Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кәсіпкердің сатып алушы алдындағы жауапкершілігі



 Другие рефераты
Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері Еңбек ресурстары және жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы Фирма және кәсіпкерлік Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс

Өмірдің басқа салаларының өкілдері секілді Қазақстандағы іскер адамдардың көпшілігі адал да, еңбекқор және тұтынушылармен әділ қатынас жүргізгісі  келеді. Бизнестің этикасы деп аталатын тұтынушылар туралы қам табыс туралы қаммен қатар жүруі тиіс. Ерте ме, кеш пе, тұтынушы кәсіпорынның өз істеріне жауапкерсіздігін біліп   қалса, онда ол онымен сауда жүргізуден бас тартады.

Нарықтық экономикалық елдерде тұтынушылар құқығын қорғау заңнамасы жасалынып, ол ойдағыдай қолданылып келеді. Оның өмірге келуі тұтынушыларды өнім өндірушілер мен сатушылардың заңсыз әрекеттерінен қорғау қажеттілігінен туған. Тұтынушыларға жеткен тауарлар сапасының нашарлауы жиілеп, оларға берілген сипаттама, көбінесе, жарнамада айтылғандармен сәйкес келмейді. Монополистер мен сатушылар тұтынушыларды көбінесе лажсыз алуға мәжбүр етеді.

Тұтынушылардың  мүдделері мен құқықтарын қорғау проблемасы  нарықтық экономикалы елдерде өткен ғасырдың 50-70 жылдарында пайда болып, өмірде ұйымдасқан қозғалыстарды  тудырды. Бельгия мен Құрама Корольдікте тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі алғашқы қоғам 1957 жылы, Нидерландияда – 1963 жылы құрылды.

АҚШ-та тұтынушылар  қозғалысы өткен ғасырдың басында пайда болды. Ол бағаның көтеріліп, ет өнеркәсібіндегі жағдай мен медициналық препараттарды патенттеу жөніндегі шатақтарға байланысты туған болатын. Тұтынушылардың екінші қуатты қозғалысы өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы экономикалық дағдарыстың дүлей күші мен дәрілік препараттарға байланысты кезекті дау-дамайдан шықты. Үшінші рет констъюмеризм толқыны 60-шы жылдары көтерілді.

Қазіргі уақытта консъюмеристік қозғалыс әлемнің барлық елдерін қамтып отыр.

Оның себебі, сол кезеңде ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлар шығару айтарлықтай молайып, синтетикалық жаңа және басқадай жасанды материалдарды және т.б. қолдану елеулі түрде өрістеген еді.

Бұл кезеңде дамыған капиталистік елдерде тұтынушылардың мүдделерін жаппай барлық салаларда емес, тек кейбір салаларда (несие беру, тұрғын үйді жалға өткізу, сауда) қорғаудың жекелеген нормативтік актілері бар болатын.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жекелеген құқықтар салаларында  да бекітілген еді. Алайда, экономиканы монополиялау  жағдайында тауарлар мен қызметтердің ерекше әртүрлілігінің пайда болулары, жарнамалаудың қуатты құралдарының өмірге келуі, тұтынушылардың бұрыннан бар құқықтық қорғау құралдарының жеткілікті емес екендігін көрсетті. Дамыған нарықты қорғауға тікелей қатысты арнайы нормативтік актілердің шығуы осы себептерге байланысты еді.

Оған мыналарды жатқызуға болады: Францияда – сауда мен игі қызметтер көрсету кезіндегі алдау мен жалғандық туралы Заң (1905), «қардан қала тұрғызу» қағидасының сауда туралы Заң (1953), «алдамшы жарнамаларды болғызбау» туралы  Заң (1935); Данияда – тауарды сатып алу-сату келісімі туралы Заң (1906), тауарды таңбалап және бағасын көрсету туралы Заң (1977), тұтынушылармен жасалған келісімдердің әрқилы түрлері туралы Заң (1978); Ұлыбританияда – тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы Заң (1978), келісімдердің арамдық  жағдайлары туралы Заң (1977), шектеуші сауда тәжірибесі туралы Заң (1956) және басқалар. Нарықтық экономикасы дамыған  елдерде тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасы сауда мен игі қызмет көрсетудің әртүрлі ортасында жүрген тұтынушылар қорғайтын заңдар ондап саналады.

Тұтынушыларды қорғаудың төрт негізгі құқығы туралы Декларацияға АҚШ президенті Д.Кеннеди 1962 ж. 15 наурызда  қол қойған болатын. Олар:

-          тауарлардың қауіпсіздігіне құқық;

-          ақпараттарға құқық;

-          өз мүддеңді білдіру құқығы;

Халықаралық тұтынушылар одақтарының ұйымы (ХТОҰ) бұған тағы төртеуін қосты:

-          негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы;

-          зиянның орнын толтыру құқығы;

-          тұтынушылық білімге құқық;

-          қоршаған ортаның саулығына құқық.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау барлық елдерде әкімшілік пен соттың қолда бар құралдарының көмегімен тиісті нормативтік актілерден құрылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған Басшылық принциптер 1985 жылдың 9 наурызындағы №39/248 қарар  ретінде Бас Ассамблеяда  мақұлданған.

Бас Ассамблеяның күшіне еніп, бекітілген қарарынан кейін БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылық принциптерді есепке ала отырып, тұтынушылар құқығын қорғау жөнінен белсенді саясат жүргізуге міндеттенген. Әр мемлекет өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайларына сәйкес, сондай-ақ халықтарының хал-ахуалына қарай нарықта бұл салада өздерінің бірінші кезекте тұрған жеке міндеттерін белгілеуге тиіс еді.

Тұтынушылардың заңды мүдделері болып мойындалатындар:

-          қауіпсіздік пен денсаулықтың зиян шегуінен қорғау;

-          олардың экономикалық мүдделерін сақтау;

-          жеке қажеттіліктеріне сәйкес тауарларды (қызметтерді) дұрыс таңдауды қамтамасыз ететін ақпараттарға жол беру;

-          тұтынушыларды сауаттандыру;

-          арыздарды қараудың тиімді рәсімдерін табу;

-          тұтынушылардың құқықтары сөз болып, шешім қабылдау процесі үстінде өз пікірлерін білдіруге құқықтары бар тұтынушылар топтары мен ұйымдарын құруға еркіндік.

Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Айрықша  бөлімімен, «Тұтынушыларды қорғау туралы» Заңы мен   және т.б. реттеледі.

1998 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдары тұтынушылар құқықтарының жағдайларына 5000 тексеру жүргізген, оның 2816-да әртүрлі заң бұзушылық анықталған. 5966 мың теңгеге 1810 наразылық ресімделген. Өндірілген зиянның сомасы 4649 мың теңгені құрап, тұтынушылардың 560 наразылығы сотқа түсірілмей қанағаттандырылған.

Біріншісі өте қарапайым саналады. Кейбір фирмалар өздерінің адалдықтары мен туралықтары  жөнінен жақсы атаққа жетуге мүдделі болмаулары мүмкін, өйткені олар нарықта ұзақ уақыт тұрақтауды ойламайды. Олардың стратегиясы ашық алдампаздықтарын  жүзеге асыра салып, тез арада тайып отыру. Соңғы уақытта мұндай алдаушылықтар Қазақстан Республикасында жиі ұшырасатын болды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалар талаптарының орындалуы туралы қадағалау тәжірибесі ретінде республиканың халыққа сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық  қызмет, көлік, байланыс, комунальдық-тұрғын үй және т.б. қызметтер көрсететін 4682 кәсіпорын тексерілді.

Азаматтардың 1944 ой-тілектері қаралды, олардың бәрі негізді болып шығып, тұтынушылар мүддесінің пайдасына шешілді.

Тұтынушылар құқығының бұзылуы 3700 кәсіпорында немесе тексерілген кәсіпорындардың 80 пайызында орын алғаны анықталып, материалдық зиянның мөлшері 175 млн.теңгені құрады.

Тұтынушыларға қайтарылған материалдық зиянның сомасы 162 млн. теңгені құрап, мемлекеттік бюджет есебіне 152 млн. теңге түсірілді.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің аттарына 939 ұсыныс, нұсқама, ескертпелер жасалды.

Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдары сот органдарына 152 талап-арыз берді, оның 137-сі қанағаттандырылып, 90 адам жауапқа тартылып, 145 млн.теңге материалдық залал өтелді.

Нарықтың мүмкін өнімнің пайдалану сапасы жөнінде өзіне пайдалы ақпараттарды  жеткілікті білмейді. Тұтынушылар   сатушылардың арыздарын салыстыру үшін жалпы стандарт немесе эталонға зәру, әсіресе, егер ол арыздар техникалық немесе аса күрделі заттарға байланысты болса. Мысалы, энергия үнемдеу Қазақстанда ең маңыздылықтардың бірі. Тұтынушылар энергияны аз шығындайтын тоңазытқыштар, кондиционерлер және басқа да электр приборларын сатып алғылары келеді.

Мұндай тұтынушылар өздері таңдап тұрған тоңазытқыштың басқа моделмен салыстырғанда қаншалықты тиімді екендігін көрсететіндей ақпараттар оқығысы келетіндігі табиғи нәрсе. Айта кетер болсақ, өндірушілер тұтынылған электр энергиясын өлшей алатындай жүздеген тәсілдер бар. Басқа да нәрселермен қатар, энергияның тұтынылу мөлшері тоңазытқыштағы тамақтардың мөлшеріне, тоңазытқыш пен мұздатқышта қойылған температураға, сондай-ақ тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасына да байланысты болуы мүмкін. Анықталып болғаннан кейін де энергияны тұтыну туралы хабарлаудың көптеген тәсілдері бар. Кейбір компаниялар қуаттылықты пайдаланылатын электр көзінің бірлігімен білдіруі мүмкін. Басқалары республиканың белгілі бір ауданында тоңазытқыштың жыл ішіндегі пайдаланылуының орта бағасын және тағы басқаларды тілдеріне тиек етеді.

Электр энергиясын тұтынуды тестілеудің жалпы жүйесінсіз және ол туралы мәліметсіз, егер тіпті, барлық өндірушілер энергияны жұмсау туралы мәлімдеме жасауға құлшынғанның өзінде де тұтынушылар, ойластырып алыстырып көруге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.

Сондықтан, мысалы АҚШ тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда приборлар тұтынған энергияны Мемлекеттік таңбалау туралы заң әзірлеп, қабылдап, оның орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бұл заң барлық негізгі приборлар тұтынған электр қуаты туралы хабарлама мен сынақтан өткізу жағдайларының жалпы әдістерін түсіндіреді. Тұтынушылар осы заңдарға байланысты өз құқықтары

123
скачать работу


 Другие рефераты
Кәсіпорынның негізгі қызметінің еңбекақы төлеуге әсері
Балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілінің психолингвистикалық сипаты
Международный лизинг
Планирование в организации


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ