Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ САЛААРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ

уі заңды, өйткені қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін олардың еңбек қызметі барысында қорғау әлеуметтік мемлекеттің адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің құрамдас бөлігі және конституциялық-құқықтық деңгейде регламенттелмей қалуы мүмкін емес өте маңызды категория болып табылады.

Қызметкер мен жұмыс берушіге, яғни, еңбек келісім-шартының тараптарына қатысты Конституция нормалары еңбек заңнамасы актілерінде дами түседі. Мысалы, Еңбек кодексінің 4-бабында ҚР еңбек заңнамасының принциптерінің арасында қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету, өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы, қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың мәселелерін мемлекеттік реттеу сияқтылары көрсетіледі. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттеуге көрсетілген актінің 5-тарауы арналған [6].

Еңбек заңнамасының азаматтық заңнамамен тығыз байланысты екені белгілі. Соңғысы тауар-ақша және қатысушыларының теңдігіне негізделген басқа да, мүліктік қатынастарды реттей отырып, еңбекпен және оның нәтижелерімен байланысты қатынастарды да реттейді.

Еңбек қатынастары, осылармен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар сияқты, келісім-шарттық бастамаларға негізделген және ақылы сипатқа ие. Бұдан басқа, еңбек және азаматтық заңнамалар салаларының арасында генетикалық байланыс бар, өйткені еңбек құқығы кезінде азаматтық құқықтан бөлініп шыққан. Сондықтан, әр түрлі салаларға тиесілілікті сипаттайтын пәннің дербестігіне қарамастан, еңбек құқығының дамуына азаматтық құқық принциптері мен әдістері әсер етпей қоя алмайды. Бұны, ең алдымен, құқықтар мен міндеттерді белгілеудің диспозитивтік сипатының басымдығы, құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі, құқықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау тәртібі және т.б. айғақтайды [7].

Азаматтық құқықтың зерттеу тақырыбына еңбек шартына (контрактқа) негізделетін еңбек қатынастарымен жақын жанасатын қоғамдық қатынастар кіретіндігі белгілі. Бұл – тұрмыстық мердігерлік, тапсырма, әдеби тапсырыс келісім-шарттарын және т.б. орындау жөніндегі қатынастар. Көрсетілген қатынастарға ортақ белгілер тән: олар еңбекпен байланысты, келісім-шарттық бастамаларға негізделген, ақылы сипатқа ие. Алайда олардың арасында олардың әр түрлі салаларға жататындығын білдіретін едәуір айырмашылықтар да бар [8]. Әдетте, белгілі бір қатынастарды еңбек құқығының зерттеу тақырыбына жатқызу үшін арнайы акті шығарумен бекітілген, қызметкердің еңбек ұжымы құрамында жеке еңбек қызметтерін орындауы, сондай-ақ осы қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағынуы қажет болады.

Сондай-ақ азаматтық құқықтың еңбекті қорғау институтымен байланысын қызметкерге оның өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында келтірілген шығынды өтеу бөлігінде қарастыруға болады. Көрсетілген қатынастарды азаматтық құқықтың немесе еңбек құқығының реттеуі керек пе, немесе екі саланың екеуі де реттеуі керек пе, бұл мәселе ғылыми ортада әлі күнге дейін даулы мәселе болып табылады.

Бірінші көзқарастың мәнісі — қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру жөніндегі қатынастар азаматтық құқықтың зерттеу тақырыбына жатқызылатындығында. Бұл көзқарастың жақтастары келесілер: В.Т. Смирнов [9], А.А. Собчак [10], А.П. Сергеев, Ю.К. Толстой [11]. Екінші көзқарасты осы қатынастарды азаматтық және еңбек құқығының әрекет етулерінің шектес саласына жатқызатын авторлар ұстанады [12]. Үшінші көзқарас даулы қатынастарды еңбек құқығының әрекет ету саласына жатқызудан тұрады (Л.А. Сыроватская [13], В.Н. Толкунова [14], Р.З. Лившиц [15], П.Р. Ставиский [16]).

Біздің пікірімізше, құқықтың ешқандай саласы жеке өмір сүріп, қызмет ете алмайды – құқық салаларының құқықтық реттеу әдісі, тақырыбы және қызметі сияқты мәселелерде түйісе алатындығы әбден заңды. Оның үстіне, еңбек құқығының кезінде азаматтық құқықтың бір бөлігі болғандығын есепке алу қажет. Сондай-ақ жоғарыда келтірілген дәлелдемелермен келіспеу қиын. Осылайша, біз қызметкердің денсаулығына немесе өміріне келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі қатынастарды бір ғана салаға жатқызуға болмайды деп санаймыз, яғни, бұл қатынастар азаматтық және еңбек құқығының әрекет етулерінің шектес саласы болып табылады.

Еңбек құқығы өзінің табиғаты бойынша тек азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың да принциптері мен әдістеріне негізделеді. Мәселе ұжымдық өндірістің қызметкердің әкімшілік билігіне бағынуын, тәртіпті, еңбек ету барысында оның еркіндігінің шектелуін әділ талап ететіндігінде, сондықтан өркениеттік тәсіл әкімшілік-құқықтық (ұйымдастырушылық, басқарушылық) тәсілмен толықтырылды [17].

О.В.Смирновтың атап көрсеткеніндей, еңбек және әкімшілік құқықтардың шектес сипаты, біріншіден, реттеу тақырыбының ұқсастығынан (еңбек құқығында – еңбек саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар; әкімшілік құқықта – мемлекеттік басқару саласындағы қатынастар) және, екіншіден, құқықтық реттеу әдісінің ұқсастығынан (құқықтың екі саласында да мемлекеттік-билік нұсқамалары тәсілін қолдану) көрінеді [18].

Шындығында, еңбек заңнамасын бақылау мен қадағалау жөніндегі қатынастар екіұшты сипатқа ие, ол бақылаудың субъектілері мен деңгейіне байланысты болады. Салалық тұрғыдан ұйым ішіндегі қадағалау мен бақылау жөніндегі қатынастар еңбек құқығына жататындығы күмән тудырмайды. Мұндай қатынастар ұжым ішінде, мысалы, бір жағынан, қызметкер немесе қызметкерлер және, екінші жағынан, жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) немесе кәсіподақ арасында еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің сақталуын кәсіподақтың бақылауы кезінде қалыптасады. Еңбек заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастарға келетін болсақ, бұл қатынастар әкімшілік-құқықтық болып келеді.

ҚР Еңбек кодексі еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау қатынастарын ұжым аясында шектемейді. Онда еңбек құқығының зерттеу тақырыбын құрайтын еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастардың кең түсіндірмесі мазмұндалған.

Еңбекті қорғауды жоғарғы органдардың жоспарлауы мен ұйымдастыруы жөніндегі қатынастар ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар болып табылады, яғни, әкімшілік құқық саласына да жатады. Мұндай нормалардың мазмұнына ұйым әкімшілігінің еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауға міндеттілігі, осы мақсаттарға қаражаттар бөлу, осы шаралардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Жоғарыда көрсетілген құқық нормалары 2 түрлі болуы мүмкін: 1) еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды жалпы сипатта реттейтін нормалар (олар нақты еңбек және әкімшілік қатынастарының пайда болуының алғышарты ретінде бой көрсетеді); 2) еңбекті қорғау жөніндегі нақты шараларды өткізу міндетін тікелей қарастыратын нормалар. Әкімшілік құқыққа да, еңбек құқығына да сондай-ақ министрліктер мен оларға есеп беруге міндетті ұйымдардың қауіпсіздік қызметі органдарының (қауіпсіздік техникасы жөніндегі бөлімдерінің) еңбекті қорғауды ұйымдастыруларын реттейтін нормалар жатады.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институтының кешенділігі туралы мәселені зерттеу барысында еңбек қауіпсіздігінің стандарттары сияқты техникалық-заңдық нормаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл стандарттарды барлық ұйымдар, мекемелер мен ұйымдар, және әсіресе жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары жаңа техниканы, технологиялық үдерістерді, өндірістік нысандарды жасау кезінде сақтаулары тиіс. Көрсетілген стандарттарды сақтау ғылыми-техникалық революцияның дамуы кейде уақыттың өзінен де озып кететіндіктен және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерді сақтаудың өнеркәсіптік нысандарды, машиналар мен технологиялық үдерістерді жоспарлау мен салу кезінде алдыңғы қатарға шығып, қазіргі кезеңдегі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудің аса маңызды түріне айналатындығынан да өзекті болып табылады.

Сондай-ақ еңбекті қорғау институты мен әкімшілік құқық нормалары еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік) тұрғысынан да түйіседі.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» институты нормаларын реттеудің негізгі зерттеу тақырыбы қызметкердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар болып табылса, онда әлеуметтік қорғау құқығы азаматтардың қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанда (уақытша немесе тұрақты) немесе зейнеткерлік жасқа келгенде, оларды материалдық қамтамасыздандыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар, әдетте, еңбек қатынастарымен тығыз байланысты. Азаматтардың материалдық қамтамасыздандырылуының көлемі бұл жағдайда олардың еңбек өтілдерімен еңбек қатынастары барысында алған еңбекақыларымен өлшенеді.

Еңбек қатынастарында азаматтар еңбек етуге құқықтарын жүзеге асырады, ал әлеуметтік қорғау құқығының реттейтін тақырыбы материалдық қамтамасыздандыруға құқықты жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары барысында еңбекке төленетін ақы қызметкер еңбек ететін ұйымдардың, мекемелердің қорларынан шығарылады. Әлеуметтік қорғау құқығы орталықтандырылған қорлардан жәрдемақылар мен зейнетақылар төлеуді қарастырады. Оның үстіне, әлеуметтік қорғау құқығы үшін, еңбек құқығындағыдай, материалдық төлемдердің келісім-шарттық әдісі тән емес. Азаматтар материалдық қамтамасыздандыруды құзырлы органдар қабылдаған құқықтың директивалық нормалары негізінде алады, соған байланысты олар тараптардың келісімімен өзгертіле және нақтыландырыла алмайды [19].

Сондай-ақ еңбекті қорғау институты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыру мәселелерін реттеу тұрғысынан сақтандыру құқығымен байланысты. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiн

123
скачать работу

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ САЛААРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ