Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Франк-Прусс соғысы



 Другие рефераты
Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар Қылмыстық құқық. Глоссарий Париж Коммунасы 1870-1890 жылдардағы Франция. Франция XX ғасырдың басында

1. Соғыстың себептері мен барысы

2. Қорытындысы

 

1869-70 жылдары Францияда бонопартистік режимнің дағдарысы бұрынғыдан да күшейді. Оның себебі император Наполеон III Францияны құдіретті мемлекетке айналдыруды, Еуропада Францияның ықпалын күшейтуді көздеді. Ол үшін елдің ішіндегі наразылықгы басу керек, ол үшін жеңімпаз соғыс жүргізу керек. «Еуропаның басқа мемлекеттерін жеңу арқылы Еуропада Францияның ықпалы орнайды» — деп ойлады. Германияның бытыраңқылығын сақтап калуға тырысты. Германия бірігіп кетсе күшейеді. Сол үшін Пруссияға соққы беру керек болды. Осындай жолдармен бонопартистер өз әулетін күшейтуді армандады. Бонопартистердің жеке мүддесінен шыккан соғыс болды. Сол кезде Пруссияға да соғыс керек болды. Себебі Пруссия елді біріктіруді аяқтағысы келді. Германияньщ төрт мемлекетін қосу керек болды. Ал Франция болса Германияньщ қосылмаған төрт мемлекетінің косылуына кедергі жасағысы келді. Пруссия бүл соғысқа дайындалып отыр еді. Сонау 1863 жылы соғыс жоспарын дайындаған болатын. Австро-Венгрияны бейтараптылыкка көндірген болатын. Пруссияның милитаристік топтарының агрессияшыл саясаты осындай болды.

Германияның алдында қойып отырған мақсаты едді біріктіру. Бүл соғыс Пруссияның тарапынан обьективті соғыс болды. 1870 жылы Пруссияда соғысқа қажетті дайындықгар аяқгалды. Енді соғысқа бір сылтау керек болды. Бүл сылтау Испанияның тағына мүрагер отьтрғызу кезінде жасалды. 1870 жылы шілде айында королева Изабелла қуылғаннан кейін Испанияның тағы неміс принці Леопольд Гогенцоллерн Зигмарингенге үсынылды Бүны Франция қаламады. Леопольд тақтан бас тартты. Бисмарк бүл мәселені Пруссияның беделін төмендету деп баспасөз бетінде жариялады. Вилгельм бүны Пруссияны жәбірлеу деп қабылдайтынын мәлімдеді. Дәл осындай соғысуға сылтау іздеген Францияның соғыс министрі Лебеф былай деді: «Біз соғысқа дайъшбыз, өте дайынбыз» — деп мәлімдеді. Франция 1870 жылы 19 шілдеде Пруссияға соғыс жариялады. Франко-Прусс соғысы басталды. Ал шындап келгенде Франция соғысқа дайын болмай шықгы. Азық-түлік жеткіліксіз екен. Әскер басшылары кднша күш барын білмейді. ЖәшІктердегі оқ-патрондар орнына күм толтырылып қойылған. Осылай Франция әскері бірде-бір рет шабуылға шыға алған жоқ. Француз әскерлеріне неміс әскерлері үш рет қатты соқкы берді. 4-тамызда Виссамбург түбінде, 6-тамызда Фервахта соққы берілді. Бүл хабарды естіген француз халқы демонстрацияға шықгы. Францияның армиясы бүл үш сокқыдан кейін инициатива ала алмады. Ақырында Мец түбінде генерал Базен әскері қоршалды. 1870 жылы 30-тамызда Седан түбінде Мак Магонның әскері қоршалды. 1870 жылы 1-қыркүйек күні сағат үште Наполеон ақ ту көтеруге бүйрық берді. 82 мың әскері қол көтеріп берілді. Бүл империяның бет пердесін ашып берді. П-империяның дағдарысқа үшырап отырғанын дәлелдеді. Седан түбіндегі бұл жеңіліс Париж халқының наразылығын тудырды. 1878 жылы 4-қыркүйекте Париж халқы республика талап етті. Бүл 4-қыркүйек күнгі революция кезінде республикашылар буржуазияның басшылары Гамбетта және Жюль Фабр болды. Халыкхың талап етуімен буржуазия өкілдері бланкистер өкімет мүшелерінің күрамын жасап жатты. Гамбетта және Жюль Фабр бастаған топтар Париж халқына үкіметтің қүрамын олардан бүрын жариялап жіберді. 1870 жылы басталған Франко-Прусс соғысының барысында республикалық басқару жарияланды.

Бұл революция буржуазиялық демократиялық революция болды. Революцияның жасалуы мен республиканың жариялануы Франко-Прусс соғысының сипатын өзгертті. Франция тарапынан бүл соғыс енді Отан қорғау, яғни әділетті соғысқа айналды. Германияның тарапынан болса, бүл соғыс Франциядан жер алуды көздеген әділетсіз соғысқа айналды. Франциянын халқына енді Германиядан қорғану керек болды. Сондықтан үлттық қорғаныс үкіметі деп жариялады.

Бекіністің бір кірпіші берілмейді деп мәлімдеген, республикашылар шын мәнінде тездетіп Германиямен келісімге келгісі келіп отырды. Пруссияның әскері алға жылжи берді. Бүдан үкімет қорытынды жасамады. Немістер 1870 жылы 19-қыркүйек күні 230 мың әскерімен Парижді қоршады. Базен әскері 27-қыркүйекте неміс үкіметіне берілді. Жюль Фабр Бисмаркпен келісіп болашақ бітімнің жобасын жасады.Бүл халықты ызаландырды. Еріктілер отряды кұрылды. Еддің ішінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде округтік Бақылау комитеті күрылды. Бүған 20 округ қарады. Бүл округтердің ішінде бірінші интернационалдын секцияларыньщ мүшелері жүмыс жасады. Үлттық гвардия күрды. Орталық комитет үйымдастырылды. Бүл белсенділіктерді буржуазия үнатпады. Олар бланкистерді түтқындады. Қолдан келгенше Франциядағы революциялық қозғалысты басып-жаншып, карсылық болдырмауға әрекет жасады. Францияда бүл жылы қыс қатты болды. Аштық пен күйзелушілік пайда болды. Париж халқының тізе бүгу туралы сөзді естігісі де келмеді. Бланкистердің орекетін прудонистер қолдамады. Трошю үкіметі оскер шығарып бүл көтерілісті басып тастағысы келді. Трошю үкіметі үлттық гвардия отрядтарын нәтижесіз аяқталатын қимылдарға жүмсап отырды. Жюль Фабр Версаль қаласында отырған Бисмарктан бітім сұрады. Бисмарк Жюль Фабрмен сөйлесті. Бірақ одан Париж порттарының берілуін сүраған жоқ. СебебІ олардың берілмейтінін білді. Франциянын басшылары Пруссияға қарсы ел ішінде үлкен күштің бар екенін білді. Кдй заманда да елдің тәуелсіздігін сақтаушы — халық.

1871 жылы 18-қаңтарда Франция мен Пруссия арасында келісім болды. Үлттык сайлау өтті. Онда монархиялық топтың өкілдерінің саны көп болды. Үкіметтің басшысы етіп А. Тьер бекітілдІ. А. Тьер Францияның баюшы буржуазиясының өкілі болатын. А. Тьер тек өзі байыған үстіне баи беру арманынан таймаған адам.

1871 жылы 26-ақпан күні жоғарыдағы келісімге байланысты Германия мен Францияның арасындағы бітімге қол қойылды. Франция Эльзас пен Лотарингияны (көлемі 145 мың шаршы шақырым) Германияға берді және 5 млрд. франк контрибуция төлейтін болып міндеттенді.

скачать работу


 Другие рефераты
Сексуальная культура
Фосфор и его соединения
Метод Крамера
Части речи


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ