Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Емделу жаттығуларының жалпы денсаулық жүйесінде алатын орны



 Другие рефераты
Есірткі ЕМДЕЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ Доңыз, шошқа тұмауы Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан бері қарай, бұрынғы коммунистік қоғаммен салыстырғанда өмір тіршілігі түбегейлі өзгерді. Әр адам өзінің денсаулығына өзі жауап береді.

Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, жалпы денсаулық сақтау жүйесінде емделу жаттығуларының өзіндік орны бөлек. Қазақстанда денсаулық жүйесінің қалыптасуы негізінен үш бағытта анықталады:

  1. Валеология ғылымы — аурудың алдын алу;
  2. Медицина ғылымы — негізгі емделу жүйесі;
  3.          Емделу жаттығулары — адамның өз бетінше емделу жүйесі.

Қолдарыңдағы оқулықта тұңғыш рет емделу жаттығулары ұсынылып отыр. Адам ауруға шалдыққанда, бүкіл дене емес, адам мүшесінің біреуі ғана ауырады. Адамның бұл ауру мүшесін уақытында емдемесе, онда уақыт өткен сайын дертке айналып, адамның басқа мүшелерін де ауырта бастайды. Міне, осы сәтте, жекеленген бір мүшенің ауруын емдеген кезде бүкіл дене қозғалысын іске қосу керек. Демек, емделу жаттығуларымен шұғылданғанда барлық дене қозғалысы іске қосылады. Сондықтан да емделу жаттығуларының өзіндік ерекшелігі осында. Айталық, медициналың дәрі-дәрмекпен емдеу жүйесінде бір мүшені емдесе, ол екінші бір мүшені әлсірететіндігі ақиқат.

Кім болса да, емделу жаттығуларымен шұғылдану үшін ең әуелі өзінің ағзасының жалпы саулығын білуі керек. Бұл деген сөз әр адам физиология, анатомия және биология деген ғылымдардың жалпы ілімінен хабардар болуы керек. Сонда ғана емделу жаттығуларымен шұғылдану өзінің нәтижесін береді. Соқыр сезімге салып, сауатсыздықпен, қалай болса солай, шұғылдана беруге болмайды. Себебі, адам ең әуелі өзінің науқасқа шалдыққан мүшесін білуі керек. Емделу жаттығуларымен шұғылдану соған негізделеді.

И. Павловтың іліміне сүйенер болсақ, мидың жарты функциясы, яғни, ағзаның жұмыс істеу қабілетін тежеу жүйесі басталған кезде міндетті түрде емдеу жаттығуларымен айналысу қажет. Себебі, ағзаның шаршағандығының салдарынан, немесе бір мүшенің ауырғанынан мидың екінші жартысында тежеу жүйесі іске қосылады. Енді ағзаның жұмыс қабілетін қалыпқа келтіру үшін емделу жаттығуларын орындау керек.

Емделу жаттығуларын пайдалану көпшілік жағдайда хирургиялың емделуден кейін тірек-қозғалыс аппаратын қалыпқа келтіру үшін табылмайтын ем болып са­налады. Терапия науқасынан кейін де демалыс аппаратын жүйеге келтіру үшін бұл жаттығулардың өзіндік орны бөлек. Қан айналымы жүйесі бұзылғаннан кейін де, инсульт науқасынан соң емделу жаттығуларын қолданудың үлкен маңызы бар.

Емделу жаттығуларының екінші бір түрі — уқалау, сылап-сипау, яғни, массаж жасау.

Емделу жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, әсіресе, жалпы дамыту дене шынықтыру жаттығуларын орындағанда ағзаның барлың мүшесінің бұлшық еттері қозғалыста болады. Сондықтан да емделу жаттығулары жүйелі түрде жүргізіледі. Жекелеп алып, ағзаның бір мүшесіне ғана арналған жаттығулармен шұғылдануға болмайды.

Жалпы дамыту жаттығуларының күрделілігі және шұғылдану уақыты, әрине, науқастың жағдайына байланысты.

Тағы бір ескеретін жағдай емделу жаттығуларымен шұғылданған кезде дәрігердің кеңесін алу, болмаған күнде дене тәрбиесі мұғалімімен кеңесіп отыру да тиімді іс болады. Себебі науқастың қай түрі болса да, айталық, жүрек, өкпе, бүйрек, жұқпалы аурулар, тіпті хирургиялық, т.б. аурулардың біреуі асқынып кетсе, әрине, басқа мүшенің жұмыс істеу жүйесіне әсерін тигізбей қоймайды. Демек, емделу жаттығуларымен шұғылданғанда жаттығудың мазмұны негізінен сол ауырған мүшені тезірек қалпына келтіру мақсатында орындалуы керек.

Емделу жаттығуларының құралы

Емделу жаттығуларының құралы — әр түрлі бағыттағы жалпы дамыту жаттығулары, табиғи күштер және массаж жасау. Жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде оның қанша рет қайталануына, яғни, жүктемесіне назар аудару. Себебі, бұл жалпы дамыту жаттығулары әр адамның керегіне қарай немесе науқастың жағдайына қарай іріктеледі. Науқас адам емделу жаттығуымен шұғылдануды үнемі үзбей орындап отыру керек.

Жаттығулардың құрамы ауыратын мүшеге байланысты іріктеліп алынады, қозғалмалы және спорттың ойындар болуы мүмкін. Сондай-ақ, қолданбалы спорт түрлері де пайдаланылады.

Емделу жаттығуларымен шұғылданудың негізгі мақсатының өзі, барлық жаттығуларды, массаж, табиғи күштерді, т.б. барлығын кешенді түрде пайдалануға болады.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде негізгі бағыты сол ауырған жерді емдеу болғанымен, бүкіл ағзаны қозғайтын, ішкі органға да әсерін тигізетін, қан айналысына әсер ететін жаттығулар іріктеліп алынады.

Жалпы, емделу жаттығуларын орындаған кезде суды қалай қолдануға болады? Суда жүзгенде дененің барлық мүшесінің қозғалуы қамтылады. Дегенмен де, адам өзінің сырқатына қарай, пайдаланғанда күннің қай уақытында келіп түсуге болады, суға түсуді қанша уақытқа дейін жалғастыруға болады деген сұрақтар туындайды. Бұл жағдайдың барлығына бақылау жасау әркімнің өзінің міндеті.

Күн сәулесін пайдаланудың да өзіндік жүйесі бар. Суға түсудің жөні осы деп, күн ұзақ күнге қыздырынып жата беруге болмайды. Әр істің шегі бар, көздің де көретін шегі бар, ол горизонт. Әдетте, күнделікті тәжірибеде кездесетін жағдай, адам өзіне-өзі бақылау жасамай, денсаулығын қалыптастырудың орнына ауру қосып алатын жағдайлар да кездесіп қалады. Сондықтан да, күн сәулесін қабылдаудың өзіндік ғылыми жүйесі бар және де бауыры, тағы басқа ішкі мүшелері ауруға шалдыққан адамдарға күнге қыздырынуға болмайды. Демек, күн сәулесін пайдалану, тек емделу мақсатында ғана қолданылады.

Күн сәулесін пайдаланудағы ескеретін жағдай, бүгінгі экологияның бұзылуына байланысты ағзаға керісінше әсер ететін жағдайлары болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.
  2. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.
  3. Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.
  4. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1994.
  5. Бутин И.М. Лыжный спорт. — Москва: Академия, 2002.
  6. Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991.
  7. Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991.     ,
  8. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000
  9. Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. — Москва: Военное издательство, 1987.
  10. 10.  Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. — Москва, 2000.
скачать работу


 Другие рефераты
Көне Түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлері
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы
Платежные системы коммерческих банков
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕСІ-АНЫҚТАУЫШ


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ