Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Еліміздің бас құжаты

қабылданған болатын.

Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарынан құралды. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы прогрессивті идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан идеологиялық, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республи­касын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды.

Бүгінде еліміз азаматтардың сөз бос­тандығымен саяси құқықтық бостан­дығын бекіткен, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте да­уыс беру арқылы шешуді көздейтін де­мократиялы, дін ісіне араласпаса да әлем­нің дәстүрлі діндерін бір дастарқан басына жинаған зайырлы, заң үстемдігін жоғары қойған құқықтық және бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономи­калық даму қағидасын ұстанатын әлеуметтiк мемлекет.

Иә, бүгінде Қазақстан әлем таныған, әлеуеті дамыған, халықаралық аренада өз орны бар, айтар сөзі бар, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы зор мемлекет. Аңсағанның арманы орын­далған, тілеушінің тілегі қабыл болған киелі кең байтақ жер. Бабалардың байрағы желбіреген, бүгінгінің ұраны дүркіреген ұлы дала – Тәуелсіз Қазақстан.

Ендігі біздегі міндет – мәңгілікке ұмтылу. Мәңгілік Қазақстан. Мәңгілік Тәуелсіздік.

Берік БЕКЖАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.

http://www.parlam.kz/3/mazhilis/news-details/id90/7/1

12
скачать работу

Еліміздің бас құжаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ