Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Естің нейрофизиологиялық негізі



 Другие рефераты
Ет ұлпасына тән физиологиялық қасиеттер Есту анализаторы Есірткінің адам ағзасына зияны Есірткі

Ес дегеніміз мидың тіршілік әрекеті үстінде жинақталған тәжірибені сақтап, жаңғыртуды, пайдалануды қамтамасыз ететін қасиеті. Ес арқылы организмнің өмір тәжірибесі байыйды және ол пайдаға асырылады. Ес сыртқы дүние құбылыстары мен заттары бейнесінің мида сақталып, қайтадан жаңғыртылып, ұмытылып, ошіп отыруымен сипатгалатын психикалық процесс.

Естің үш түрі болады қысқа мерзімдік, аралық және ұзақ  мерзімдік. Жүйке жүйесі қабылдаған ақпарат аддымен қысқа мерзімдік ес түрінде бекітіледі. Одан әрі ол тез жойылады (ұмытылады) немесе аралық ес турінде калдырылады. Аралық ес ақпаратты бірнеше минут немесе сағат сақтауға мүмкіндік береді. Егер оқиға маңызды болса және  белгілі эмоция тудырса, онда ол көп уақытқа қалу үшін ұзақ  мерзімдік еске айналып, кейде өмір бойы сақталады.

Әсерді қысқа мерзімге сақтап қалу үшін тиісті нейрондарға импульстердің бір легінің келуі жеткілікті. Мәліметті аралық есте сақтап қалу үшін қозудың біраз уақыт нейроңдар тізбегінде айналуы, жаңғырығуы (реверберация) қажет. Ал ұзак  мерзімдік ес орталық нейрондарда туындайтын құрылымдық және функционалдық өзгерістермен — нейронаралық синапстық байланыстың күшеюімен, синапстық беткейдің көбеюімен, ПСП деңгейінің өсуімен, постсинапстық мембрананың медиаторға сезімталдығының жоғарлауымен, байланысты.

Естің физиологиялық механизмі туралы көптеген болжамдар мен теориялар бар. Мида пайда болатын уақытша баайланыс естің негізінде жататын физиологиялық процестің бірі болып табылады. Морфологиялық мағлұматтарға қарағанда мида нейрондардың тұйықталған тізбегі — тұзақ , болады. Онда импульстер ұзақ  уақыт айналып, жаңғырығып жүре алады. Осыдан қысқа мерзімдік естің жаңғырыгу (ревербация) теориясы ұсынылған. Бұл  теорияға сәйкес бір нейрон қозса, ол келесі нейронды қоздырып, тізбектелген процесс басталады да, импульс бүйір тармақтар, немесе аралық нейрондар, арқылы алғашкы торшаға қайта оралады. Осы процесс жалғаса береді де, қозу процесі тұзақты бойлай ұзақ  уақыт айналып жүреді. Қозу ревербациясын тудыратын мұнда й  әсерлер көп қайталанса, әр айналым сайын есте қалған із нығая түседі.

Электрондық теорияга сәйкес импульстер синапстар арқылы өткен кезде электрондық потенциал пайда болып, белгілі бір синапстар арқылы импульстердің өтуі ұзақ  мерзімге жеңілдетіледі.

Ұзақ  мерзімдік естің механизмін түсіндіру үшін де бірнеше теория ұсынылған. Анатомиялық теорияға сәйкес ақпаратты кабылдап, сақтау процесі нейрондар өсінділерінде жаңа терминалдар пайда болу арқылы, олардың пішіндері мен көлемінің өзгеруі, дендриттер тікенектерінің өсуі, көбеюі нәтижесінде жаңа байланыстардың қалыптасуы негізінде атқарылады. Глиялық теория ұзақ мерзімдік есті нейрондарды қоршай орналасқан глиялық торшалардағы өзгерістермен байланыстырады. Глия торшаларында тузілетін ерекше заттар синапстардан қозудың өтуін жеңілдетеді, нейрондардың қозғыштығын жоғарылатады, олардың дендриттерінің тарамдануын және дендриттер бойындағы тікенектердің ұзаруын қамтамасыз етеді. Аталған болжамдармен қатар ақпарат ізін сақтау және жаңарту үшін арнаулы белоктар қажет деген де болжам бар.

скачать работу


 Другие рефераты
Динамика изменения предпочтений в выборе видеопродукции
Риск в менеджменте
Возникновение и распространение христианства
История группы Rammstein


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ