Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ердің бақытын келтіретін де, кетіретін де – әйел

, ондай болса, ауыртпалық психикасына да әсер етеді деген сөз. Екінші жағынан, жаппай таралып кеткен компью­терлік ойындардың мазмұнына үңілген де ләзім. Балалардың көпшілігі ашушаң, соны тексеру керек. «Не себептен» деп келетін сауалдар жиі айты­лады. Жасөспірімнің стресті жағдайы көп. Мәселен, біздің кезі­мізде тек 10 және 8-сыныпта ғана мемле­кеттік емтихан тапсы­ратынбыз, сол кезде ғана қатты алаңдайтын­быз. Ал қазір не көп, сынақ көп. Сөйтіп, әрбір тест пен сы­нақ сайын стрестік жағдайға ұшырайды. Бұл да бала психикасына әсер етеді. Әлем­де озық білім берумен ерекше­ленетін фин­дік жүйені алып қараңыз, олар балаға ар­тық жүктемені алып тастап, сынақтарды шама келгенше азайтқан. Осыған біз де ыңғайлап, бұрынғы жүйенің жақсысын алуымыз қажет. Бүгінгі бала таңертеңнен кешке дейін оқиды. Оның қайсысы қажет, қайсысы қажет емес екен­дігін ғалымдар ғана емес, дәрігер, психолог­тар қосыла зерделеуі тиіс.

– «Отан отбасынан басталады» деген халық даналығы бар ғой. Ендеше, отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі қандай болуы керек?

– Қазақта «отбасы ұйытқысы – әйел» деген сөз де бар. Ал үйдегі ер адамның мәртебесі қашанда жоғары. Бұл күнде кейбір отбасылар осы мәртебені теңеп алғандай ма деймін. Әйел адам – ең біріншіден, ана. Ошақтың ұйытқысы болуға да жауапты – әйел. Ер адамның рөлі де ерекше еді. Ендігіде сондай рөлдер де кей жерде алмасып жатқанын амалсыз байқап қаламыз. Осы тұрғыдан алсақ, қазақтың ертеден қалыптасқан менталитеті сақта­луы шарт. Сол сақталмай, қазақ отбасы ұшпаққа шықпайды. Әйел қаншалықты сырттағы жұмысты атқарса да, тіпті мемлекет үшін зор еңбеккер болса да, ошақ қасындағы өз орнын білуі шарт. Сыртта қызметі қанша дөңгелеп тұрған азаматша болғанымен, өз ошағының табалдырығын аттаған сәттен бастап кішіпейілдікке, ер адамның алдын­дағы кішіпейілдікке әдеттенсе екен. Бұрын­нан қанға сіңген сол тәртіп жоғалса, азғын­даудың басы сол болады. Жар ретінде ер-азаматтың бабын, ана ретінде бала тәрбиесінің бабын табу – әйел затының мой­нын­да. Сіз айтқан сауал қойылғанда үнемі Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле әженің еңбегі мен ерлігін еске салып, соны кейінгі жастарға үлгі етуге тырысамын. Со­ғыс жылдарында ері соғысқа аттанған жесір ана баласының берекелі келешегі үшін барын жасады. Бір ғана баласының тілеуін тілеп, қабілет-қарымын байқаған ана жүрегі оның білім алуына, қазақтың қайраткер ұлы болып қалыптасуына көп дүние істеді. Ана даналығының арқасында баланың дара­лығын бүкіл қазақ халқы таныды. Мінеки – ұлттық тәрбиедегі өнеге! Айта кетейін, Маңғыстауда қазақ әйел­дерінің жиынтық образы ретінде үлкен ескерткіш орнатылды. Бұл – Әбіш Кекілбай­ұлының шешесі Айсәуле әженің құрметіне арналған ескерткіш. Әбіш ағамыздың туған ауылының кіре берісіндегі жол бойындағы осы образ өмірін соғысқа аттанған жан жарын күтумен өткізіп, бала­сының тәрбие­сіне беріктік көрсеткен қа­зақтың асыл әжесінің бүтін бейнесі іспеттес. Біздің қазақ әйелдерінің, аналар­дың рөлі осын­дай. «Әйелі жақсы болмай, ер оңбай­ды» деген сөз бар. Сондықтан да ердің бақытын келтіретін де, кетіретін де әйел дегім келеді. Мен көпшілік жерде айтамын: әйел ер адамнан ақылы жағынан да, парасаты жағынан да жоғары болуы мүмкін. Бірақ сол әйел нағыз ақылды болса, ерін өзінен төмен санамайды. Жұрттың алдында ғана емес, қай жерде болса да ерінен төмен екендігін білдіріп отырады. Осыны көрсете алмаған әйел ешқашан ақылды әйел деп мойындал­майды.

– Мұныңыз рас енді. Алайда кейбір жағдайда нәзікжандылар гендерлік саясатты бетке ұстап, дәл осы тағы­лымды тәрбиені «тәрк» ете бастағандай ма деген ой да келеді…

– «Гендерлік теңдік» дегенді бұрыс түсінетіндердің барына мен де келісемін. Мұнда, ең алдымен, теңдік мәселесі негізі­нен мүмкіндікке, қабілетке қатысты айтылып отырғанын түсіну керек. Әрине, Қазақстан мемлекеті де халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі болғандықтан, Парламент былтыр «Ерлер мен әйелдердің тең құқық­тарының және тең мүмкіндіктерінің мемле­кеттік кепілдіктері туралы» заңды қабыл­даған болатын. Бұл заңның бір сөзбен айтқандағы түсінігі – әйелдер мен ерлердің мүмкіндігі мен теңдігін қамтама­сыз ету. Яғни әйел затын тек оның әйел болғаны үшін кемсітпеуіміз керек. Егер білімі мен қабілеті жетер болса, іскер (қолынан бас­қару­шылық іс келетін) әйелдің қасиеті ба­ға­лануы керек. Мұндай мәселе тек әйелге ғана емес, еркекке де қатысты. Ал қабілетке келетін болсақ, тумысы бөлек әйелдің рөлін де көтеру біздің ежелден қанымызда, менталитетімізде баршылық. Мысалы, батырлық қабілетіне қарай қол бастаған әйелдер де бар. Оны әйел екен деп қараған жоқ қой, батыр­лығына қарап сыйлады. Сол секілді әйелдің атымен ата­латын руларымыз да бар. Осының бәрін екшесек, біршама жайтты аңғарамыз. Бізге осындай гендерлік саясат та жеткілікті тәрізді. Ендеше, гендер­лік саясатты қалай да бір міндеттемеге ай­нал­­дырмау керек. Мәселен, мен «халық­аралық ұйымдардың талабы еді» деп биліктегі әйелдердің санын арттыра беруге қарсымын. Әйелдің биліктегі саны белгі­лен­ген міндеттемелерді орындау үшін емес, сол әйелдердің қабі­летіне жол ашу үшін ғана қажет. Халық­аралық сарап­шылар «Пар­ламентте – пәлен пайыз әйел, билікте – түген, әкімдікте мұн­ша пайыз болуы шарт» десе, соның артынан сал­пақтап, көрсеткіш үшін билікке әйел тарта беруге бола ма? Жоқ! Сандық көр­сеткіш үшін істеуден қашып, әркімнің тең құқығын, бірдей мүмкіндігін сақтасақ та жетеді. Іскерлігі мен қабілеті екі жақтан алып шықса, әйелге кім қой десін?! Заң ешкімнің құқығын шекте­меуге мүмкіндік береді.

– Парламенттегі қызметіңізге тоқ­талсаңыз. Сіз үшін осы сессияда қандай мәселенің шешілгені өзекті?

– Жоғарыдағы бала тәрбиесімен үнде­седі. Парламенттің бір топ депутаты Қазақ­стан Республикасының «Балалардың ден­саулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпарат, ақпараттық және шығар­машылық өнімдерден қорғау туралы» заң жобасын әзірлеуге бастама­шылық жасап, соған кірісіп жатқан жайымыз бар. Қазіргі күні Әділет министрлігімен келісіп, жобаны ғылыми сараптамаға жолдадық. Үкіметтен оң қорытындыны да күтеміз. Заң жоба­сының мақсатын атауы айтып тұр. Бұл мақ­сатта компьютерлік ойындар өнім­дері­нің барлығын санаттарға бөліп қарас­тыру ұсынылады. Қатыгездікті, қылмысты наси­хаттайтын, порнографиялық мазмұн­дағы, эротикалық сипаттағы, үрей туды­ратын, діни, ұлтаралық араздықты қозды­ратын, туған халқының дәстүрін, мәдени құнды­лық­тарды құрметтемеуге насихаттай­тын дүниелерге, жарнама мен ақпараттарға тыйым салынады. Компью­терлік ойындар­дың әрбіріне мемлекеттік органдар сарап­тама жасап, баға беруі тиіс.

– Сонда бұған дейін мұндай өнімдер ешқандай заңмен реттелмеген бе?

– Қолданыстағы заңнамада азғантай тыйым мен шектеулер қарастырылады, бірақ нормалардың барлығы шашыраңқы, әртүрлі заңның арасына кірістірілген. Мә­селен, бір заңда порнографияны наси­хаттауға болмайды делінсе, енді бірінде жарнама туралы заң арқылы тыйым са­лынған. Сөйтіп, балалардың дамуына зиян­ды ақпараттардың олқы тұстары көп болып шықты. «Балалардың денсаулығына залал­ды» деп арнайы, жеке қарастырылған заң әлі жоқ. Ал өркениетті елдерде ол бар. Яғни осындай ойындарды шығарып отыр­ған елдердің бәрі дерлік өз балаларын зиянды насихаттардан қорғап, баланың қорғаныс қабілетін арттырып отыр. ТМД шеңберінде мұндай заң тек Грузияда бар. Сондықтан да мұны қоғамға енгізсек, ұта­рымыз анық.

Жалпылама айтсам, Парламенттегі қыз­метте 40-қа жуық сауал жолдаған екенмін. Мұнда әртүрлі мәселелер қам­тылды. Орал­мандар мәселесін, ауылдарға су мен газ тарту, жылқы мен түйенің етіне субсидиялар бөлуге қатысты мәселелер, Адай жылқысын сақтап қалуға қатысты сауалдар көтердім. Былтыр «Халық ден­саулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобы­ның төрайымы болдым. Мыңға жуық түзету жасалып, заң қабылданды. Соның арқа­сында темекі өнімдеріне қарсы күрес шаралары қабылданды. Қоғамда үлкен бетбұрыс болды деп ойлаймын. Бұл күні бүгінге дейін біздің азаматтық пози­циямыз болып қала береді. Қазір «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс мәселелері бойынша өзге­рістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасымен айналысып жатырмыз.

– Адай жылқысын сақтап қалуға қатысты сауал жасадым деп отырсыз. Бұл мәселенің көтерілуіне не себеп?

– Көпшілік жұрт «Адай жылқысы» деген атауына қарап, оны бір рудың мініс жыл­қысы деп қабылдауы мүмкін. Шынына келгенде, бұл асыл тұқымды жылқының белгілі бір түріне жатады. Ғылымда дәлел­денген. Қазақстанда жылқының көп түрі бар ғой. Соның бір асыл тұқымдысы – Адай жылқысы. Бұл – өте қатаң, шөлейт ай­маққа сұрыпталып, бейімделген мал. Жылқы қысы қатал, жазы ыссы өңірге шы­дамды. Қол­даныстағы заңнамада осы жылқыны асыл тұқымды жылқының қа­тарына жатқызбай тастаған. Сөйтіп, тиісті субсидиядан қағылып қалған еді. Соны негізге алып, мәселе көтеріп, қазақтың бір асыл тұқымды төліне қолдау жасауға көмектесіп отырмыз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Аналарға айтар тілегім:

Аналарға, ең бастысы, баланың бақытын сүйгізсін. Құдайдың өзі ана мойнына артқан жүгі бар. Ол ең бірінші бала тәрбиесіне арналып отыр. Кейін­гі кездері қазақтың қыздарын жан-жақты, орынды-орынсыз сынап жатырмыз ғой. Ондай сын мінді түз

123
скачать работу

Ердің бақытын келтіретін де, кетіретін де – әйел

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ