Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғаламдық су қауіпсіздігінің хартиясы



 Другие рефераты
Қырғыз Республикасының Су Кодексі Халықаралық конференциясының қорытынды құжаты Су — тіршілік тамыры ТОКСИКАЛЫҚ ГЕПАТИТТЕР

1. Су ортақ әлеуметтік және табиғи ресурс болып табылады, ол бірінші кезекте ауыз су мен тұрмыстағы қажеттіліктер, азық-түлік пен оны өндіру (суармалы егістік), адамдардың денсаулығын сақтау, әсіресе жағдайы нашар халықтың жұмыспен қамтылуы және әл-ауқаты, экологиялық талаптар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау және дамыту үшін пайдаланылуы қажет.

2. Су ынтымақтастық мақсатында қызмет ету және ешқашан жанжалдарға себепші болмауы тиіс.

3. Су – табиғат сыйы, онсыз жерде өмір де болмайды. Әр бір адам өмірге, сондай-ақ табиғи суға құқылы. Сондықтан, ашық табиғи суайдындарындағы  (мұхиттағы, теңіздердегі, көлдердегі, өзендердегі) су тауар ретінде қарастырылмайды.

4. Суға әділ және ақылмен қол жеткізу әр бір адам үшін су пайдаланудың медициналық нормалары мен алдыңғы қатарлы технологиялардың талаптарына сәйкес көлемде мемлекетпен кепілдендірілген этикалық, рухани, заңды құқық болып табылады.

5. Әр бір су пайдаланушы суды үнемдеп, негізсіз шығындамай, су көздеріндегі судың сапасын ластаудан және бұзудан қорғап пайдалануға, суқұбыры арқылы суды тазарту және жеткізу бойынша шығындарды уақытылы төлеуге міндетті.

6. Суға табиғи нысандардың құқығы табиғи су айлақтарының жойылып кетуіне немесе көлемінің кішірейуіне жол бермей, су көп болса да, аз болса қорғалуы тиіс.

7. Трансшекаралық суды пайдалануға және оның ағысымен орналасқан барлық елдердің сол суды пайдалану құқығын ешкім ала алмайды. Тұтас талаптардың өсуі немесе су ресурстарының азаюы кезінде көршілес елдердің келісімімен су берудің және су пайдаланудың заманға сай технологияларына көшу қажет.

8. Өзендердің су режимін жасанды құрғақшылыққа немесе тасқын суға әкелетін режимге ауыстыруға ешкімнің құқығы жоқ.

9. Трансшекаралық сулардағы әр бір әрекет, сондай-ақ ірі гидроимараттардың құрылысы тәуелсіз халықаралық сараптаманың пайдаланушы – барлық елдердің мүдделері мен келісімдерін есепке ала отырып, оң қорытынды бергенде ғана жүзеге асырылуы және ағыстың төменгі жағында орналасқан елдерге зиянын келтірмеуі тиіс.

10. Ұлттық су басшылығының жүйесі заңды, әлеуметтік ережелер мен нормалардың тұрақты кешені түрінде жасалуы қажет, ол су шаруашылығы сатысының барлық деңгейін және қоғамдық өмірдің барлық салаларын, экономикамен қоса қамтуы тиіс, нәтижесінде табиғат пен адам қажеттіліктері үшін сумен қамтамасыз етілу кепілін жасайды.

скачать работу


 Другие рефераты
Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі. Хақназар хан (1538-1580 жж)
Русский музей- культурный центр XIX века
16-18 ғасырлардағы ағартушылық философия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ