Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Еліміздің бас құжаты



 Другие рефераты
Мақсат – қоғамды инновациялық тұрғыда жаңарту Астанамен бірге солтүстігімізге қазақтың тәуелсіз рухы да келді Алтын орда – Астана! Тәуелсіздік – ұлы мұрат, қастерлі ұғым

Тәуелсіздік. Осы бір ұлы да қасиетті сөзді тереңнен түсініп, кеңінен ұғынар болсақ өткеннің сағынышы мен бүгіннің қуанышын біріктірген қасиеттің қасиеті дерсің. Себебі, бұл сөзде жері мен елінің еркіндігін аңсап, соның жолында құрбан болған бабаларымыздың рухы мен төрт тарапқа тереземізді теңестіріп, аспа­ны­мызда тәуелсіздігіміздің көк туын желбіреткен бүгінгі ағаларымыздың кемелденген ұраны біріккендей.

Тәуелсіздікке әркім әрқалай жетеді. Біреу ұрысып жетеді, біреуі тырысып жетеді. Біреуі байбалам сап соғысып жетсе, енді бірі қырғи-қабақ тіресіп жетеді. Қалай дегенде де бұл жолдың оңайы жоқ.

Ал біз бұл еркіндікке өзіндік «Қазақ­стандық жолмен» келдік десем, қате айт­паған болар едім. Иә, «Қазақ­стандық жол». Ол – егемен ел болып, тәуелсіз мемлекет атан­­ған 1991 жыл және одан кейінгі тәуелсіздікті нығайту жолы. Бұл жолдардың бәрінен хал­қымыз еркелеп емес, ентелеп өтті. Себебі тәуелсіздіктің сара жолының қыры да, ойы да, сайы да көп.

«Өткенін білмеген, келерін болжай алмас» дейді дана халқымыз. Сондықтан менің сөзді алыстан орағытуымның өз орны бар. Тарих ол өткенге емес, келерге өнеге сыйлайды. Себебі, өткенді ойлап, келерді болжаймыз. Қазақ хан­дығы құрылғаннан бастап ол жан-жағынан қаумалаған жаулардан қорғана отырып, дербес, қуатты да тұрақты мемлекет болуға тырысты. Алтайдан бастап Арқа асқан, Алатаудан Жайыққа жеткен ұлан-асыр жеріміз сол күрестің нәтижесі.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» қағидасымен дамуды көздеген бабала­рымыз «Тәртіпке бағынған құл болмай­ды, тәртіпсіз ел болмайдыны» алға тартып, дала заңымен, салт заңымен өмір сүргені белгілі. Меніңше, бұл сол кездегі тәуелсіздіктің құқықтық негіздері болды. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды дала заңдары осыны меңзейді. Оның үстіне хан жайлаған Қаратауда хандардың осы жарғылары ереже болса, би жайлаған Алатаудағы билердің сөздері өз кезегінде жергілікті жердегі қазіргідей сот билігі бола отырып, күрделі түйіннің шешімін шешіп, алауыздықты ауыздап, тұ­тастықты сақтап қалуға өз септігін тигізгенін ешкім жоққа шығармас. Одан қалды хан сайлайтын құрылтай жиналыс – бүгінгі біздің өкілді органымыздай. Ал хан өз кезегінде қазіргі тілмен айтқанда атқарушы билік рөлін орындап отырған. Себебі, елдегі саяси-экономикалық жағ­дай­ды толықтай бақылауында ұстаған хандар, баж және салық жинау, халық­тың әлеуметтік мәселелерін қарастыру, ішкі тәртіп секілді атқарушы билікке тие­сілі қызметтерді де атқарып келген.

Бүгінгі биліктің үш тармағы сонау кезеңнен бастау алары хақ дегім келеді. Яғни бізде үш тармақты билігі бар тәуелсіз хандығымыз болғаны рас. Алайда, буыны қатпаған баладай балбыраған елімізді жан-жағынан қаумалаған жау тәуелділікке итермеледі.

Тәуелділік. Жауға айтсаң да, сауға айтсаң да тауға қарататын тәуелділік. Білгеніңді айтсаң, бүлдіресіңнің, көрге­ніңді айтсаң күлдіресіңнің кебін кигізіп қойған тәуелділік. Ойын айтса ойбай сала­тын, сезімді айтса сенімнен айы­рылт­қызатын тәуелділік. Ресей империя­сының құрамына кіруден бастау алып, Кеңес Одағының күшеюімен жалғасын тапқан тәуелділік. Тәуелділіктің кесірінен тәубемізді ұмыттық. Келе-келе дінімізді, тілімізді, керек десеңіз қазақ екенімізді ұмыта бастадық.

Елім деп еңіреген, жерім деп тебіренген талай боздақтар осы жолда өз өмірлерін құрбан етті. Қамшы сабындай қысқа ғұмыры бар Алаш өкіметі де өз кезегінде егемендікті, тәуелсіздікті аңса­ған қазақ елін бодандықтан алып шығуға тырысып бақты. Қазақ елінің еркіндігін құқықтық қамтамасыз етпек ниетпен Конституция да қабылдамақ болды. Себебі, Конституция елдің халықаралық деңгейдегі құжаты еді. Алайда, азат­тықтың асқақ үні алаш даласында қанша шырқалса да, сәттілік пен жетістік оны айналып өтіп жатты.

Дегенмен де боздағанға басу айтқан, жоқтағанға жоралғы айтқан, адасқанды аластамаған, қателескенді кері итермеген халқымыздың көрері бар еді.

Өткен жебеп, бүгін демегеннің ар­қасында еліміз тәуелсіз ел атанды.

Тәуелсіздік – таудай талаптың, ерен еңбектің, көзсіз ерліктің, саналы ше­шімнің жемісі. Тәуелсіздік – арманы асқақтың, мақсаты мәндінің, ұраны азат­тың көксегені. Тәуелсіздік – парасатты пайымның, ұлағатты ұстанымның, сергек ойдың нәтижесі. Өткені тартысты бол­ғанымен, келері бағалай білгенге бақ болған, қуана білгенге құт болған үлкен қуаныш, үлкен жауапкершілік бұл. Тәуелсіздік ұзақ уақыт күреспен келетін ұлы жеңіс деп есептесек, сол ұлы жеңісімізді сақтап тұру мәңгілік күрес. Ол күрес ешқашан тоқтаған емес, тоқтамайды да. Сол мәңгілік күрестің бастал­ғанына, міне, 20 жыл.

Тәуелсіздігіміз бастау алған 1990 жыл. «Қа­зақ­стан Республикасының Мем­лекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданған жыл. Бұл Қазақ елінің боданнан босанып, тәуелділіктен ары­луының құқықтық алғышарты десек, ар­тық айтпаған болар едік. Дегенмен де одақтас мемлекеттер егемендік жария­лағанымен, олар әлі толықтай тәуелсіз емес еді. Себебі қауқары қайтқанымен КСРО әлі де болса тізгінін тартып, тізімін түгендеуге тырысып жүрген кез еді. Алайда алыс басамын деп шалыс басқанның кебін киді ол.

«Қазақстан Республикасының тәуел­сіз­дігі туралы» Қазақстан Республи­ка­сының Конституциялық заңы еліміздің тәуелсіздігін бектіп берген ең алғашқы ресми құжат болып табылады. Аталған Конституциялық заңның 1-бабы былай дейді: «Қазақстан Республикасы – тә­уел­сіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында үкімет билігін толық иеленедi, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргiзедi».

Тәуелсіздік алдық. Ендігі міндет, ең ауыр міндет – оны нығайту мен күшейту, құқықтық қамтамасыз ету еді. Себебі, ке­ңес дәуірі ыдырап, 70 жыл өз әмірін жүр­гізген алып империя күші құлдыраған шақта, қағынғанның қанатына, сұғынған­ның тұмсығына жем болмай, жерінің асты байлығымен, үстіндегі халқының жай­лылығымен танылған, Алатаудан бастап Арқа асқан, Алтайдан Атырауға дейінгі созыла жатқан, ата-баба мұрасына ие болып қалдық. Алайда, құлауға да шақ қалдық. Себебі, бұғаудан босанып, тәуел­діліктен арылып шыққан елімізді үш басты айдаһардай экономикалық, саяси, әлеуметтік дағдарыс үш жақтан қау­малады. Жалпы айтқанда, экономикамыз ерініп, саясатымыз сарылып, әлеуметіміз әлсірген шақта асағанның асында, қар­ма­ғанның қолында кетуіміз ғажап емес еді.

Дегенмен біз Елбасының салиқалы сая­сатының, парасатты пайымының арқа­сында бұғауды бұзып, құрсауды жарып бүгінгі күнге жеттік. Ел егемендігімен оның тәуелсіздігін әлем елдерімен дипло­матиялық қатынас арқылы халықаралық құқық деңгейінде, 1993 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы Конституция­сын қабылдай отырып, ішкі деңгейде құқықтық қамтамасыз ете түстік.

Көш жүре түзеледі демекші, ыдырау мен құлдыраудан басталған тәуелсіздік күндері, жаңару мен жаңғырудан жалға­сын тапты. Уақыт өзгерді, онымен бірге талап өзгерді, талапқа сай қоғам өзгерді. Ал бұл өзгерістердің барлығы Тәуел­сіздікті нығайту үшін жаңа құқықтық тетіктердің қажеттілігін тудырды.

Осының негізінде Қазақстан Респуб­ликасының бүкілхалықтық референдумда қабылдаған Конституциясын өмірге әкел­ді. Бүгінде бұл 16 жылдығын тойлағалы отырған, саяси, экономикалық, әлеуметтік жетістіктердің жаңа белесіне құқықтық негіз берген Ата Заңымыз. Себебі, еліміздегі барлық болып жатқан саяси, эко­номиалық, құ­қық­тық шаралар осы Ата заңымыз негізінен туындайды. Өйт­­кені, барлық қо­ғам­дық қатынастар тиісінше заңдармен реттеледі. Ал заңдар өз кезегінде тікелей Ата Заңнан бастау ала­ды. Конс­титу­ция­ның 4-­­бабының 2­­-­тармағына сәйкес Конс­титуция­ның ең жо­­ғары заңды күшi бар және респуб­ли­каның бүкiл аума­ғында ол тiк­елей қолда­ны­лады.

Ата Заңымызды қа­былдай отырып, біз өз тәуел­сіз­дігімізді одан әрі нақтылай түс­тік. Қазақстан Республикасы өзiн де­мократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнық­тырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Рес­публикасы – президенттiк басқару ны­санындағы бiртұтас мемлекет. Респуб­ликаның егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұ­тастығын, қол сұғылмауын және бө­лiнбеуiн қамтамасыз етедi. Міне, осы сында жаңа құқықтық нормалар елдің тәуелсіздігін толықтай құқықтық қамтамасыз етуде.

Мемлекет – бұл Конституцияның түлегі. Себебі, конституция арқылы мемлекет өзін халықаралық және ішкі деңгейдегі құқықтық мәртебесін бекітеді. Сол арқылы ол өз әрекетін құқықтық қамтамасыз етеді. Конституция – мемле­кеттіміздің тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан оған үлкен мән берілуде.

Конституция – біздің еркіндігіміздің негізі. Конституция – біздің тәуел­сіз­дігіміздің кепілі. Конституция қағи­далары толықтай елімізді демократия­ландыруға, экономикалық өрлеуге, ха­лық­аралық деңгейде өсуге, ішкі дең­гейді әлеуметтік саяси-құқықтық тұрақ­ты­лыққа, ауызбірлікке шақырады.

30 тамыз елімізде заңмен бекітілген Мемлекеттік мереке – Конституция күні. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымызды қабылдай отырып, Қазақстан өзінің қандай ел екенін, болашақта қандай болатынын стратегиялық тұрғыда бекітіп алды. Бұл Конституцияның тағы бір ерекшелігі –халық пен оның жекелеген мүшелерінің өте маңызды заң құжатын олардың тікелей қатысуымен қабылдауы Қазақстан тари­хында алғаш рет жүзеге асы­рылуында еді. Оған дейінгі Консти­туция­лар болса, өкілді органдар арқылы

12
скачать работу


 Другие рефераты
Қазақстан Республикасындағы инфляция
Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты проблемалар
Свобода воли
Азаматтық қарым-қатынас құжаттары


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ