Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Елдер дағдарысы

жайлы көптеген зерттеулер жүргізілді. Сондай зерттеулердің бірін американдық Ұлттық бизнес экономикасы ассоцияциясы (National Association for Business Economics – NABE) қолға алған болатын. Нәтижесінде, АҚШ-ғы ипотекалық дағдарыс халықаралық терроризмнен гөрі әлде қайда жоғары қорқыныш ұялатады деген тұжырымға келді. Сауалнама жүргізілген 258 экономист-ассоцияция мүшелері ішінде 18 пайызы өздерін мазалайтын мәселе инвестиция және ипотекамен айналысатын қаржы ұйымдарының дефольттары деп көрсетсе, 14 пайызы жеке шаруашылықтар мен корпорацциялар қарыздары деп көрсетті. Тек 20% ғана мазалайтыны және ең қорқыныштысы –террористтік шабуылдар деп көрсетті. Яғни бұл дегеніміз, АҚШ халықының экономикалық тұрақтылықты қауіпсіздік тұрақтылығынан әлде қайда жоғары қоятындығын аңғартады. Зерттеудің нәтижесі қандай болмақ, экс-президент Буштың кезінде терроризммен күрес немесе Ирак, Ауғаныстандағы әскерді қаржыландыруға жұмсалатын қыруар қаржы мөлшерімен де байланысты деп ескереді. Әйткенмен де, алдыңғы қатарлы әлемдік экономикаларда қалпына келу үрдістері қарқынмен жүріп жатқанмен, ол көңілге үлкен оптимизм ұялатпайды. АҚШ-ң атақты экономисті Нуриэль Рубинидің пікірі бойынша, АҚШ-ғы комулятивті ЖҰӨ төмендеуі орта шамамен 4-5% құрауы мүмкін, яғни бұл дегенің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең нашар рецессия. Осы тұрғыдан кішкене артқа шегініп, тарихқа зер салсақ, АҚШ ЖҰӨ рецессияға комулятивті төмендеуі 2001ж небәрі 0.4% құраса, 1990- 1991жж 1.3% құраған. Осыдан, көптеген экономисттер қазіргі дағдарыстың соғыстан кейінгі кезеңде болған дағдарыстармен салыстырғанда терең болатынын, әрі көп уақытқа созылатынын ескертеді. ХВФ экономисттерінің хабарлауынша, барлық қиыншылықтар мен ауырпашылықтар әлі алда және әлемдік экономиканың тұрақтануы тек 2010 жылы басталуы мүмкін. Яғни, әлемдік экономикалық алпауыт компаниялар мен банктар жүйесіне қанжардай қадалып, құрдымға ұшыратқан бұл дағдарыстың соңы шексіздік белгісімен берілуінің өзі қарапайым халықтың психикасына қатты әсер етуде. Бұл өз кезегіне көпшілік арасында «паника» тудыруы мүмкін. Ал ол тиісінше ортақ бір жаумен күресу кезінде ең қажетті дүние — ауызбіршілікке ірткі салатыны анық. Әлемдік экономикалық дағдарыс АҚШ-ғы ипотекалық несиелердің қайтарылмауына байланысты пайда болды. Жаһандану заманында бұл дағдарыс әлем түпкір-түпкіріндегі экономикаларға әсері қандай десек, Экономикалық даму және әріптестік ұйымының (ОЭРС) зерттеулерінің нәтижелері бойынша, дағдарыс барлық жерде ЖҰӨ төмендеуіне алып келді, яғни 2009 ж Жапония, АҚШ және көптеген еуропалық мемлекеттерде ЖҰӨ 2008 ж салыстырғанда әлде қайда төмен болады. Әсіресе экономикалық өсімнің баяулауы АҚШ-та қатты байқалатындығын атап өтті. Ұйым 2008 ж АҚШ ЖҰӨ өсімін 1.4% болжаса, 2009 ж 0.9% төмендейтінін және 2010 ж 1.6% өсетінін ескертеді. Елдегі жұмыссыздар саны 2008 ж 5.7% -дан 7.3% , 2009 ж 7.5% өскен, ал импорт көлемі өткен жылдың қыркүйегінде рекордты 5.6% — 211.9 млрд долл жеткен. Экспорт көлемі болса 6% төмендеген , бұл дегенің 2001 ж кейінгі максималды төмендеу болды -155.4млрд долл. Тағы бір статистикалық мәліметтерге көз салсақ, АҚШ-ғы жұмыссыздық көлемі өткен жылдың қазанында соңғы 14 жыл көрсеткіші бойынша ең жоғарғы 6.5% көрсеткішіне жетті. Ал еуроаймақта ЖҰӨ көлемі осы жылы 0.6% төмендеуі мүмкін , сол себепті ОЭРС Еуропалық орталық банкті 2009 ж ортасына қарай негізгі пайыздық өлшемді 3.25% дан 2.00% төмендетуді ұсынуда. Тауарларға бағаның төмендеуі және өндірістің құлдырауы 2009 ж Еуроаймақта 1.5% құрауы, мүмкін инфляция көлемін азайтады. Бұл аймақта да жұмыссыздар көлемі артуда. 2008 ж 7,4% құраса, 2009 ж 8,6%, 2010 ж 9,0% көрсеткішке жетеді деп болжайды ұйым. Іскерлік сферасының негізгі бес құрамдас бөліктерінің нашарлауы, атап өтсек, сортақ тапсырыс көлемінің бағалануы, дайын өнім қорлары, өндірістің қазіргі жағдайын бағалау, жуық айлардағы өндірістен өнімдерін күту және экспорттық тапсырыстар. Осы көрсеткіштердің күрт төмендеуі өндіріс саласындағы өсімнің азаюына әкелуі әбден мүмкін. Бүгінгі күні көптеген халықаралық немесе мемлекеттік зерттеу мекемелері, жеке экономисттер әлемдік дағдарысты жан-жақты қарастырып, түрлі болжамдар жасауда. Жақында АҚШ-ң Ұлттық экономисттер ассоцияциясының елуден астам мамандардың арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі жарық көрді. Ол бойынша, әлемдік қаржылық дағдарыс жуық арада біте қоймайды, ал оның келтірген шығындарының орнын мемлекеттер бірнеше жылдар бойы толтырмақ.
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының
ағымдағы жағдайы

Қазақстан¬ның экономикалық дамуына қа¬тысты болжам айтқан Халықаралық валюта қоры Орталық Азиядағы ең ірі экономика болып есептелетін Қазақстанның болашағы тартымды дегенді мәлімдеді. Олардың бағалауынша, әлемдік қаржы рынок¬тарындағы жағдай Қазақстан экономикасына да әсер етіп отыр және мұнай мен шикізат баға¬сының төмендеп ке¬туінен елдегі ІЖӨ көрсеткіші бә¬сең¬деуі мүмкіндігін атап көрсетеді. Мемлекет құрған тұрақтандыру қорлары банк¬тердің капитал-дануын күшей¬тіп, оларға қолдау көрсетеді. “Тұ¬тастай алғанда, біз алдағы жыл Қа¬зақстанға оңай соқпайтынын түсі¬ніп отырмыз, бірақ орта мерзімдік көрсеткіште жағдай айтарлықтай өзгермейді” деп мәлімдеді ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы Тим Таллен “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында.
Мұнай мен металл бағасының арзандап кетуінен ши¬кі¬заттық компаниялардың акцияла¬ры да құнсызданып жатыр. Blo¬om¬berg агенттігінің хабарлауынша, 10 қазанда несие рыногындағы дағ¬дарыстың және экономикалық тоқыраудың әсерінен еліміздегі қор индекстерінің барлығы құлдырады. Атап айтсақ, Темірбанктің (22,4 пайызға), Центркредит¬банктің (20,2 пайызға), Қазкоммерцбанктің (17,4 пайызға), Kazakhmys Pls (15 пайызға), “Қаз¬мұнайгаз” өндіру барлау” АҚ-тың (13 пайызға), БТА банктің (8,8 пайызға), Халық банкінің (4,6 пайыз¬ға), сондай-ақ “Қазақ¬те¬леком” АҚ-тың жай акцияларының бағасы төмендеді.
Пре¬зи¬денттің биылғы Қазақстан хал¬қына Жолдауында әлемдік қаржы дағдары¬сы ту¬ра¬лы шындықты, “қазіргі қиындық¬тар – бұл біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ” деп барша қазақстандықтың ал¬дына үлкен міндет жүктеліп отыр¬ғандығын айт¬ты.

2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму
проблемалары

Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы ең алды¬мен өндіріс ошақтары өркендеген өңірлерге ауыр со¬ғып тұр¬ғанын ағымдағы жағдайдан байқаймыз. Еліміздің түрлі өнеркәсіп салаларының өнімдеріне әлімдік нарықта сұраныстың күрт тө¬мен¬деуі салдарынан темір мен мыс өндіретін “Арселор Миттал Темір¬тау” және “Қазақмыс” компаниялары жұмыс уақытын, жұмысшыларды қысқарту, өнім кө¬ле¬мін азайту сияқты амалсыз шараларды қолдануда. Қысқаша сараптама жасап кететін болсақ, 2009 жылдың қаңтар айында өнер¬кәсіп өнімі көлемі 26,7 пайызға төмендесе, құрылыс жұмыстары 36,7 пайызға қысқарды. Бұған дейін Теміртаудағы металлургиялық ком¬бинатта прокаттың айына 301 мың тоннасына тапсырыс жасалып келсе, қазір 246 мың тоннаға дейін азайған. Екінші бір алып – “Қазақ¬мыс” корпорациясы да қиын жағдайды бастан кешіруде. Мыстың бір тоннасына бағаның 5 мың долларға дейін құлдырауы, үлкен қиындықтарды туғызуда. Осындай себеп¬терге байланысты болжам бойынша алдағы уақыттарда 15 мың жұмыс орнының қысқару қаупі бар.
Қазақстандық өндірісорындарының тауарына сыртқы және ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуі өнеркәсіптердің тауарды өндіру көлемін 2,6 пайызға азайуына әкелді. Әлемдік баға барлық шикізат бағасына әсер етті деп те айтуға болмайды. Мысалы, орташа темір рудасының бағасы 2008 жылдың қарашасында 140,6 долл. болды, ал 2006 жылы 77,4 долл./т бағаланған болатын. Уран концентраттың әлемдік баға ортасын табуға көмектесті, 2007 жылы — 99,2 долл. болса, ал 2008 жылдың қарашасында 50,5 долл. керісінше 2006 — 47,9 долл. бағаланған болатын. Арматуралы сталь, катанкінің әлемдік бағаға сәйкес рекодты көрсеткішкпен төмендеді, дегенмен, 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда жоғары. Түсті метталлдар көп шығындалды. Алғашында алюминий бағасы 2008 жылдың желтоқсанында 1 525 долл./т құраса, керісінше 2 570 долл. болып 2006 жылы бағаланған, ал медь сәйкесінше 3 232 және 6 722 долл./т, цинк — 1 082 және 3 275 долл./т.
Тас көмірдің бағасы 2008 жылдың қарашасында қыркүйекпен салыстырғанда 60 % төмендеді. Бірақ 2006 жылдың бағасымен салыстырғанда өте жөғары болатын, 92,25 долл./т және 49,09 долл. сәйкесінше. Табиғи газдың бағасы жоғарғы деңгейде сақталды — 576,7 долл./мың. куб.м.
Минералды тыңатқыштар бағасы өз деңгейін ұстап тұр. Фосфаттың бағасы 20 % төмендеді, бірақ бұған дейін он есе жоғары болғанын білеміз. 2008 жылдың қарашасында фосфаттың шартты бағасы 350 дол./т ал 44,2 долл./т болып 2006 жылы сатылды, суперфосфат — 915 долл./т және 201,6 долл./т бағаланған сәйкесінше.
Републикамыздың өндіріс саласында негізгі потенциалы құрылған, бұл ішкі нарыққа арнап металлөнімдерінің көлемін арттыру. Яғни мұнай және газ трубалары, арматуралар. Металлөнімдерін дамыту арқылы, экспорт деңгейін жоғарлатуға және бәсекелестік қаблетін арттыруға мүмкіндіктерді жоғарлатамыз.
2.2.Ұлттық бюджетке әсері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ