Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕУРОПА ҚҰРЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОСЫ ҰЙЫМДАР АЯСЫНДАҒЫ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ (ЕҚЫҰ, НАТО)



 Другие рефераты
БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҰТЫНУШЫЛАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ АНЫҚТАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі құқықтық реттеу механизмдері (Шет мемлекеттер тәжірибесін зерттеу мен Қазақстанда енгізу мәселелері)

Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау саласындағы аймақтық ұйымдар қызметінің құқықтық негізі болып БҰҰ Жарғысының VIII тарауы табылады. Жарғының 52-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰҰ Жарғысы «аймақтық деңгейде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қатысты мәселелерді шешумен айналысатын аймақтық келісімдердің немесе органдардың қызмет етуіне жол береді», — делінген [1].

Аймақтық ұйымдардың халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы ролін олардың өңірлік жанжалдарды реттеу және жанжалдан кейінгі жағдайды қалпына келтіруде, қатысушы мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастық жолдарын іздестіруде елеулі үлес қосып отырғандығынан байқауға болады.

 

Еуропа кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және жанжалдардың алдын алу ісінде әлемге әйгілі аймақтық халықаралық қауіпсіздік құрылымдары – Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы және Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы негізгі ролге ие.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (бұдан әрі — ЕҚЫҰ) – бұл құрамына Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін біріктіріп отырған, қауіпсіздік жөніндегі ірі аймақтық ұйым. Ұйымның негізгі мақсаты – аймақта жанжалдардың болуын алдын алуға, дағдарыстарды реттеуге, жанжалдардың зардаптарын жоюға бағытталған.

ЕҚЫҰ бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтарымен қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерге арқа сүйейді. Қауіпсіздік айқындамасы ретінде шекаралардың қорғалуы, әскери қатердің төндірілмеуі, саяси және экономикалық тұрақтылық, адам құқықтарының сақталуы, қоршаған ортаны қорғау қарастырылады. Бұл ұйымның қауіпсіздік және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне кешенді көзқарасы жер-жердегі құрылымдар мен институттардың тиімді жүйесіне негізделген. Керек деп тапқан кезінде ЕҚЫҰ қақтығыс ошақтарын қару-жарақтың күшімен де өшіре алатынын осы жылдар ішінде бірнеше рет көрсетіп үлгерді. Бұрынғы Югославияның елдерін бомбылау солай болды, әсіресе 2001 жылы Македония жеріндегі соғыс қимылдары тұсында халықаралық күштер дер кезінде килікті, Таулы Қарабахтағы қанды қырғын да ЕҚЫҰ тарапынан «осыдан қоймасаңдар көресіні көресіңдер» деп ескертілгеннен кейін тоқтатылды. Бірақ ондай шаралар тек жағдай бақылауға көнбей, шектен шығып бара жатқанда ғана қолданылады. Жалпы, ЕҚЫҰ-ның басты құралы – саяси диалог. 1996 жылғы Лиссабон, 1999 жылғы Ыстамбұл саммиттерінде қабылданған «XXI ғасырдағы Еуропа үшін жалпы және толық қауіпсіздік моделі» мен «Еуропа қауіпсіздігінің хартиясы» осындай жолмен қабылданған. Негізінде ЕҚЫҰ-ның басты ерекшеліктерінің бірі оның шешімдерінің қашанда тек консенсус арқылы, яғни бірауыздылық жағдайында ғана қабылданатындығында [2].

Ұйым өзінің негізгі міндеттерін шешудің және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты құралдары ретінде мыналарды жатқызады:

  • Ø Қару-жарақтың таралуына бақылау;
  • Ø Жанжалдардың алдын алу бойынша дипломатиялық күш-жігер;
  • Ø Сенімді қарым-қатынас және қауіпсіздікті қалыптастыру жөніндегі шаралар;
  • Ø Адам құқықтарын қорғау, демократиялық институттарды дамыту;
  • Ø Сайлауларды бақылау;
  • Ø Экологиялық және экономикалық қауіпсіздік.

ЕҚЫҰ-мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа келетін болсақ, Қазақстан ЕҚЫҰ мүшелігіне 1992 жылдың 30 қаңтарында Прагада өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісінде қабылданды, мұның өзі біздің еліміздің осы ұйымның орасан әлеуетін пайдалануына мүмкіндік берді, бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау, жанжалдарды реттеу және бітімгершілік операцияларын үйлестіру мақсатындағы Қазақстанның күш-жігеріне де жол ашты.

Біздің еліміз үшін 1994 жылғы желтоқсандағы Будапешт қаласында өткен саммит өте маңызды. Ол мынадан көрінді: саммитте үш ядролық держава – Ресей, АҚШ және Ұлыбритания – Қазақстанның қауіпсіздік кепілдіктері туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін құрмет тұту, оған қатысты күш қолдану саясатын пайдаланудан бас тарту, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасы ядролық қару қолданылатын шабуылға ұшыраса немесе шабуыл қаупінің объектісіне айналса, онда Ресей, АҚШ және Ұлыбританияның Қазақстанға тиісті көмек көрсету жөнінде шұғыл іс-шаралар қолданатындығы сияқты міндеттемелер айтылды [3].

Сондай-ақ Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев 55 (ол кезде Черногория әлі мемлекет болып жарияланбаған болатын) мемлекеттің басшылары қатысқан жиында тұңғыш рет сөз сөйлеп, жаңа саяси жағдайдағы жаңа мемлекет – Қазақстанның Еуропа мен Азия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен даму үдерістерін қамтамасыз етуге байланысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

ЕҚЫҰ басшылығының Қазақстанға тұңғыш ресми сапары 1993 жылғы сәуірде болды, сол кездегі ЕҚЫҰ төрағасы Швецияның Сыртқы істер министрі М. Аф Углас Алматыға келді. Сапардың іс жүзіндегі нәтижелерінің бірі Орталық Азия елдерінде ЕҚЫҰ-ның бірқатар семинарларын өткізу туралы шешімнің қабылдануы еді және осы аймақтағы негізгі бағыттарын айқындау мен қызметін жандандыруда маңызы зор болды.

1998 жылдың маусымында Қазақстанға ДИАҚБ-ның делегациясы келді. Келіссөздердің басты тақырыбы Қазақстанның Үкіметі мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасында уағдаластық туралы меморандум жасау болды.

Осы құжаттың шеңберінде Бюро демократиялық, азаматтық қоғам құруда Қазақстанға көмек көрсетуге ұмтылады. Бюро ұсынатын жобалар сот, құқық қорғау және сайлау органдарының қызметкерлерін Қазақстанда және шетелде оқыту, оларды адам құқығы саласындағы халықаралық құқықтық стандарттармен таныстыру сияқты салаларды қамтиды.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның тағы да бір құрылымы – жанжалдарды болдырмау жөніндегі орталықпен байланыстарды жолға қойды. 1995 жылы осы Орталықпен бірлесе отырып, сондай-ақ ЕҚЫҰ сарапшыларының, ТМД елдері мен халықаралық ұйымдар мамандарының қатысуымен сенім білдіру шаралары және қару-жараққа бақылау жасау жөніндегі семинар өткізілді.

1999 жылы қаңтарда Алматыда ЕҚЫҰ Орталығы ашылды. Орталықтың ашылуы Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кірігуін одан әрі кеңейтуде, елдің ЕҚЫҰ-ның барлық институттарымен өзара іс-қимылын дамытуда маңызды стимул болды.

Қазақстан үшін әскери-саяси қауіпсіздік сияқты ЕҚЫҰ қызметі саласының маңызы зор. ЕҚЫҰ процесінің шеңберінде 1990 жылы Еуропадағы қарулы күштер туралы шартқа қол қойылды, оған Қазақстан 1992 жылдың қазанында қосылды. Бұл шарт Атлантикадан Орал тауларына дейінгі аумақта ядролық емес құрлықтық және әскери-әуе күштерін шектеуді көздейді.

2007 жылдың 30 қарашасында Мадридтегі саммитте ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің XV бас қосуында Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2010 жылғы төрағалыққа сайланды. Бұл Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымы тарихында бірінші рет еуразиялық кеңістікте жатқан еліміздің болашағы үшін ең маңызды шешім болды.

ЕҚЫҰ Шығыс Еуропадағы бірқатар жанжалдарды шешуде үлкен маңызға иелік етсе, Қазақстан аталған Ұйымның беделін өсіруге және тиімділігін арттыруға қол жеткізбек ниетте. «Қазақстанда ЕҚЫҰ-ны сақтау қажеттігі хақында қағидатты нақты түсінік бар. Бұл халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар, Ұйымның халықаралық беделін өсіріп, оның әлеуетін қауіпсіздіктің көкейкесті проблемаларын шешуге жұмсау үшін қажет», – деді еліміздің атынан көш бастап барған Сыртқы істер министрі Марат Тәжин [4].

Елбасы Н.Ә. Назарбаев  былай деп атап өтті: «Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі ұсынысымызға қолдау көрсете отырып, бұл Ұйымға қатысушы елдер еліміздің көп қырлы стратегиялық дамуының дұрыстығын және оның жалпы әлемдік трендіне сәйкестігін бірауыздан қолдады.

Әлемдік қауымдастық елдері осы шешімдерімен біздің мемлекетіміздің экономикалық және саяси даму моделінің тиімділігін, ұлтаралық және дінаралық проблемаларды шешудегі біздің тәжірибеміздің құндылығы мен бірегейлігін мойындады.

Бұл біздің ғана жеңісіміз емес. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел. Сондықтан бұл – біздің ортақ жеңісіміз».

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстанға не бермек деген сауалға былай жауап қайыруға болады:

Біріншіден, бұл Қазақстанды әлемдік қауымдастық тарапынан халықаралық мойындауы мен елдегі тұрақтылықтың қалыпты дамуы нәтижесі.

Екіншіден, бұл еліміздің халықаралық қауымдастық тарапынан Орталық Азия континентіндегі аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудағы қосқан үлесінің жоғары бағалануы.

Үшіншіден, Қазақстан халықаралық маңызға ие мәселелер бойынша өзіндік бастамаларын іс жүзінде асыруға зор мүмкіндіктер тудырмақ.

Төртіншіден, әлемдік қауымдастықты Азия континентіне назар аударуына, ондағы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төндіріп отырған немесе төндіруі мүмкін мәселелерді реттеуге, алдын алуға көңіл аудартпақ.

Сонымен ЕҚЫҰ қазіргі уақытта тек Еуропадағы ғана емес, бүкіл әлемдегі беделді, ықпалды ұйымдардың бірі болып табылады. Оны осы ұйымның тек Еуропадағы түрлі жанжалдарды болдырмауға немесе алдын алуға ғана бағытталған мақсатты міндеттерін жүргізіп қоймай, өзіне мүше болып енген елдерде тұрақтылықты және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге ықпал ететін, ең бастысы – демократиялық үрдістердің тиімді жүргізілуі мен сақталуын бақылайтын бірден бір жетекші ұйымға айналып отырғандығынан байқауға болады.

Ал, Қазақстанның осындай халықаралық ең өкілетті және беделді ұйымдардың біріне төрағалық ету мәртебесін алуы еліміздің Ұйым қызметінің басым бағыттары мен міндеттерін жүзеге асыру мүмкіндігінің, қ

123
скачать работу


 Другие рефераты
Назначение и область применения лазеров
Психология конфликта и выход из него
Понятие культуры
Лоренцо Гиберти


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ