Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ердің бақытын келтіретін де, кетіретін де – әйел



 Другие рефераты
Қазақстан – менің тағдырым Егемен Қазақстан Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат Наурыз — бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі

Гүлнәр СЕЙТМАҒАНБЕТОВА, Мәжіліс депутаты:

– Гүлнәр Сүлейменқызы! Әңгімені бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын ұрпақ тәрбиесінен бастасақ. Қазақта бала тәрбиесіне қа­тыс­ты тағылымды тыйымдар да, ықы­лымнан қалыптасқан дәстүр де жет­кілікті ғой. Дегенмен сіз үшін тәр­бие­дегі ең маңыздысы не?

– Әлбетте, ұрпақ тәрбиесі отбасының ғана емес, бүкіл мемлекеттің даму дең­гейіндегі маңызды дүние екендігі даусыз. Сондықтан да бұл мәселеге мемлекеттік деңгейдегі көзқарастың болғаны ләзім. Дегенмен бала тәрбиесі – кең ауқымды қара­латын мәселе. Бір жағынан алып қарағанда, баланың бойына бітетін мінезі ең алдымен оның туған тегіне, қанына (геніне) тартатын болса, адам ретінде қалыптасуының бәрі – бесіктегі тәрбиенің еншісінде. Мәселен, түп-тамыры, арғы тегі асыл болғанымен, кейбір азамат тәрбиенің кемшіндігінен бағы ашылмай жатады. Сол секілді атадан оза туатындар да жастайынан сіңірген тағылымды тәрбиенің ықпалымен ұшпаққа шығып жатады. Ал мұндағы тәр­биенің нәріне келсек, бұл, шынымен, «тал бесіктен басталады». Ендеше, тәрбие­дегі ең маңызды мәселе бала дүние есігін ашқаннан бастап оған жеткілікті көңіл бөле білуде жатыр. Дегенмен бүгінгі заманның, яғни ақпараттық ғасырдың әсері ұрпақ тәрбиесіне өз «өрнегін» салып жатыр деп айтар едім. Тіпті бұл жайында ойлағанда мен кейде ұрпақ тәрбиесінде ата баба салтынан алыс­тап бара жатқан жоқпыз ба деп толғанамын. Өйткені көпшілік ата-ананың бала тәр­биесіне қатысты түсінігі де өзгеріп келе жатқан сыңайда. Мәселен, кейбір ата-ана «балам­ның тамағы тоқ, киімі бүтін бол­са, қатарынан кем қылмасам» деп, тәрбиеге таяз қарайтын тәрізді. Сосын қа­тарынан қалдырмаудың қамымен бар уақытын жұмысқа сарп етіп, тәрбиені екінші орынға ысырып алған­даймыз. Со­ның нәтижесінде баланы «бағу» мен «қағуда» көп олқылық кетіп жатуы мүмкін деп, ой­лаймын. Ата-анадан кейінгі орында тәрбие үшін маңызды рөлді баланың айналасы, мектебі мен араласатын ортасы иеленеді. Дегенмен айналамен араласпас бұрын бала өскен ошағында жақсы ат­мосфе­радан нәр алып, қалып­таса білуі керек.

– Өмірлік тәжірибеңізді көз алды­ңызға елестете отырып, бұрынғы қа­лып­тасқан ұрпақ тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің арасында айырмашылық бар деп айта аласыз ба?

– Әрине, қазақтың ұрпақ тәрбиесіндегі бұрыннан қалыптасқан дәстүрінен алшақ кеткен жоқпыз ғой, дегенмен «бұрынғы» мен «қазіргіде» айырмашылықтар бар­шылық. Мәселен, біздің қатарымыздың басым бөлігі көп балалы отбасыдан шықты. Әйтсе де көп балалы отбасы болсын, бала­сы аз отбасы болсын, тәрбиенің маңыз­ды­лығына мән беріліп, бұған жан-жақты жағдай қарастырылды. Бір жағынан, көп балалы отбасында балалардың өзі бірін-бірі тәрбиелейтін. Соның арқасында «үл­кенге құрмет, кішіге ізет» жас күнінен бойға сіңді. Ата-ананың өзі үлкенін кішісіне қа­рауға тәрбиелейтін. Жанашырлық осы­дан бастау алатын секілді еді. Ауылдың ғана емес, қаланың тәрбиесі де солай қалып­та­сатын. Ал бүгінгі жағдайға келсек, өкініш­ке қарай, қазір көп балалы отбасы­ның өзі сиреп кетті. Оның ішінде қалалықтар ара­сында сананың көп бөлігін тұрмыс билеп, ақша табу мәселесі қашанда басты мәнге ие болып отыр. Ауқатты дегендердің өзінде бала табуға да, оны бағып-қағуға да көп бас қатырғысы келмейтіндер бар секілді. Сөйтіп, бір-екі баламен шектелгендердің тәрбиесі де «құлпырып» тұратыны белгілі. Жалғыз баланы «бағу» болғанымен, «қа­ғуы» жетіс­пейтіндей. Яғни бір ғана баланың көңіліне қараған әке-шеше оның айтқа­нынан еш шыға алмайды. Жастайынан соны сезіп өскен өрен өзімшілдікке шапшаң бой алды­ратын секілді. Айтқанын істетпей қоймайтын, тез ашуланатын мінездер де осындайдан жұғады деп білемін. Мұның соңы да көп жағдайда теріс әрекеттерге соқтырып жа­тады. Содан соң бүгінгі бала­ның ойыны да өзгерген. Бұрын күні бойы үй көрместен ойынның туын тігетін баланы қазір көшеден таппайсың. Теледидар ал­дында немесе күні-түні компьютерден шыға алмай оты­рады. Мұның бәрі өз «нәтижесін» беріп жатқан сыңайда. Салыс­тырмалы түрде тағы бір байқайтыным, бүгінгі ұрпақ – ақпараттық заманға әбден бейім ұрпақ. Тіпті білімді игеруге жетік келетін тәрізді. Ақпараттық заманның әсері ме, басқасы ма, әйтеуір, біздің зама­ны­мыз­ға қарағанда бүгінгі бала алғыр, жа­ңалыққа бейім. Ең басты тағы бір айыр­машылық, ХХІ ғасырда баланы ұрсып не­месе қатты ұстап түзеу мүмкін бол­май­тындай. Сондықтан да тәр­бие құралын амал­сыз өзгерту талап етіледі. Бірақ бұл өз­герістердің бәрі қа­зақылық нәрімізден жаңылмайтындай, керісінше, соған жа­қындайтындай өзгерту болса игі.

– Мектептегі тәрбиеге қалай қа­райсыз?

– Мектеп тәрбиесінің баланың патриот­тық мінезін, адамдық тұлғасын қалыптас­тыратын орда ретіндегі маңызы зор. Біз кезінде октябрят та, пионер де, комсомол да болдық. Осыны ұлт тәрбиесімен ұштас­тыра отырып, тәрбиелік тиімді тұсын оқу мекемелеріне, жастар ұйымдарына қайта енгізсек, дұрыс болар еді. Бұл баланың бейіміне, оның қоғаммен етене араласып, елдік жұмыстарға белсенуіне өте-мөте әсер ететін еді. Компьютерге сеніп, қараусыз қал­дырғаннан гөрі, оның бос уақытын қоғамға пайдалы жұмысқа жұмсасақ, бал­ғындарды бүгінгідей тұйықтықтан құт­қаратын жол сол болатын еді. Мемлекет басшысы да ағымдағы жылғы өз Жолдауын­да осыны атап көрсетті.

– Соңғы кездері жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсауы жиілеп кетті. Оның себебін іздегендердің ортақ көзқарасы жоқ. Кеселдің көлденең келуін біреулер қоғамнан көрсе, енді бірі ата-ана тәрбиесіне итереді, ата-ана болса мек­тепті кінәлап жатқаны бар. Сіз осы мәселеге қатысты не айта аласыз?

– Өз-өзіне қол жұмсағандар санының жыл сайын арта түсуі, шынымен, адам алаңдатарлық. Бұл мәселеге қатысты де­путаттар тарапынан да дүркін-дүркін сауал жасалып, арнаулы органдардың назарын проблемаға аудартқанымыз бар еді. Жақында ғана Үкімет жанындағы ден­саулық сақтауды үйлестіру жөніндегі кеңес­те осы мәселе талқыға шығарылды. Мен сол кеңестің мүшесі ретінде мәселені те­реңі­нен зерделеуге араластым. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда балалар суицидіне қатысты дайын «рецепт» жоқ. Өз-өзіне қол жұмсаудың жиілеп кету себебін дөп басып айтуға ерте. Бір анығы, статистикалық мәліметтер еліміз үшін осы проблеманың шынымен өткір тұрғанын алға тартады. Мәселен, 2007 жылы өз-өзіне қол жұм­сағандар саны 100 мың адамға шаққанда 26,9 адамнан келді. Ал Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы өз-өзіне қол жұм­сағандар саны 100 мың адамға шаққанда 20-дан асып кетсе, осының өзін «аса қиын жағдайға» жатқы­зады. Ұйымның өлшемі­мен алсақ, Қазақ­станның жағдайы алаң­дау­шылық қана емес, үрей тудырады. Тіпті 2008 жылы әлгі көрсеткіш одан сайын ар­тып, 100 мың адамға шаққанда 34,8 адам­ды құраған. Ол ол ма, бұдан кейінгі жыл­дары көрсеткіш төменге түскен емес, керісінше, бұрынғы жылдарға қарағанда артты әрі суицидке баратындар жасарып бара жатқаны байқал­ды. Бұл, шынымен, қоғамның дерті асқынып бара жатқаны туралы ой салады. Дертке себепті де әр тараптан іздеуге қақылымыз. Біріншіден, баланың әлеуметтік жағдайы. Екіншіден, жасөспірімдердің өтпелі кезеңін­де жападан-жалғыз қалуы. Сөйлесетін, түсінісетін ата-анасы тарапынан қолдау болатын тетіктер қамтылмай қалып жатады. Үшіншіден, мектеп мұғалімдеріне де көп дүние тәуелді. Әрине, ұстаздың бәріне бірдей топырақ шашуға болмас. Дегенмен зерделеген адам­­ға осыны ұғыну қиынға соқпас деп ойлаймын. Мәселен, ХХІ ғасырда бала өз­геріп кетті дедік қой. Бәрін жылдам қабыл­дайды, ақпаратты қабыл­дауы, санасының сіңіруі шапшаң. Ал мұғалім ше? Оқушының өзгеруіне ілесіп отырғаны бар ма? Мәселен, бала интернетті біледі, жаңалық пен ақпа­ратты алатын «көздері» көп. Қосулы тұрған теледидарға үңіліп отыр­маса да, өзімен-өзі ойынға айналған бала сол қосулы тұрған телехабардан ақпарат алып жүреді. Төртіншіден, қазіргі жасөспірімдер саясатты да, басқаны да тез қабылдайды. Бұл тұрғы­дан оларды шапшаң өсіп, «ерте есейіп жатыр» деуге келеді. Ал соны оқытатын мұғалімнің ақпаратты қабыл­дауы, оны сіңіріп қана қоймай, дұрыс бағыт сілтеуі үшін «қорытуы» қалай? Бұл – бір жағынан, «емделуі» тиіс мәселе. Екінші жағынан, қоғамдағы мұғалім мәртебесін мүлдем төмен түсіріп алып, соны бұрынғы деңгейге көтере алмай жатқан жайымыз бар. Бұған негізгі себепті де алыстан іздеудің қажеті шамалы. Мәселен, жастайынан ар­ман­дап, жан-жүрегімен қалап мұғалім болғысы келетіндер саны аз. Тіпті жоқтың қасы деген қорқыныш бар. Жүктемесі көп, жауапкер­шілігі жоғары жұмысты істеуден бәрі қашқақтайды. Осыны ескерсек, мұ­ғалім­­дердің өздерін қорғау керек. Бір сөзбен айтқанда, балаға ғана емес, ұстазға да пси­хологиялық көмектер қажет. Бұған көңіл бөлінсе игі.

– Қандай шаралар қамтылуы қа­жет?

– Ең біріншіден, бала өлімінің жиілеп кетуіне байланысты медициналық әлеу­меттік зерттеу жүргізу қажет. Бұл шара кешенді жүргізілгені жөн. Өйткені, расымен, ата-ана мектепті, мектеп керісінше, ата-ана­ны кінәлап жатыр кей мәселеде. Қоғамға жабатындар да бар. Неге жиілеп кеткенін тексеретін комиссия болса, сол бүге-шігесін ажыратса, нақты жағдайға баға берсе, әрбір өлімнің себебін тексерсе екен. Кешенді тексеру барысында бала тәрбие­сіне ғана емес, оның білім ошақ­тарындағы жүктеме­леріне де назар аударған дұрыс. Мәселен, мектептегі бағдарламаның өзі кей жағдайда бала жүйкесіне ауыртпалық түсіруі мүмкін

123
скачать работу


 Другие рефераты
Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс
Военная реформа Милютина 1860-1870 гг.
Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері
Русский народный фольклор


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ