ЕМДЕЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Другие рефераты
Адамзат жаратылысынан бері табиғи қозғалыстың негізінде өмір сүріп, өсіп-жетіліп отыратындығы белгілі. Дегенмен де, күнделікті тіршіліктегі табиғи қозғалыс, әрине, ағзаның толың жетілуін қамтамасыз ете алмайтындығы тағы белгілі. Сондықтан, қосымша дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану өз алдына, жаттығуларды арнайы емделу мақсатында да қолдануға болады.
Осы оқулықтың студёнттерге ұсынылып отырған емделу жаттығулары тарауында, мүмкіндік болғанша, қандай науқасқа, қандай жаттығуларды пайдалануға болатыны жөнінде түсініктеме беріледі.
Әуелі адамзат философиясының негізін салған Аристотель өзіне-өзі тәжірибе жасап «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген қорытындыға келген. Өзіне жасаған тәжірибесі — күніне бірнеше сағат бойына бір қолына батпан іліп қойған да, осы мезгілде екінші қолын қозғалтпай денесіне байлап қойған. Сонда, батпан көтеріп тұрған қолының күш-қуаты жетіліп, қозғалмаған қолы солып кеткен екен.
Демек, дененің бір мүшесі ауруға шалдықса, оны мүмкіндік болғанша әр адам өзінің шама-шарқына қарай бақылау жасап, қозғап отырса, біртіндеп ауруынан да айығып кетуі ықтимал.
Сондықтан, адам баласы үнемі қозғалыста болса жалпы созылмалы ауруға шалдықпауы да мүмкін. Ауру деген адам бойында ішкі-сыртқы құбылыстың тепе-теңдігінің бұзылуынан кенеттен пайда болуы да мүмкін. Ендеше, әркім күнделікті тіршілікте осы құбылыстың бұзылмауын саналы түрде бақылап отырса, әрине, науқастан ада болып, ұзақ өмір сүрудің соқпағына түсері анық.
Жалпы адам баласының қаншалықты науқастанып жүрсе де, денсаулығын сақтауға, емделуге уақытында мән бермейді.
Ауруы мүлдем асқынып, тіршілік етуге шамасы таусылған кезде ғана емделуді ойлай бастайды.
Адамзат тарихында емделу жаттығуларымен, сонау ықылым заманнан бері шұғылданып келе жатыр. Сонау, біздің заманымыздан бұрын үшінші ғасырда қытайлардың «Ней-цзин» (адам табиғаты) атты еңбегінде халық медицинасының негізінің өзі — осы емделу жаттығуларымен шұғылдануға әкеліп тірейді. Демек, науқастың қандай аурумен ауырып тұрғаны анықталғаннан кейін бұл аурудан емделу үшін арнайы емделу жаттығуларын дайындаған. Содан кейін жаттығулармен қалай шұғылдануға болатындығын көрсетіп берген.
«Ней-Цзин» атты еңбектің негізгі қағидасы, яғни, адам табиғаты неден тұрады деген мәселе. Адам да табиғаттың бір мүшесі ретінде қаралғанымен, табиғаттың басқа мүшесінен тұрады деп дәлелдейді. Демек, адам — топырақтан, судан, оттан, (жылулық), ауадан және өсімдік құрамынан, осындай 5 элементтен тұрады деп дәлелдейді. Осы 5 элементтің тепе-теңдігі дұрыс болса, онда қандай адам болса да дені сау деп ұғынуымыз керек. Егер де бұл тепе-теңдік бұзылатын болса, онда ол адам ауруға шалдықты деген сөз.
Міне, бүгінгі тіршіліктің қалыптасу жағдайында студенттердің денсаулығының ақауы кетсе, неден кеткенін анықтап алғаннан кейін арнайы емделу жаттығуларымен айналысуы керек.
Құрметті, студент жастар! Әр адам, өзінің денсаулығында ақау барын білгеннен кейін, саналы түрде емделу жаттығуларымен шұғылдануға болады.
Асқынып кеткен науқасқа, әрине, медициналық емделу қажет. Бірақ, сол медициналық жолмен, яғни, химикатпен емделу жүйесі сол ауырған мүшені қалпына келтіреді дейік, сондай-ақ ол екінші жағынан адамның басқа мүшесін ауруға шалдықтыратындығын да ұмытпауымыз керек.
Біздің заманымыздың басында, қытайдың атақты хирургі Хуа То адамның денсаулығын қалыптастыру үшін емделу жаттығуларын пайдалануды жетілдірудің жаңа бір бағытын ұсынды. «Бес жануардың қозғалысын орындау», ол — арыстан, бұғы, аю, маймыл, құс. Неге мұндай жүйені ұсынып отыр? Автордың айтуы бойынша, бұл жануарлардың қозғалысын орындағанда науқас адам денесінің ауруын сезбей қалады да, жүйке жүйесі ауруын қалпына келтіруге бұрылады. Демек, қандай да болсын, науқастанған адам үнемі сол ауруын ойлайды екен. Үнемі осындай көңілсіздіктен, яғни, аурудың себебін, ауырған жерін ойлаудан көңілін аулау мақсатында өткізілген.
Адамзаттың келесі даму жүйесінде, емделу жаттығуларымен қоса демалу, дене шынықтыру жүйесін қалыптастырады. Онымен қоса, уқалау, сылап-сипау — массаж жасау жүйесін де кіргізеді.
Ертедегі Грекияда адамның денсаулығын оның дене жағынан дамуымен есептеген. Әсіресе, жастардың өсіп-жетілуін тек қана дене жағынан дамуымен санаған. Сондықтан тіршіліктің бірінші кезеңінде Грекияда күш-қуатты дамыту мақсатын көздеп, тек бірнеше жаттығулар жиынтығынан тұратын «Гимнастика» деп аталатын спортпен шұғылданудың ілімін кіргізген. Оның өзі де емделу мақсатында жүргізілген. Грекиядағы адам денсаулығы үшін жүргізілген шаралардың ең негізгі белгісі ауруға шалдыққан оқушылардың емделуімен, тек дене тәрбиесінен сабақ беретін мұғалім шұғылданған. Демек, ауру адаммен дене тәрбиесі жүйесінен білімі бар адам ғана шұғылданған. Бұл мамандың иелері арнайы анатомия, физиология, гигиена, жалпы биология ғылымдарымен айналысады екен. Сондықтан да, оқу орындарында ауруға шалдыққан шәкірттерін емдеу, дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне жүктелген.
Ертедегі Үндістанда б.з.б. IV ғасырда өмір сүрген Сужрута өзінің «Өмірді білу» деген еңбегінде адамның өмір сүру жүйесін 4 бағыттан қарайды. Біріншіден -адамның ауруының анықтығы, екінші — егер ауру болса, аурудың себебін анықтау, үшінші — емделуге бола ма? Төртіншіден — қандай ем қолдануға болады? Міне, осындай идеядан аурудың алдын алу үшін адамның ауырмауы да, денсаулығының мықты болуы да, күшті де қайратты болу керек дейді. Адам өз денесінің қозғалысын меңгере білуі қажет. Осындай қағидадан «иоги» жүйесі өмірге келеді.
Жалпы, бүгінгі таңда, өмірдің ең саналы кезеңінде өмір сүріп жатқанда сол «иоги» жүйесінің негізі бола алатын адамның күнделікті тіршілікте күн үзбей орындалып отыратын таңертеңгілік бой жазу жаттығулары болса керек.
Ертедегі римдіктер де ауруды емдеуді емделу жаттығуларына негіздеген. Римнің ғұлама анатом ғалымы Голеннің «Бұлшық еттердің қимылы жөніндегі ілімі» атты еңбегінде «адамның адам болып өсіп-жетілуі, тек дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға ғана негізделген» деп дәлелдеген.
Адамзат емделу жаттығуларымен шұғылдануды ықылым заманнан бері аурудың емі болып табылатындығын бүгінгі ұрпаққа дейін жеткізіп отыр. Сондықтан, дені сау болып, ұзақ өмір сүремін деген адам дене шынықтыру жаттығуларымен қоса арнайы емделу жатты-ғуларымен де үзбей шұғылдануы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.
-
Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.
-
Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.
-
Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1994.
-
Бутин И.М. Лыжный спорт. — Москва: Академия, 2002.
-
Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991.
-
Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991. ,
-
Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000
-
Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. — Москва: Военное издательство, 1987.
-
10. Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. — Москва, 2000.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|