Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Елдер дағдарысы



 Другие рефераты
Англо-америкалық модель Әлемдік қаржы дағдарысы Қаржының мәні, функциясы және ролі Қаржы саясаты және қаржы механизмі

Мазмұны
КІРІСПЕ

1. Әлемдік қаржы дағдарысы
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
1.2. Қаржы дағдарысы туралы әлем экономистерінің сараптамасы
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму проблемалары
2.2.Ұлттық бюджетке әсері
2.3. Банк жүйесіне әсері
2.4. Инвестицияға әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.
Төрт-бес жыл бұрын біреу бізден экономикалық дағдарыс жайлы қандай да бір мәлімет сұраса, біз ойланып, бәлкім мардымды ештеңе айта алмас та едік. Ал қазіргі таңда көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, сұрайтын болсаңыз, бұл мәселе жайлы еш кідірместен айтып бере алады. «Адамды илейтін де, билейтін де қоғам»,-деп Энгельстің айтқанындай, қоғамдағы қалыптасқан жағдай халық санасын жаулап, соған дағдыландырды. Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы.
АҚШ федералдық резервтік жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің айтуынша, қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс – бұл “жүз жылда бір рет” орын алатын оқиға, сондықтан да осы курстық жұмыстың тақырыбы қазіргі таңда өте актуалды.
Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі. Дағдарыстың Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік бағдарламасы.
Әлемдік қаржы дағдарысы ұғымы туралы және Қазақстанға әсері, салдары жайында және даму тереңдігі туралы мәселені толық ашу. Яғни жаһандық дағдарыс барысындағы Қазақстан экономикасының салаларын және антикризистік бағдарламаның принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру.
Бірінші тарауда, әлемдік қаржы дағдарысы туралы ұғым және дағдарыстың дамуын қарастырдым.
Екінші тарауда, әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының жағдайы: ұлттық өндірістің даму мәселелері, Ұлттық бюджетке, банк жүйесіне, инвестицияға, әлеуметтік инфрақұрылымға әсері туралы мәселелерді нақты сараптамаларға сүйене отырып толық ашып көрсеттім.
Үшінші тарауда, еліміздің дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары және Қазақстанның қаржы дағдарысы барысындағы қазіргі даму тенденциясы туралы мәселені талқыладым.

1. Әлемдік қаржы дағдарысы

«Дағдарыс, дағдарыс» деп айтамыз, ал жалпы, экономикалық дағдарыс деген не, оның негізгі белгілері қандай? Соған жауап іздейтін болсақ, әлемдік өлшем бойынша, егер 20% халықтың табыс мөлшері күнкөріс минимумынан аз, ал орташа зейнетақы азық-түлікке әлемдік баға болған жағдайда 150 американдық доллардан кем болса, бұл дегенің ауқымды экономикалық дағдарыс белгісі болып табылады. Дамыған елдерде ҰЖӨ кері өсім темпы, акция курсы төмен, төлем балансының тапшылығы сынды белгілер байқалса, экономикалық дағдарысқа тап болды деген сөз. Тарихқа үңілетін болсақ, бірнеше мысал да келтіре аламыз. 1929 жылы өзара байланысты, бірнеше басты экономикаларды қамтыған классикалық-капиталисттік қалыптағы «қайта өндіру» дағдарысын айта аламыз. Ал бүгінгі күнгідей, бүкіл әлем елдерін қамтыған жаһандық дағдарыс есебінде , Ресей Федерециясының ФСФР бас кеңесшісі, «Экономиканың жоғарғы мектеп» мемлекеттік университетінің қаржы нарығын сараптау зертханасының төрағасы Юрий Даниловтың Максим Легуенкоға берген сұбатында 1997-1998 жж азиялық дағдарысты келтіреді. Оның айтуынша: «Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында дамыған экономикалар қарқындап өсе келе, олардың әлемдік экономикадағы үлесі өсті, бірақ көбі дағдарысқа тап болып отырды. Нәтижесінде, 1998 ж экономикалық дамуының қарқынын сақтап қалған бірнеше мемлекет ғана қалды. Бұдан көретініміз, дағдарыстар жаһандануда және азияттық дағдарыстан кейін болатын дағдарыс масштабы одан бірнеше есе мықты болмақ… Жақындағы дағдарыс және одан кейін болатын толқындардың барлығы — жай ғана одан асқан түбегейлі өзгерістердің белгілері, яғни әлемдік экономиканың жоғарғы қарқынды өсім кезеңінің аяқталғандығының белгілері болып табылады». Бұдан аңғаратынымыз, қазіргі жаһандану заманында тек өркениеттер үндестігі ғана емес, субаймақтық дағдарыстар үндестігі де байқалатындығы. Ал олардың әлемдік шаруашылыққа немесе жеке мемлекеттік масштабта қарасақ та, елдің тұрақтылығы мен экономикалық әрекет қабілеттілігіне кері әсер беруі айдан анық дүние болып тұр.

1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
Бүгінгі қарастырып отырған дағдарысмыз 2007 жылдың соңында АҚШ-та ипотекалық несиелердің қайтарылмауы, банктік ликвидтіктің төмендеуі, ипотекалық құнды қағаздар бағасының төмендеуімен түсіндіріледі. Осы жерде ипотекалық несиелер соншалықты маңызды ма деген заңды сауал туындауы мүмкін. АҚШ- та тұрғын үйге берілетін несие көлемі елдің ЖҰӨ жартысына тең немесе басқа теңеумен келтірсек , Ресейдің ЖҰӨ-нен 4 есе артық болып табылады. Сондықтан болар көптеген ірі банктер, әсіресе еуропалық, қаражаттарын АҚШ-ң «сенімді» ипотекалық құнды қағаздарына сала, шығынға ұшырап, тығырыққа тірелуде.
Ресей Федерациясының президенті Медведев 2008 жылы 8 қазанда Эвианда (Франция) әлемдік саясат бойынша өткен конференцияда экономикалық дағдарыстың себептері мен табиғаты жайлы ойларымен бөлісті. Оның айтуынша, әлемді экономикалық дағдарысқа жекелеген елдердің тәкәппарлықтары (эгоизм) кінәлі. Негізінен Ақш-қа сілтеме жасап отырған Ресей басшысы, шешудің бірнеше жолдарын ұсынады. Соның ішінде дағдарыс жағдайында тек ұлттық ғана емес, халықаралық реттеу институттарын жинақтап, бір жүйеге келтірудің қажеттілігі.
2007ж экономикалық дағдарыстың басталғанынан бастап, әлем бойынша қаржылық кәсіпорындардың шығындары 1 трл. долларды құрады. Осындай әрекеттер Жапония, ЕО экономикаларын рецессияға ұшыратты. Бірақ дағдарыстың бұнымен тоқтайын деген түрі жоқ. Халықаралық Валюталық Фондтың мәлімдеуі бойынша бүкіләлемдік қаржы мекемелері мен банктердің шығындарының көлемі 1,4 трл долларға дейін көтеріледі. Бұны дағдарыстың жаңа нарықтарды жаулауымен, яғни оның жоғарғы ипотекадан қарапайым ипотекаға, одан тұтынушылық несиелерге, коммерциялық жылжымайтын мүлікке, түбінде корпоративті секторды қамтуымен түсіндіреді. Осы жағдайларға байланысты 2008 жылы жарық көрген «Дағдарыс жайлы толық ақпарат. Біз қорқытпаймыз, біз тек ескертеміз» атты мақалада АҚШ экс-президенті әлемдік қаржылық дағдарыс көптеген адамдардың жұмыс орындарының және зейнеткерлік шоттардың қысқарылуына негіз болғанына өкініш білдіріп, ВВС телеарнасы арқылы: «Болып жатқан әрекеттер үшін кешірім сұраймын. Менің ойымша, осы кезеңнің тарихы жазылғанда халық Уолл-стритта қабылданған шешімдердің көбі мен президент болғанға дейін қабылданып қойғандығын түсінетініне сенемін»,- деп мәлімдеп, және осы жайлы толығымен ақпарат беріп өткен болатын. Бұл мәлімдемесі әлемді екі ойдың алдында қалдырды. Сонда бүкіл әлемді қыспақта ұстап отырған экономикалық дағдарыс алдын-ала жоспарланған болғаны ма, әлде биліктен кетіп бара жатқанда жаңа президент аппаратына әлем қауымы алдында көлеңке түсіргісі келді ме? Бұл жайлы тек болжам жасауға ғана болады.
Қоғамның әрбір толыққанды мүшесін қызықтыратын мәселе дағдарыс болғандықтан ол жайлы көптеген зерттеулер жүргізілді. Сондай зерттеулердің бірін американдық Ұлттық бизнес экономикасы ассоцияциясы (National Association for Business Economics – NABE) қолға алған болатын. Нәтижесінде, АҚШ-ғы ипотекалық дағдарыс халықаралық терроризмнен гөрі әлде қайда жоғары қорқыныш ұялатады деген тұжырымға келді. Сауалнама жүргізілген 258 экономист-ассоцияция мүшелері ішінде 18 пайызы өздерін мазалайтын мәселе инвестиция және ипотекамен айналысатын қаржы ұйымдарының дефольттары деп көрсетсе, 14 пайызы жеке шаруашылықтар мен корпорацциялар қарыздары деп көрсетті. Тек 20% ғана мазалайтыны және ең қорқыныштысы –террористтік шабуылдар деп көрсетті. Яғни бұл дегеніміз, АҚШ халықының экономикалық тұрақтылықты қауіпсіздік тұрақтылығынан әлде қайда жоғары қоятындығын аңғартады. Зерттеудің нәтижесі қандай болмақ, экс-президент Буштың кезінде терроризммен күрес немесе Ирак, Ауғаныстандағы әскерді қаржыландыруға жұмсалатын қыруар қаржы мөлшерімен де байланысты деп ескереді. Әйткенмен де, алдыңғы қатарлы әлемдік экономикаларда қалпына келу үрдістері қарқынмен жүріп жатқанмен, ол көңілге үлкен оптимизм ұялатпайды. АҚШ-ң атақты экономисті Нуриэль Рубинидің пікірі бойынша, АҚШ-ғы комулятивті ЖҰӨ төмендеуі орта шамамен 4-5% құрауы мүмкін, яғни бұл дегенің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең нашар рецессия. Осы тұрғыдан кішкене артқа шегініп, тарихқа зер сал

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Генезис и структура символического в структурной киноэстетике Эйзенштейна
Внеклассная работа по математике
Бронзовый век (4000 –500 г.г. до н.э.)
АЛАШ МҰРАТЫ – ОТАНДЫҚ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ НЕГІЗДЕУШІ КҮШ


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ