Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Эндоплазмалық тор



 Другие рефераты
Энергетикалық алмасу Эндоцитоз Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі Электрокардиограмма

Эндоплазмалық тор (ЭПТ) немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР) көптеген қатпарлары түзіп жататын мембранамен қапталған біріңғай үзілмейтін компартмент (15-сурет). Сондықтан электронды-микроскопия суреттерінде ЭР көптеген түтіктер, жалпақ немесе дөңгелек цистерналар, мембраналық көпіршіктер секілденіп көрінеді.

ЭР мембраналарында клетканың тіршілігіне қажетті әртүрлі заттардың алғашқы синтездері жүреді. Ол заттардың алғашқы синтезі деп атауымыз шартты, өйткені эндоплазмалық ретикулумнан синезделіп шыққан заттардың молекулалары әрі қарай клетканың басқа компартменттерінде  химиялық өзгерістерге ұшырайды.

Көптеген заттар ЭПТ-дың мембраналарының сыртқы бетінде синтезделеді. Одан кейін бұл заттар мембрана арқылы компартменттің ішіне тасымалданады. Компартменттің ішінде бұл заттар одан әрі қарай биохимиялық реакцияларға түсу үшін басқа жерлерге, көбінесе Гольджи аппаратына жеткізіледі. Эндоплазмалық тордың түтікшелерінің ұштарында синтезделген заттар ең алдымен жиналып, содан кейін тасымалдау көпіршіктері ретінде бөлінеді.

Әрбір көпіршік мембранамен қоршалған, олар гиалоплазмамен қажетті жеріне жылжиды. Олардың тасымалдануларына микротүтікшелер қатысады.

Эндоплазмалық торда синтезделетін заттардың ішінде клетканың мембраналарын жинақтауға қажетті заттарды атауға болады (бұл заттардың соңғы жинақтаулары Гольджи аппаратында жүреді).

Эндоплазмалық ретикулумның түйіршікті (гранулярлы)  және түйіршіксіз (агранулярлы) түрі бар. Олар сыртқы көрінісі және атқаратын қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болғанымен бір құрылым.

Түйіршікті эндоплазмалық ретикулум мембранасының гиалоплазмаға қараған бетіне рибосомалар бекінген, ал агранулярлы ретикулумның мембранасында рибосомалар болмайды.

Түйіршікті ретикулум клеткада аса маңызды қызмет атқарады. Бекінген рибосомалардың көмегімен ол цистерналарының қуысында немесе вакуольдерде ақуыз қорын және арнайы ферменттерді синтездейді. Ретикулум түтікшелері арқылы макромолекулалар мен иондар жасуша ішінде және жасушааралықтарында тасымалданады. Түйіршікті ретикулум клетка мембраналарының пайда болып, органеллалардың бір-бірімен қарым-қатынасын жүзеге асырады. Сол сияқты клетканың вакуоль, лизосома, диктиосома сияқты компоненттерін жасауға қатынасады.

Агранулярлы ретикулум нашарлау дамыған, Оың жасушада болмауы жиі кездеседі. Ол бұтақталған жіңішке түтікшелердің торынан және сирек көпіршіктер мен цистерналардан тұрады. Агранулярлы ретикулум эфир майларын, шайыр мен каучукты синтездеуге, жасуша ішінде тасымалдауға қатынасады. Тегіс тордың мембраналарында көмірсулар мен липидтер, олардың ішінде, гликоген мен холестерин синтезделеді. Тегіс ретикулум стероидты гормондардың синтезіне қатысады Тегіс эндоплазмалық тор асқазан бездерінің эпителийлерінің париетальді клеткаларында хлор иондарының бөлінулерін қатысады. Кальций иондарының депосы болып келетін ЭР кардиомиоциттер мен қаңқа бұлшық еттерінің талшықтарының жиырылуларын қамтамасыз етеді. Ол түйіршікті ретикулумнан оның цистерналарының түтікше тәрізді бұтақтануы түрінде пайда болады.

Кейбір клеткаларда тегіс ретикулум торы анық лабиринт (мысалы, гепатоциттерде, Лейдиг клеткаларында), кейбір клеткаларда циркулярлы табақшалар (мысалы, ооциттерде) түзеді.

ЭПТ клетка ішінде үздіксіз жүріп отыратын күрделі зат алмасу реакцияларын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, цитоплазманың ішкі мембраналық бетін бірнеше есе ұлғайтады. Эндоплазмалық тордың түтікшелері арқылы синтезделінген заттар Гольджи аппаратына тасымалданады. Бірақ эндоплазмалық тордың түтікшелері Гольджи аппаратының түтікшелерімен байланыспайды. Гольджи кешеніне заттар көпіршіктер ретінде түседі. Бұл заттар Гольджи кешенінен қажетті жерлеріне де көпіршіктер түрінде тасымалданады. Эндоплазмалық тордың маңызды қызметі барлық органеллалар үшін ақуыз бен липидтерді синтездеу.

скачать работу


 Другие рефераты
Казахстан в период укрепления тоталитарной системы
Дефолт
Формы собственности
Исследование рынка установки систем вентиляции и кондиционирования


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ