Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ертеңін ойлаған ел экономиканы дамытады



 Другие рефераты
Ұйымдасқан кәсiпорындардың мәнi мен маңызы, олардың ұйымдастыру формалары Қаржылық жалға беру есебі Экономика – елдік тұғыры КАПИТАЛ _ОЗ_АЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫ_ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ

Экономиканың тұрақты дамуы барлық салаға жан бітіреді. Әлем жаңа мыңжылдыққа енді, сонымен бірге қо­ғамдық қаты­нас­тарға, соның ішінде экономика са­ла­­сын­да жаңа заңнамалық көзқарастар қажет болды.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қандай экономи­ка­­лы­қ жетістіктермен жеткелі тұрмыз? Осы сауалдар тө­ңі­ре­гінде Мәжілістің Экономи­ка­лық реформа және өңірлік даму ко­ми­тетінің төрағасы Сейітсұлтан ӘЙІМБЕТОВ өз ойларымен бөліседі.

– Сейітсұлтан Сүлеймен­ұлы, сіз жетекшілік ететін ко­митет елдің дамуына тікелей қатысты заң­дар­дың са­па­лы әрі дер кезінде қабыл­да­нуына атсалысады. Әңгі­ме­ні де осы мәселеден бастасақ…

– Құрылған кезінен бастап біздің комитет өз жұмысын қажетті эконо­ми­калық жаңару­ларды және өңір­лер­дің бір­қа­лыпты дамуын қамтамасыз ететін тиімді құқықтық база құруға қол жеткізілетіндей етіп жолға қойды. Өткен ке­зең­де 200-ден аса заң қабыл­данғанда бас комитет рөлін атқаруы осының нақты дәлелі. Экономиканың маңызды ба­ғыт­тары бойынша қо­ғам­дық қатынастарды заң тұрғысынан реттеуді жақсарту үшін көлік, бай­ла­ныс, мемлекеттік мүлік, жеке кәсіп­керлік, акционерлік қоғамдар, бәсе­ке­лестік, сәй­кестікті бағалау саласын­дағы аккредиттеу, инвестиция ту­ра­лы және басқа да заң жобалары комитетте жан-жақты талқы­лан­ды, кейін палата оты­ры­сында мақұлданды.

Қысқаша айтқанда, жаңа актілерде жеке кәсіпкерлік еркіндігі, оны қорғау және қол­дау, жеке кәсіпкерліктің бар­лық субъектілерінің кәсіп­кер­лік қыз­метті жүзеге асыру теңдігін, жеке меншікке қол сұқпау және қорғау кепілдігін, елімізде шағын кәсіп­кер­ліктің басым дамуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар көзделген.

– Мәселен, «Жеке кәсіп­кер­лік ту­ралы» заңға қандай түзетулер жа­салды?

– Бұл заңға жеке кәсіп­керлік су­бъектісінің қандай тәуекел тобына жататынды­ғы­на байланысты жоспар­лы тек­серулер жүргізу кезеңдігі белгіленген нормалар енгізілді. Заңға сәй­кес тәуекелдің ша­малы деңгейінде жос­парлы тек­серулер жүргізу кезең­ді­лігі бес жылда бір реттен жиі бол­май­тын болып белгіленуге тиіс. Ветеринария, өсімдіктер карантині және өсімдікті қор­ғау, тұқым шаруашылы­ғы, ас­тық және мақта рыногы сала­сында үш жылда бір реттен жиі бол­мауға тиіс. Сани­тарлық-эпидемио­логиялық бақылау са­ла­сында жылына бір реттен жиі болмауы керек. Бұл ретте заңда олардың белгіленбеген тексерулер жүргізуі­не тыйым салынған. Осы және басқа да шаралар мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлік субъек­тілеріне тексерулер жүр­гізуін оңай­латуға және олардың санын қысқартуға мүмкіндік берді.

– Ел дәулетінің артуында ин­вестицияның рөлі ай­рық­ша. Осы орайда отандық эко­но­микаға шетелдік қаржы­ның келуіне қабылданған заң­дар қалай әсер етуде?

– Тұтастай алғанда, республика бойынша негізгі капи­талға құйылған инвести­ция­ның жалпы көлемі 2004 жылы 1 трлн. 703 млрд. 684 млн. теңге болса, 2009 жылы 4 трлн. 585 млрд. 298 млн. теңгеге жеткен. Оның ішінде шетелдік инвестиция көлемі 2004 жылы 301 млрд. 339 млн. теңге көле­мін­де болса, 2009 жылы 1 трлн. 697 млрд. 493 млн. тең­гені құрады. Бұл ретте инвес­тицияның нақты көлемі, яғни, баға факторларының әсері ескерілмегенін айтқанымыз жөн. 2009 жылы 2004 жылмен са­лыс­тырғанда, 2 есе дерлік өс­кен, ал осы жылдары инвестиция өсуінің жыл сайынғы қар­қыны 114,8 пайызды құраған.

– Соңғы жылдары инно­ва­ция­лық бағдарламаларды жүзеге асы­руға баса мән берілуде. Осы бағытта қандай заң­дық негіздер қалып­тас­ты?

– Экономиканың бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру, кәсіп­кер­лікті дамыту және отандық тауар өндіру­ші­лерді қол­дау, сондай-ақ экономиканы мемлекеттік реттеу шараларын кү­шей­ту үшін комитетте бірқатар заң­дар қа­ралды және кейін оларды Парламент қабылдады.

Соның ішінде отандық ин­но­вацияларды әзірлеу, енгізу және заманауи технологияларды алу кезінде инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қол­дау­ды жүзеге асыру тетігін нақ­тылайтын заңдық негіз бар. Сон­дай-ақ ішкі сұранысты ынта­лан­дыру үшін отандық тауар өндіру­шілерді қорғау жөнінде шаралар қа­был­данған мемлекеттік сатып алу мә­селелері бойынша то­лық­тырулар енгізілді. Елімізде бир­жа­лық сауданы дамытуға, стра­те­гия­лық тауарлармен сауданы рет­теуге, ұсақ тауар өн­діруші­лерді биржалық сауда үдерісіне тарту есебінен бәсекелестікті дамы­туға және қамтамасыз етуге бағыт­талған тауар биржалары туралы заң­дар жетілдірілді.

– Ғылым мен өндірісті байла­ныс­тыру бағытындағы қандай қадамды айтар едіңіз?

– Елімізде технопарктердің екі деңгейлі жүйесі – ұлттық ғылыми-технологиялық парктер және өңірлік техноло­гия­лық парктер қалыптасуда.

Келешекте Қазақстандағы технопарктер ғылымның өндіріс­пен байла­ны­сын нығайту міндеттерін шешуді, қазіргі заманғы тех­нологиялар, жоғары техно­ло­гиялы және бәсекеге қабілетті өнім өндірісін енгізуді көздейді. Осы орайда биылғы Жолдауда «Біздің эко­номикамыздың бәсе­ке­ге қабілеттілігі қуат шығын­дарын азайтуды қамтама­сыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек», делінгенін айта кету керек.

– Тұрғын үйге қатысты және үлес­керлер құқығын қорғауды көз­дейтін заң жобалары сіздің комитет арқылы өтті емес пе?

– Иә, бас комитет ретінде заң жо­баларымен ауқымды жұмыс­тар жүр­гізіл­ді, жұмыс тобы құ­рыл­ды. Қазақ­станда тұрғын үй құрылысының қар­қын алғаны өте жақсы. Алайда, ол аза­мат­тар­дың құқығын қорғау қажет­тігін тудырды. Осы проблеманы шешу үшін біздің комитетте тұрғын үй-коммунал­дық сала, тұрғын үй құ­рылысына үлес­­тік қатысу мә­се­лелері бойынша заң­дар қабыл­данды. Жаңа заңнамалық актілерге сәйкес еліміздің қалалары мен аудандарында тұрғын үй инс­пек­циялары құрылуы тиіс. Олар тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде кондоминимум нысанын басқару ор­ган­дарының қыз­меті­не ба­қы­лауды жү­зеге асыру мақсатын көздейді.

2007 жылғы 1 қаңтардан қол­да­нысқа енгізілген, үлескердің құ­қығы барынша қорғалған «Тұр­ғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа заң азаматтар арасында оң серпін туғызды. Бұған, біріншіден, үлес­тік қатысу шартында болуға тиіс міндетті талаптардың дәл айқындалуы арқылы қол жеткізіледі. Екіншіден, жа­салған шарттарды есепке алу арқылы мемлекетке бұл жағдай бірнеше рет қайтара сатуды, лицензиялары, жер учаскелері, құрылысқа рұқсат­тары жоқ құрылыс ұйымдарымен шарт­тар жасасу  мүмкіндігін болғыз­бауға ықпал етеді.

– Өңірлерді дамыту сала­сын­да қандай заңдар қабылданды?

– Экономика дамуының жаңа та­лаптарына жауап ретінде комитет кейіннен заңдарға айналған концессиялар туралы, салалық реттеуіштер қыз­меті мәселелері бойынша, байла­ныс және арнайы экономикалық ай­мақ­­тар туралы жобаларды әзір­ле­ді. Олар инфрақұрылым ны­сан­дарын са­луды қосымша ын­таландыру және мем­лекеттік меншіктің қазіргі ны­сандарын басқару және жаңарту тиімділігін арттыруды көздейді. Және энер­гетикалық кәсіп­орын­дар­дың ин­вес­тициялық міндеттемелерді орын­дау және табиғи монополия субъекті­лерінің заң­на­маға сәйкес бекітілген тариф­тердің өсуіне жол бермеу жө­нін­дегі қызметін реттейді. Эко­номика салаларын дамыту және қолдау, өңір­лердің жедел дамуы және әлеуметтік мәсе­лелерді шешу, кәсіпкерлік қыз­мет­тің тиімділігін арттыру, инвес­тицияны, технологиялар мен қазіргі заманғы басқару тетігін тарту, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өнді­ріс­тер құру мақсатында ар­найы экономикалық аймақтар құруды көздейді.

Экономика талаптарына сай келетін тиімді ұлттық ин­фрақұрылымды құру және да­мыту қажеттігі ескеріле оты­рып, көлік саласындағы құ­қық­тық қат­ы­нас­тарды реттейтін заңдар әзірленіп, қабыл­дан­ды. Сонымен қа­тар «Қазақ­стан Республикасының әуе кеңіс­ті­гін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның қа­был­дануы авиация қызметін жетілдіруге, ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау шара­ла­рын кү­шей­туге, сондай-ақ еу­ропалық авиа­ция­лық талаптар­ды және Халықаралық азамат­тық авиация ұйымының қара­рын енгізуге ықпал етті.

– Қоғамның өзге салала­ры­на қатысты қандай заң­дарды атар едіңіз?

– Айталық, «Техникалық реттеу туралы» заң қызметке, өнім­дердің циклдік үдеріс­те­рі­не міндетті және ерікті талап­тарды ай-қындау, техникалық реттеу сала-сында сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынас­тар-ды реттеуге бағытталған. Заң ере­желе­рінің іс жүзінде толық қолда­ны­луы адам өмірі мен ден­сау­лығы және қоршаған орта, оның ішінде, өсімдік және жануарлар дүниесі үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сон­дай-ақ өнім мен қызметтер қауіп­сіздігі мен са­пасына қатысты тұ­тынушы­лар­ды жаңылыс­тыра­тын іс-әрекеттерді ескертуді, саудада техникалық кеде

12
скачать работу


 Другие рефераты
Геометрический материал на уроках математики (наглядность)
Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы
Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері
Русский печной изразец


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ