Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржының мәні, функциясы және ролі



 Другие рефераты
Әлемдік қаржы дағдарысы Елдер дағдарысы Қаржы саясаты және қаржы механизмі Мемлекеттік қаржылық реттеу

Жоспар:
1. Қаржының әлеуметтік-экономикалық мазмұны
2. Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы
3. Нарықтық экономикадағы қаржының мәні мен атқаратын ролі
4. Қаржылардың нысандарының сипаттамасы
5. Қаржылардың қызметтері
6. Құндылықты категория бойынша қаржылардың өзара байланысы мен әрекеттері
7. Қаржылық қатынастардың объектісі ретінде қаржылық кірістер мен ресурстар

Лекцияның мақсаттары: Қаржының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын, қалыптасуы мен даму шарттарын зерттеу. Нарықтық экономикадағы қаржылардың атқаратын ролін анықтау. Қаржының негізгі нысандары мен атқаратын функцияларын анықтау.

Лекцияның мазмұны

1. Қажының  әлеуметтік-экономикалық маңызы

Материалдық игіліктерді игеру, олардың үздіксізділігін қамтамасыз ету  яғни ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдістерінің жүзеге асырылуы  ақшалай түрдегі құн қозғалысынсыз мүмкін емес. Ақша айналымының негізінде қаржы  немесе ақша сомасының бір адамнан  екіншісіне өту үрдісі жүзеге асады. Бүл ерекше үрдіс нәтижесінде «қаржы » термині қалыптасты. «Қаржы» термині латынның <finis> деген сөзінен, түсінігі –«соңы», «табысқа жету», «қолма қол ақша»деген ұғымдарды  яғни төлемнің соңы, төленуі деген мағыны береді. Кейінірек бұл термин француздың <financia> түрінде беріліп, кең мағынада ақшалай төлемдер түсінігін және мемлекеттің табыстарының жиынтығы түсінігін берді.

Құндылықты категория ретінде қаржы   мемлекеттік шаруашылық субъектлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды  береді.

Қаржы тек орталықтандырылмаған және орталықтандырылған қорларды қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық қатынастарды ғана қамтиды.   Осыған сәйкес қаржы ғылымының  нысанына қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастар жатады.

Қаржының объектісіне мақсатты ақша қорлары мен кірістер жатады.  Қаржының субъектісіне  кәсіпорындардар, ұйымдар, халық және мемлекет жатады.

Кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыра отырып қаржы құнның санаттарын(ақшалай және тауарлы түрдегі) ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді.  Тек тауарлардың қозғалысының құндылықты санаты(категориясы) ғана ақша айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы экономикалық қатынастарды туындатады. Жоғарыда келтірілгендерді қорытындылайтын болсақ, қаржының мазмұны тауар-ақша қатынастарының қалыптасуы және құндылық заңының жүзеге асырылуымен айқындалады.

Қаржының мәнін тереңірек түсіну үшін өнімнің дайындалу мен бөлістірілу уақыты аралығындағы ақшалай нысандағы қозғалысты, қатынастарды   қарастыру қажет. Жеке кәсіпорынның өнімінің өндірістік құны келесі элементтермен анықталады  -  C+V+m

Мұндағы :      С- өндірістік материалдық шығындар

V- еңбек ақы

m- қосалқы өнім

Келтірілген элементтер ақшалай қорларды қалыптастырып, жинақтап, тұтынуды қарастырады. Алынған кірістің бір бөлігі кәсіпорын қарамағында қалып,екінші бір бөлігі мемлекетке аударылады.

Осының нәтижесінде ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорлары қалыптасады. Қаржылар ақша қорларының әртүрлі мақсаттағы қозғалысы барысында пайда болады. Тауарлардың құндылықты нысандағы қозғалысы ақша айналымын және ІЖӨ бөлістіруде орын алатын экономикалық қатынастырды туындатады.

Қаржы – бұл ұлттық табыс пен ІЖӨ бөлістіру мен қайта бөлістірудің экономикалық құралы.

Қаржы  — бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында  және шаруашылық субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады.

Қаржының қажеттілік деңгейі  қоғамның даму қажеттілігіне  байланысты болады. Қоғамды материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту қажет. Ал мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін  ақша қаражаттарының қорлары қажет.

Қаржылық қатынастар екі аяны қамтиды:

-мемлекеттік бюджет жүйесіне қажетті орталықтандырылған ақша қаражаттарының  қорларын  қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық ақша қатынастарын;

-кәсіпорынның орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты экономикалық ақша қатынастарын;

2. Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы

Орталық Европадағы алғашқы буржуазиялық төңкерістің нәтижесінде мемлекет басшысының қазынадан айыру үрдісі орын алды. Осының нәтижесінде жалпы мемлекеттік ақша қорлары – бюджет қалыптасты. Мемлекеттік бюджеттік қалыптасуы мен дамуы жүйелі сипатта орын алып, мемлекеттік кірістер мен шығыстардың жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің кірістері заттай түрдегі еңбек өнімдерінен емес, ақшалай нысандағы салықтардан құрала бастады.

Қаржы бұл тарихи категорияны сипаттайды. Олар мемлекеттің қалыптасуынан бастап, қоғамда сыныптарға бөліну қалыптасқан уақыттан бері орын алып келеді. Капиталистік  құрылымға  дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды. Қаржылық қатынастар 20 ғасырда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін кең дами бастады. Барлық мемлекеттерде ұлттық табыстың көп бөлігін мемлекет иелігінде пайдалану жүзеге асырылды. ( 30 дан 50%-ға дейін). Ақшалай қаражаттардың ірі көлемін иелене отырып, мемлекет ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісіне өз әсерін тигізе бастады. Осы уақытта әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысы кең ауқымда дами түсті. Дамыған шет мемлекеттерде ұйымның акционерлік қоғам нысанындағы түрі кең етек жайды. Оған  акцияны шығарудың   капиталды жинақтаудың түрі ретінде  қолданылуы өз әсерін тигізді.

Қаржының дамуын екі негізгі кезеңге бөліп көрсетуге болады:

1 кезең – Қаржының жетілмеген нысаны. Капиталистік  құрылымға  дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды.

Қаржылар өндірістен тыс сипатта орын алды. Осы кезеңде шығындар негізінен тек қорғаныс саласына жұмсалынды

2 кезең  – Қаржының жетілген нысаны. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды.

3. Нарықтық экономика жағдайында  қаржылардың атқаратын ролі
Қаржы  бұл ақша қатынастарының құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың атқаратын ролі экономикалық қатынастар жағдайындағы ақша қатынастарының орнына байланысты болып табылады. Бірақ барлық ақша қатынастары қаржылық қатынастарды сипаттамайды.  Қаржылардың ақшадан айырмашылығы олардың мазмұнында емес, атқаратын функциялары бойынша ерекшеленеді.

Қаржылар негізінен ақшалай кірістер мен қорларды қалыптастыра отырып, мемлекет пен кәсіпорындарды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаржы ұлттық табысты қалыптастыру мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Олар өндіріске, бөлістіруге және тұтынуға тікелей әсер етеді. Өндірісті дамытумен байланысты қажеттіліктерді, жұмысшы мен оның жанұясының қажеттіліктерін, үй шаруашылығы мен кәсіпорынның қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қаржы құнның нысанын алмастыру үрдісін (тауарлы, ақшалай) қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің қаржысы қоғамдық қажеттіліктерді (қорғаныс, білім, басқару, мәдениет және т.б.) және халықтың жеке топтарын әлеуметтік қорғауды (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, жүктілігі бойынша  жәрдем және т.б.) қамтамасыз ете отырып, меншік нысанының алмасу үрдісін жалпы мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етеді.  Мемлекеттің дәстүрлі функцияларынан басқа мемлекеттің шаруашылық үрдістерді реттеу функциясын атқарады яғни республикалық бюджет арқылы жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайызы және ІЖӨ 20 пайыздан астамы бөлістіріледі.

Бұл өз кезегінде ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісін жоспарлауға және экономиканың басым бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар субъективті жеке шешім қабылдаған жағдайда қаржыландыру тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайы қаржының атқаратын ролінің арта түскенін айта кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларға байланысты орын алды:

Біріншіден, дәстүрлі кәсіпорын топтарымен қатар шаруашылық субъектлер қалыптасқан жағдайда қаржылық қатынастардың жаңа топтары қалыптасады.  Осы уақытта олардың арасындағы байланыс шиеленісе түседі.

Екіншіден,  – қаржылар ақша қатынастарының жеке аясы болып табылады. Қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып ақшалар қаржының материалдық негізі болып, айналыс құралы функциясын атқарады яғни   капиталға айналады.

Үшіншіден, микро деңгейде қаржылардың ролі төмендеп, макродеңгейде олардың мәні артады.

Еліміздің жаңа экономикалық қатынастарға көшуі өндірісті едәуір төмендетіп, жұмыссыздықтың қалыптасуына жол беріп, әлеуметтік және экономикалық тұрақсыздықтың және инфляцияның қалыптасуын туындатты.  Осы кезеңде мемлекеттің қаржы саясаты тұрақсыз болып, жиі өзгереді.  Сонымен қатар  сәйкес келесі жағдайлар орын алады:

-          Қаржылық ресурстар тек мемлекеттік бюджетте ғана емес, басқада қорларда- зейн

123
скачать работу


 Другие рефераты
Вопросы морали в современной философии
Тренажеры водо-водяных реакторов
Трансформаторлардың жарамсыздыгы, оның белгілері мен себептері
Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ