Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ САЛААРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ

iң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 Заңы жұмыс берушіні қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар ұйыммен сақтандыру келісім-шартын жасасуға міндеттейді [20]. Өз жауапкершілігін сақтандыра отырып, жұмыс беруші денсаулығын қалпына келтіруге қажетті немесе тиісті сомаларға құқықтары бар адамдар үшін қажетті ақша қаражаттарын өтеуді кепілдейді.

Бұл сақтандырудың негізгі мақсаты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірлері мен денсаулықтарына зиян келтірілуі мүмкін қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады, және біздің республикамызда қарастырылған халықты әлеуметтік қорғаудың 3-ші және соңғы деңгейі болып табылады.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі қатынастардың өздері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар сияқты, азаматтық және еңбек құқығы сияқты салалардың реттеу тақырыбы болып табылады. Құқықтың қандай да бір саласының нормалары сақтандыру төлемдеріне құқықтың жүзеге асырылу кезеңіне байланысты әрекет етеді. Мәселен, азаматтық құқық нормалары сақтандыру және зиянның орнын толтыру туралы жалпы ережелерді реттейді, еңбек құқығы нормалары, атап айтқанда, еңбекті қорғау институтының нормалары сақтандыру оқиғасының орын алуының негіздерін анықтайды, яғни, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі қандай да бір ережелерді бұзуы қызметкерге келтірілген зиянның орнын толтыру үшін негіз бола алады.

Еңбекті қорғау институтының салааралық сипаты еңбек қызметін зерттейтін психологиялық ғылымның бағыты, соңғы кезде зерттеу салаларының өзектілерінің бірі – эргономикамен байланысынан да көрінеді.

«Эргономика» терминін (грекше ergos – жұмыс, nomos – заң) Англияда 1949 жылы Эргономикалық зерттеу қоғамын құрған бір топ ағылшын ғалымдары қабылдаған. Америкада зерттеулердің бұл бағыты «адам инженериясы», ал ГФР-да «антропотехника» деген атауға ие болды [21]. Эргономика, адамның еңбек қызметін психология, физиология, әлеуметтану, сондай-ақ заң ғылымдары тұрғысынан зерттейтін кешенді құрылым бола отырып, еңбекті қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де айтарлықтай маңызға ие.

Республикалық деңгейдегі еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру қаржылық құқықтың ғана емес, сонымен бірге еңбек құқығының да реттеу тақырыбы болып табылады.

Осылайша, еңбекті қорғау құқықтық институты салааралық құрылым болып табылады, себебі қызметкерге келтірілген зиянның орнын толтыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелерін реттеу кезінде түйісетін құқықтың көптеген салаларымен және олардың институттарымен, конституциялық құқықтармен және бостандықтармен, еңбекті қорғау жөніндегі шаралардың әкімшілік жоспарлануымен және ұйымдастырылуымен және т.б. байланысты. Осы қатынастардың барлығы бірнеше институттың нормаларының реттеу тақырыбы болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Голощапов С.А. Правовые вопросы охраны труда. -М.: Юридическая литература, 1982, -51, 62 бб.

2. Макевкина А.С. Понятие охраны труда по российскому трудовому праву: заң ғылым. канд… дисс.: 12.00.05. -Барнаул, 2005,  - 12 б. // Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының Тараз қаласындағы филиалы арқылы алынған.

3. 2007-2010жж. жұмыспен қамту бойынша жедел статистикалық көрсеткіштер // ҚР Статистика агенттігінің интернет сайтынан — http://www.kaz.stat.kz/digital/stat_trud_kz/Pages/default.aspx

4. Паэглэ В.Э. Охрана труда как социально-правовая система и управление ею. — Рига: Зинатне, 1985, — 8 б.

5. Левитин Л.И. Правовое регулирование охраны труда в колхозах: заң ғылым. канд… дисс.: 12.00.05. –А.: Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті, 1968, — 2 б.

6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: 15 мамыр 2007 жыл //  «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// www.zakon.kz

7. Нұрмағамбетов А.М. О соотношении трудового договора и гражданско-правового договора. // Право и государство. -1997.- №7. – 12 б.

8. Трудовое право. Учебник под ред. О.В. Смирнова.  -М.: Проспект, 2000, -19 б.

9. Смирнов В.Т. Гражданская ответственность государственных предприятий за причинение увечья или смерти работникам. – М.: Госюриздат, 1957, – 232 б.

  1. Смирнов В.Т., Собчак А.А. Общее учение о деликтных обязательствах в советском гражданском праве. – Л.: Ленинград университетінің баспасы, 1983, –19-23 бб.
  2. Гражданское право. Оқулық,  А.П.Сергеевтің, Ю.К.Толстойдың редакциясымен. 3 Т. – М.: ПБОЮЛ Л.В.Рожников, 2000, – 4-22 бб. және басқалары.
  3. Поленин С.В. Пограничный институт гражданского и трудового права (Возмещение вреда, причиненного здоровью // Советское государство и право. – 1974. — № 10. – 60-68 бб.
  4. Сыроватская Л.А. Ответственность по советскому трудовому праву. – М.: Юридическая литература, 1974. – 50 б.
  5. Толкунова В.Н. Трудовое право: курс лекций. – М.: ТК Велби АҚБ, 2002, – 244 б.
  6. Лившиц Р.З. Ответственность за повреждение здоровья рабочих и служащих в советском праве // Советское государство и право. – 1964. — №5. – 103-110 бб.
  7. Ставиский П.Р. Материальная ответственность предприятий в трудовых отношениях. – Киев; Одесса: Вища школа баспа бірлестігі, 1987. – 63 б.
  8. Лившиц Р.З. Теория права. Оқулық. -М.:БЕК, 1994, -188 б.
  9. Трудовое право. Оқулық. О.В. Смирновтың редакциясымен. -М.: Проспект, 1998, -20 б.
  10. Ахметов А., Ахметова Г. Трудовое право: Оқулық. -Алматы: Юридическая литература, 2005, -14, 15 бб.
  11.  «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: 7 ақпан 2005 жыл, № 30  // «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// www.zakon.kz
  12. Котелова Ю.В. Очерки по психологии труда: Оқу құралы. -М.: Мәскеу университетінің баспасы, 1986. -24 б.

 

Баймолдина С.М., к.ю.н., доцент кафедры Уголовно-правовых дисциплин

 ЕНУ им. Л.Н. Гумилева

123
скачать работу

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ САЛААРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ