Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ерлігің мәңгі есімде



 Другие рефераты
Нұрсұлтан Назарбаев: “Шымкентті үлгілі шаһарға айналдыру керек” Түркі жұрты біріксе, төбедегі келеді «Ерлік пен Жеңіс» Менің қоғамым – ұлтым

Қараңғыда көрген жоқ оны ешкім де,

Келе жатты ұрланып соғыс түнде.

Келе жатты ол қап-қара, бүйі болып,

Жолбарыс боп жалаңдап жол үстінде.

 Сырбай Мәуленов.

         Соғыс! Сен қандай суық едің! Қасіреттің қара  қайығына мініп,қайғыны желкен  етіп, қара жерді қапсырып төніп келдің! Мен сендік салқындықты бір ғана атауыңнан сезінем. Талай армандарды сөндірген, қырандарды сенделткен, жайсаң даланы селдеткен  сендегінің барлығы сұмдық еді. Талай-талай текті ұлдарыңның өмірін өзің иемденіп алып, қанды майданға тастап жібердің.  Бір сенің  суық үнің қаншама ақ армандарды, сағым жылдарды, жүректе жазылмай кеткен жырларды ұрлады?!

«Отан үшін отқа түс, күймейсің!» ұранын ту ғып ұстап, қан майданға аттанған аталарымыздың  сондағы ерлігін айтсаңшы.

- Үстімде сұр шинелім,

Ақсаңдай басып келемін,

Ұмытса да достарым,

Ұмытар ма мені елім, –

деп  Қасым Аманжолов жырлағандай, елі үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан ер мінезді ұлдарының ерлігін ұмытпақ емес, ұмытпайды да.

– Ежелден ел тілегі – ер тілегі,

Адал ұл ер боп туса – ел тілегі, – деп  Бауыржан Момышұлы айтқандай, қашан да халық адал ұлдың елге тірек болуын аңсаған. Халыққа тіреу болған да сол ерлер еді.

Сол кездің қиындығын Қадыр Мырза Әли былай деп жырлайды:

– «Қырық екінші жылды басқа жазбасын,

Ұмытты ғой ерлер онда өз басын…

Москваға жетпей жолдан тоқтасын,

Астанадан киіп қайтсын ноқтасын», –

Деп әкеміз елді жаудан қорғаса,

Біз қорғадық опасыздан отбасын».

Ер басына күн туып, етігімен су кешкен қиыншылық жылдарды, мұң-шерге толы жырларды тамаша суреттеген ақын өлеңін оқи отыра, сол кезге бір көз жүгіртесің. Сезінесің, түсінесің, шошисың да жиренесің. Сол кезде ерлік көрсеткен жауынгерлерге бас иіп, әрдайым есімдерін сан қайталап отырасың.

–  Үйдің жылысын қыс келгенде білерсің,

Кімнің батыр екенін жау келгенде білерсің, –

деп Балпық би айтқандай, жау келгенде тойтарыс бере білген батырлар сан мыңдаған еді.

Қолына қару алып, «фашизмнің тамырын құртамыз» деп ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы  есімдері тарихқа алтын әріппен жазылды.  Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова сынды апаларымыз қара бұлт төнген кезде нағыз өр мінез танытты.  Сызға ұйықтап, мұзды жастанған қанша өмір қиылды.  «Ертеңгі ұрпақ келешігің арманы ақ болсын,  жүзінде күлкі жайнасын, аспаны шуаққа толсын» деп кеткен жандар еді. Майданда жауынгерлер қолына қаруын алса, Жамбыл Жабаев өз жырларын қару ғып жұмсады. Еңіреп кеткен ерлерді жігерлендіріп, рух беріп отырған Жамбыл өлеңдері талай жауынгерлердің қалтасынан табылып жатты.  Күні-түні жарылған бомба, атылған оқ Жер-Ана төсінде ойран салды.  Ақын Сырбай Мәуленовтың өлеңі еріксіз ойға оралады:

–  Қоштас, – деді ол, – туған ел, жеріңменен,

Тастарды да күйдірді темірменен.

Миллиондаған жандардың атын жойып,

Құлақкесті құл етті нөмірленген.

Иә, бұл нағыз сұрапыл соғыс. Есте мәңгілік сақталатын соғыс тамұқ отымен бірдей болды. Дегенмен жеңістің ауылы алыс емес еді. Кеудеде от боп жанған ар- намыс жауынгерлерді алға жетеледі, болашақ жеңіске сендірді. Жан қиып кеткен жандар ертеңгі өмірдің жарқындығын тіледі.

– Олар өлді тек аспан сау болсын деп,

Олар өлді туған жер бар болсын деп.

Олар өлді ақ арман сөнбесін деп,

Олар өлді өзгелер өлмесін деп, –

деген Сырбай Мәуленов өлеңі осыған айқын дәлел.

Жеңіс!  Көптен күткен ақ арман бір сенің ғана өне бойыңа сыйып

тұрғандай. Көңіл тебіренді, сәби күлді, ана жадырады, аспан қара түнектен ашылды!

– От шашты Отан аспаны,

Төгілді көздің жастары.

Окоптан шықты солдаттар,

Атылды көкке соңғы оқтар, –

деп Сырбай Мәуленов  жеңіс күнін асыға күткен халықтың сол бір қуанышты кездерін осылай  баяндайды.

Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?! Президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын.

Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, жеңіс үшін жанын берген аталарымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан апаларымыз бен әжелерімізді мақтаныш етеміз. Осы орайда ел намысы мен Отан абыройы жолында от кешіп, кеудесін оққа тосқан қандастарымыз бен жерлестеріміздің есімін жаңғыртып, жас буын санасына сіңіре түсу – біздің басты борышымыз.  Біз әрқашанда  Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігінің, жастарды патроиоттық сезім мен  ерлікке  тәрбиелейтін өлшеусіз өнегесі деп білеміз.  Өкінішке қарай, жыл сайын ардагерлердің қатары азайып бара жатқандығы көңілге қаяу түсіреді. Бірақ көзден кетсе де, олардың ерлігі көңілден кетпесі анық. Олар тек жеңіс әкеліп қана қойған жоқ, сонымен қатар ел еңсесін көтеруде аянбай еңбек етті.

Қайтпас тұлғаларды ұлықтап отыру – тек халықтың ғана емес, мемлекеттің борышы. Еліміз олардың еңбегін бағалап, көше аттарын берді, ауыл-ауылға соғыс құрбандарының ескерткішін орнатты. Биыл менің мектебіме алғаш қазақтан шыққан ұшқыш қыз Хиуаз Доспанова есімі берілмек. Мен сол үшін қанаттанамын, қуанамын, шарықтаймын. Бүгінгі таңда біздің жасар ерлігіміз, алғысымыз да осы болмақ.

«Бұл өмірде әр ісіңнің жаңғырығы болады» деген Мұхтар Шаханов сөзін сараласақ, бүгінгі ашық аспанның кешегі жаңғырығы – отты жылдар еді. Біздің міндетіміз – солар сыйлаған ел тыныштығын сақтау.

 

Ерғалиева Гүлжамал

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№30 жалпы орта білім беретін мектептің

9 «А» сынып оқушысы

скачать работу


 Другие рефераты
Математический анализ
Неравный брак
Хеджирование как инструмент управления финансовыми рисками
Термоядерные реакции


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ