына нық сенім болмаған.
Сол сәттен бастап Нұрсұлтан Назарбаевқа нар көтермес жүк — жаңа астана салу деген салмақ артылды. Тек қазақстандықтар ғана емес, күллі түркі әлемі, Орталық Азия, Шығыс жұрты оның әр қадамын бағып отырды. АҚШ пен Еуропа елдері де елеңдеді. Бұл — жүзжылдық түгілі мыңжылдық ауысқан кезең еді. Мемлекеттер бір формациядан екіншісіне көшіп, нарық заманы туған. Қытайдың: «Өтпелі кезеңде өмір сүр!» деген қарғысы келгендей. Халқы күнін әрең көріп отырған шақта жас мемлекеттің астанасын ауыстыру бастамасынан дұрыс нәтиже шығатынына ешкім сенбеді.
Бірақ бабамыздан қалған: «Құдай ақырын берсін!» деген ұлағатты сөз бар. Бүкіл ел білекті сыбанып жұмыс істеп, істің ақырын күтті. Бабалар батасы қабыл болып, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі жанып, еліміздің мерейі үстем шықты. Ақмола астанаға айналды. Әлемнің басқа астаналарынан кем болмай, Еуразияның төрінен бой көтерді. Есілді жағалай ел қонды. Ортасында Ақордасы орнап, төбесінде көк байрағы желбіреді. Ғимараттары көкке өрлеп, бір кездегі батпақтың орнына гүлзарлар жайқалды. Сол ғажайып қалада әлемдік деңгейдегі басқосулар өтіп, оған дүниежүзінің азуын айға білеген саясаткерлері тоғысып жатады. Өнер адамдары осында келіп, жұлдыздарын жағады. Солардың бәрі жас мемлекеттің осындай әсем қала салғанына тамсана қарайды. Бұл Қазақстанның абыройын арттырып, мәртебесін көтереді. Бүгінде әрбір қазақстандық өз астанасын көріп, көңілі шаттанып, бақытқа бөленеді. Ал осы бақытты бізге кім сыйлады? Оған кім жол бастады? Оны қазір бәріміз мойындаймыз. Ол — Елбасы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Біліп, көріп, тамсанып қана қоямыз. Неге оның осы өлшеусіз еңбегін уақытында бағаламаймыз? Ол тек астана салып қана қойған жоқ. Президент өз мемлекеті болмай, ғасырлар бойы арманда өткен бабаларымыздан қалған кең-байтақ жерге Қазақстан деген Тәуелсіз мемлекетті құрып, шекарасын шегендеп, деңгейін дүниедегі мықты деген елдердің қатарына көтерді. Зәулім астананы тарих үшін көзді ашып-жұмғанша өте шығатын жиырма-ақ жылда әлемге әйгіледі.
Кеңес Одағынан өрілген бүгінгі ТМД-да тек Қазақстанда ғана жиырма жылда қан төгілмей, 140-тан астам ұлт пен ұлыс бір атаның баласындай тату-тәтті өмір кешуде. «Осы бейбіт те бақуатты, тыныш та тоқ өмірге қалай жеттік? Сол жолда бізге кім жол көрсетті?» деп бір сәт ойланып көрейікші. Менің ойымша, отандастарымыздың көбі осы жолдағы жолбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев екенін мойындайды. Соның сарабдал саясаты арқасында еліміздің ішкі әрі сыртқы тыныштығы баянды болып отыр. Конституция бойынша сол «тыныштықтың кепілі» деген атына Президент те қылау түсірген жоқ. Қазақстанның жүрегі һәм әлем алдындағы мерейі саналатын Астанамызды салушы — Нұрсұлтан Әбішұлы. Оның қаланың алғаш бой көтерген әрбір ғимаратының нобайын жасап, салынып біткенше қадағалап, тұсауын кесіп жүретіні астаналықтардың есінде шығар?! Қанша Елбасы десек те, ол да — ет пен сүйектен жаралған адам. Оның сол ерен еңбегінің еленетін кезі келді. Ел болып, жұрт болып, ризашылық білдіретін күн туды.
Мен 2008 жылы Астана қаласының атын «Нұрсұлтан» деп өзгерту жайында Парламент Мәжілісінің отырысында ұсыныс жасағанымда барлық депутаттар қолдаған болатын. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлының өзі құптамады, тоқтатып қойды. Содан бері де үш жылдан асты, биыл Тәуелсіздіктің торқалы тойына орай осы жиырма жылда еңбек сіңірген азаматтарымызды әртүрлі марапаттарға ұсынып, еңбектерін атағалы жатырмыз. Енді осындай еңбекті електен өткізіп, оның нәтижесін шығаратын шат-шадыман шақта халық неге мемлекетті құрған, астанасын салған Тұңғыш Президентін елемеске?! Оның әлемді ядросыз өмірге бастаған еңбегін ескеріп, Қырғызстан Жокорку Кенеші Нобельдік сыйлыққа ұсынды, кеше ғана өткен «Ядросыз әлем үшін!» халықаралық форумына қатысушылардың арасынан да осы ұсынысты қолдағандар табылды. Туған елі мен туған халқына ғана емес, күллі әлемге тыныш өмір сүру бақытын ұсынып отырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа астананың атын берсек, оның ешбір өрескелдігі жоқ.
Еліне ерекше еңбек сіңірген адамға көзі тірісінде қала атын беру тарихта бар. Өзіміз тәжірибесі мен үлгісін алып жүрген АҚШ-тың өзі тарихта атын алтын әріппен жазған президенті Авраам Линкольн, жетінші президенті Эндрю Джексонның құрметіне олар өздерінің орталарында жүргенде-ақ қаланың атын берген. Кеңес Одағы кезінде де адам атын қалаға беру дәстүрі болған. Осындай тәжірибені қолданудың несі әбестік?
Биылғы торқалы тойда Астана қаласының әкімшілігі осындай бір бастама жасап, оны мәслихат қолдап, шешім шығарып жатса, халық қосылып, депутаттар қуаттар еді деп ойлаймын.

Сәт ТОҚПАҚБАЕВ,

скачать работу


 Другие рефераты
Великая Смута
Социально психологические факторы, влияющие на работоспсобность
История развития
Культурология как область гуманитарного знания


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ