Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Елдер дағдарысы

егі инвестициялық климатты жақсартуға және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған жүйелі реформаларды жалғастырады. Электр энергетикасы, теміржол және автомобиль көлігі, телекоммуникация мен байланыс инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады. Бұл шаралар экономиканың өнімділігін арттыруға және толықтай алғанда оны әртараптандыруға қызмет етеді. 2008 жылы инвестиция көлемінің өсімінің негізгі капиталы 4,6% құрады. Бүтіндей сыртқы айналым 2008 жылы 109,1 млрд. долл. құрады. Дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгені құрайды.
Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімділік береді. Қаражаттың басқа бір көзі — бұл бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режімінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылануда. Барлық басым емес шығындар — әкімшілік, инвестициялық және басқа шығындар — нөлге теңестірілуде.
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі қаржы дағдарыстың салдарынан үлкен сабақ алуға болады. Себебі Ұлы тоқырау жылдарында өндірістің құлдырауы 40 % жағдайда болған, қазір 0,4 % көрсетуде, 100 есе айырмашылықты байқаймыз. Сондықтан да, Қазақстанның бұл қаржы дағда¬рысынан жаңарған, сенімді және бәсекеге қабілетті мемлекет ретін¬де шығуына мүмкіндіктер зор. Отандық экономистердің сараптамалары бойынша 2009 жылдың соңына таман экономикада міндетті түрде даму бағыттары басталады. Сол кезде еліміздің инфрақұрылымында орын алып отырған жетімсіздіктер экономиканың өсуіне кедергі болмайды. Дағдарыс кезінде экономика¬ның нақты салаларына көрсетіл¬ген қаржылық көмектің экономи-камызды дамытуға және әртарап¬тандыруға тигізетін көмегі көп.
Қорыта келгенде, ең бастысы, дағдарыс салдарынан әлемдік өндіріс пен тұтыну көлемі мүлде тоқтап қалған жоқ. Тек олардың өсімінде біршама төмендеу болды. Болашақта әлемдік экономи¬каның сауығуына байланысты ши¬кізатқа және басқа да тұтыну заттарына деген сұраныс артады. Ендеше қазіргі жағдайды аса ушықтырып, үрей туғыза берудің қажеті жоқ.
Менің ойымша, нақты тетіктерін жасап алмай, экономикаға орынсыз қар¬жы құю да қауіпті. Оның тиімділігі болмауы әбден мүмкін. Қаржы дағдарысының ең бастапқы сатысы ипотекалық қиындықтар елімізде енді сезіле бастаған кезде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы¬мен Үкімет экономиканың ең осал салаларына орасан зор мемлекеттік қолдау көрсетті. Біріншіден, банк¬терге мемлекеттік ресурстарға кіру¬ге рұқсат беріліп, олардың шетелдік қарыздарды өсірмеуіне жағдай жа¬са¬ды. Сөйтіп, қазақстандық банк¬т¬ердің беделі мен өтімділігі сақ¬та¬лып қалды. Екіншіден, мемлекет көп қаржы құю арқылы тәлтіректеп қалған жылжымайтын мүлік рыно¬гына қан жүгіртті, үлескерлер проб¬лемасын шешуге батыл қадам жа-са¬ды. Үшіншіден, еліміздің барлық аймақтарында азық-түлік қауіпсіз¬ді¬гін қамтамасыз етіп, бірінші ке¬зек¬тегі азық-түлік түрлері – астық¬тың, өсімдік майының, ұнтақталған сүт, т.б. қоры жасалды. Тұтастай ал¬ғанда 2007-2008 жылдары эконо¬ми¬каны тұрақтандыруға 540 мил¬лиард теңге қаржы құйылды. Міне, дер кезінде жасалған осындай игі қа¬дам¬дар Қазақстан экономикасын қа¬терден сақтап қана қойған жоқ, со¬нымен бірге оның дамуына мүмкіндік берді.
Дағдарыс кезіндегі мемлекет тарапынан қаржылық көмек алған құрылыс саласы жаңа жұмыс орындарын ашады, шағын және орта бизнеске тапсырыстар береді. Жеке капиталды тарта оты¬рып, жасалған мемлекеттік қаржы¬лық көмек серпінді жобаларды қаржыландыруға, агроөнеркәсіп кешені мен шағын және орта биз¬несті дамытуға ықпал етеді. Әрине, бұл қаржы отандық экономика¬мызды тұтастай әртараптандыруға аздық етеді. Дегенмен, бұл мемле¬кеттік субсидиялар экономикамыз¬дың тұрақтануына игі әсерін ти¬гізіп, ұлттық өндірістің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

• «ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы 2009|04|06
• Выступление Министра экономики и бюджетного планирования РК Султанова Б.Т. на коллегии МЭБП
(Астана, 5 февраля 2009 года)
• Круглый стол на тему «Антикризисные меры Казахстана и Китая и их влияние на взаимоотношения между двумя странами» (23 декабря 2009 года в Пекине в посольстве Казахстана в КНР).
• Олег Игнатов,Кирил Мартынов « 2009ж дағдарыс». http://www.liberty.ru/ 14.12.2008ж
• «Дағдарыс жайлы толық ақпарат.Біз қорқытпаймыз, біз тек ескертеміз» http://bankir.ru/news/newsline 02.12.2008ж
• Америка мамандары дағдарысты зерттеді» 20.11.2008 ж http:www.willbe.ru/
• ТҰРАҚТЫЛЫҚ ФЕНОМЕНІ немесе қаржылық дағдарысты ауыздықтаудың қазақстандық моделі 2008-10-14: Егеменді Қазақстан Авторы: Таңатар ТАБЫНҰЛЫ.
• БЮДЖЕТТІ НАҚТЫЛАУ – ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРУ ТЕТІГІ 2009-04-04: Егеменді Қазақстан
Авторы: Төлебек ҚОСМАМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты.
• Қаржы министрі Болат ЖӘМІШЕВ:
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА САЛЫҚТЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ АРТТЫРУДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДі Мамыр, 2008 жыл (C) 2008, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

1234
скачать работу

Елдер дағдарысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ