ЕУРОПА ҚҰРЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОСЫ ҰЙЫМДАР АЯСЫНДАҒЫ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ (ЕҚЫҰ, НАТО)
азіргі қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы күресте әлемдік қауымдастықтың бірлескен қызметін үйлестірудегі маңыздылығын көрсетеді.
Еуропадағы қауіпсіздік саласындағы беделді ұйымдардың бірі Солтүстік Атлантикалық Шарты Ұйымы (бұдан әрі — НАТО).
1949 жылдың 4 сәуірінде Вашингтон қаласында 12 мемлекеттің (АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, Бельгия, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания және Исландия) басшылары өз алдына БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаларын басшылыққа ала отырып, барлық елдер және үкіметтермен бейбітшілікте өмір сүру, осы аймақта тұрақтылықты нығайту мен халықтың әл-ауқатын арттыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсаттарын алға қойып Солтүстік Атлантикалық Шарты Ұйымының Жарғысын бекітті.
Солтүстік Атлантикалық Шарты Ұйымының мақсаты ретінде – Ұйымға мүше мемлекеттер Еуропада немесе Солтүстік Америкада одақтың бір немесе бірнеше мүшесіне қарсы жасалған қарулы шабуыл бүкіл одаққа қарсы жасалған шабуыл ретінде қабылдау жөнінде келісті. Осыған байланысты мүше мемлекеттер жеке немесе ұжымдық өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыру ретінде қарулы шабуылға ұшыраған мүше елге немесе мүше елдерге Солтүстік Атлантикада қауіпсіздікті қалпына келтіру мен сақтау үшін қажетті іс-қимыл жасай отырып, соның ішінде қарулы күштерді қолданумен қатар жеке немесе басқа да мүше мемлекеттермен бірлесе отырып көмек көрсететіні жөнінде уағдаласты. «Қажетті іс-қимыл жасай отырып, соның ішінде қарулы күштерді қолданумен қатар» деген сөз мәтіні одақтың басқа да мүшесі басқыншы мемлекетке қарсы қарулы жанжалға міндетті түрде түсетіндігін білдірмейді. Оларда жауап қайтару міндеті тұрғанымен мүше мемлекеттер жауап қайтарудың құралын дербес еркін таңдау мүмкіндігіне ие. Солтүстік Атлантикалық Одақ өзінің басты мақсатына жету үшін қауіпсіздік саласында мынадай маңызды міндеттерді жүзеге асырады:
-
аймақтағы тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-
одақтастар арасында, олардың мүдделерін қозғайтын мәселелер жөнінде консультациялар жүргізу;
-
кез келген басқыншылық қаупіне қарсы қорғануды қамтамасыз ету;
-
жанжалдардың алдын алуға көмектесу және дағдарысты реттеу операцияларына белсенді қатысу;
-
өзара сенімге қол жеткізу мақсатында және Солтүстік Атлантикалық Одақтың біріккен әрекеттеріне қабілетті болу үшін басқа мемлекеттермен кең көлемді әріптестік, ынтымақтастық және диалогқа көмектесу [5].
1999 жылдың сәуірінде мүше мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшыларының Вашингтонда болған Солтүстік Атлантикалық кеңестің сессиясында Солтүстік Атлантикалық одақтың Стратегиялық тұжырымдамасын қабылдады.
Тұжырымдамада «Одақтың қауіпсіздігіне төнетін кең сипаттағы қауіп-қатерлерге: лаңкестік әрекеттер, ұйымдасқан қылмыстар, қарулы қақтығыстарға ұрындыру мақсатымен жасалатын арандатушылық және өмірлік маңызы бар ресурстардың келуін бұзушылық» жатқызылған. Әсіресе, қарулы жанжалдардың нәтижесінен бұқара халықтың бақылаусыз баса-көктеп енуі де Солтүстік Атлантикалық одақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін мәселелер тудыруы мүмкін (24-тармақ).
Тұжырымдаманың ең өзекті тармағы болып 29-тармақ табылады. Онда алғаш рет Ұйымға мүше елдердің дағдарысқа қарсы әрекет ету операциясының шегінде дағдарыстарды реттеу мен жанжалдардың алдын алуға қатысу құқығын бекітті. Сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің бір реттік негізде және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қамқорлығы немесе ЕҚЫҰ-ның жауапкершілігімен бітімгершілік және өзге де операцияларды жүргізуді өзіндік рәсіміне сәйкес қамтамасыз етуге, соның ішінде өзінің тәжірибелері мен ресурстарын беру жолымен де дайындығын білдіреді.
Соңғы жылдар ішінде НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылып, нәтижесінде Блоктың әскери құрылыс стратегиясы елеулі өзгерістерге ұшырады, НАТО-ға мүше елдердің қорғанысқа арналған шығыстары азайды және Блоктың жеке құрамы мен құрылымдық әскери бөлімшелері қысқарды. НАТО-ны әскери ұйымнан саяси-әскери ұйымға айналдыру процесі күшейді. Бұрын КСРО-ға және Варшава шартының басқа да қатысушыларына бағытталған кейбір әскери және саяси доктриналар қайта қаралды.
Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес Одағының тәуелсіз мемлекеттерімен ынтымақтастықты жолға қою үшін арнайы құрылған НАТО органы – Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты тереңдету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын.
1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болады. Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және тағы да басқа енеді.
1999 жылы сәуірде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев НАТО-ның 50-жылдығына орай мерейтойға қатысып, қауіпсіздіктің ірі проблемаларын жедел шешуге мүмкіндігі бар ұйым ретінде НАТО-мен ынтымақтастығына жоғары баға берді. «Этникалық жанжалдарды болдырмау, лаңкестікпен, жаппай қырып жою қаруының таралу қауіпімен, есірткі заттармен және халықаралық қылмыспен күрес – біздің өзара әрекеттестігіміздің толық емес тізімі міне осы», — деп атап өтті Президент Солтүстік атлантикалық Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде [6].
Сұхбаттың тереңдеуіне екі жақты байланыстардың жоғары даму үрдісі куә. 2003-2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г.Альтенбург және Ж.Фурне, Директораттардың басшылары Я.Сконежка және Ф.Боланд, НАТО-ның Халықаралық әскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф.Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р.Симмонстың ресми сапарлары болды. 2005 жылдың наурыз айында Қауіпсіздікті азаматтық өлшеу жөніндегі комитетінің төрағасы М.Клэпхемонның жетекшілігімен НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының делегациясы Қазақстан Республикасына сапары болды.
2006 жылғы қазан айында сол кездегі Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Брюссель қаласына сапар барысында оның НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен кездесуі өтті. Қазақстан мен НАТО арасындағы екі жақты ынтымақтастық дамуы, сондай-ақ аймақтық және халықаралық кауіпсіздік мәселелері талқыланды.
2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесуі барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Сембинов басқарған қазақстандық делегациясының бірқатар консультациялар мен келіссөздерінен кейін қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады.
ӘІЖЖ-нің қабылдануы Қазақстанның НАТО-мен өзара қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығарады және Солтүстік Атлантикалық альянсымен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөнінде жан жақты сұхбатты тереңдетуді жәрдемдесуге бағытталған.
Альянспен сұхбатты нығайту үдерісіндегі маңызды оқиға Қазақтан Республикасы Парламентінің НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясындағы бақылаушы мәртебесін алуы болып табылады. Тиісті шешімді Қазақстан Парламентінің қос палатасының төрағалары жасаған өтініштерінен кейін 2004 жылғы 15 қарашада Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитеті мәжілісінде қабылдаған болатын.
Қазақстанның НАТО-ға толық құқықты мүше болу ниеті жоқ. Бірақ өзінің сыртқы саясатының қағидаларын негізге ала отырып, Қазақстан Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы республикалардың әскери-саяси ынтымақтастығын жандандыру бүкіл Еуразия кеңістігінде сенім білдіру ахуалын нығайту үшін пайдалы болады деп есептейді. Сонымен бірге НАТО-мен бірге бірлескен жобаларға қатыса отырып, Қазақстан ең алдымен жеке қарулы күштерінің әзірлік деңгейін көтеруді мақсат етіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
1.Устав ООН. Сборник документов по международному праву, Т.1, Алматы. АО «САК»,1998. – С. 24.
-
Сауытбек Абдрахманов, Әлемге әйгілі ұйым //Егемен Қазақстан – 2007 жыл 14 желтоқсан. – Б. 5.
-
Тоқаев Қ.К. «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» — Алматы: 2002 – Б. 311-312.
-
Егемен Қазақстан – 2008 жыл 2 сәуір. – Б. 3.
-
Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бө
| | скачать работу |
ЕУРОПА ҚҰРЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОСЫ ҰЙЫМДАР АЯСЫНДАҒЫ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ (ЕҚЫҰ, НАТО) |