Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі



 Другие рефераты
Имунитет пен лимфа Гормондардың негізгі қызметтері. Гипоталамус. Гипофизарлық жүйенің ерекшелігі Халықаралық конференциясының қорытынды құжаты Ғаламдық су қауіпсіздігінің хартиясы

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш Заңнамалық мәжілісінде 2004 жылы 9 желтоқсанда қабылданған.

1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1бап. Міндеттері мен мақсаттары

1. Осы Кодекс Қырғыз Республикасының халқын кепілді, жеткілікті және қауіпсіз сумен қамту үшін су ресурстарын пайдалану, қорғау және дамыту саласындағы су қатынастарын, қоршаған орта және республиканың су қорын тиімді дамытуды қамтамасыз етуді  реттейді.
2. Осы Кодексті іске асыру мақсатында су ресурстарын басқарудың негізгі қағидалары белгіленеді; суға мемлекеттік саясат негіздері анықталады; су нысандары және су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік органдардың құзыреті белгіленеді; суре ресурстарын пайдалану жөнінде жоспарлар мен Ұлттық су стратегиясын әзірлеу үшін шаралар жүйесі құрылады; үстіңгі, жер асты суларын пайдалану және оларды пайдалануға төлемдер реттеледі; ластану және сарқылудан су ресурстарын қорғау бойынша шаралар анықталады; су ресурстары және бөгеттің қауіпсіздігіне қатысты төтенше жағдайлар бойынша ерелер енгізіледі; су шаруашылығы және ирригациялық секторды реттейді; су қорының жерлеріне меншік иесі туралы және пайдалану бойынша ережелер белгіленеді, мемлекеттік су инспекциясын құруды қамтамасыз етеді және мемлекеттік су инспекторларының міндеттері мен өкілдіктерін белгілейді; су ресурстарын пайдалануда құқық бұзушылықтар анықталады, халықаралық құқық бойынша Қырғыз Республикасының міндеттеріне осы Кодекстің қатынастары анықталады.

2 бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар

Осы Кодексте пайдаланылатын терминдер және анықтамалар мынадай түсінік береді:
Суды пайдаланушылар қауымдастығы    -    ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін арналған қоғамдық бірлестік;
Бассейндік су әкімшілігі   -   бас бассейннің гидрогеографиялық шекарасында су ресурстарын басқаруға жауапты мемлекеттәк су әкімшілігінің аумақтық органы;
Бассейндік жоспар -  анықталған бас бассейннің шекарасында су ресурстарын қорғау және дамыту, пайдалану бойынша жоспар;
Бассейндік кеңес – су ресурстарын пайдалану, қорғау және дамыту бойынша бас бассейнде мәселелерді шешу үшін өкілетті орган;
жағалаулар – су қорының жерлеріне қатысты табиғи су нысанына қосылатын жер белдіктері;
суды пайдаланушылар -  Қырғыз Республикасының заңды немесе жеке тұлғалары, сондай-ақ шет елдік жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде азаматтығы жоқ адамдар;
Су нысандары – өзендерді, бұлақтарды, су көздерін, көлдерді, батпақтар, мұздықтар мен қарлықтарды қоса үстіңгі жән жер асты суларын түрлі;
Қырғыз Республикасының су ресурстары  -  Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекара ішіндегі барлық су ресурстары;
Су шаруашылығы имараттары – бөгеттермен су қоймалары, каналдар, коллекторлар, кәріздер, орлар, гидротехникалық имараттар, қорғаныс дамбалары, акведуктер, құбыр өткізгіштер, көпірлер, ұңғымалар, сорғы станциялары, коммуникациялармен және басқада инфрақұрылым элементтерімен су құбырлары, оларды пайдалану мен техникалық қызмет көрсету үшін берілген барлық жер учаскелерін қоса  алғанда;
Су қоры – барлық су нысандарын, су ресурстарын және су шаруашылығы имараттарын су қоры жерлерін қоса жиынтығы;
бас бассейн – барлық үстіңгі сулар негізгі өзенге немесе су нысанына құятын аумақ;
мемлекеттік су әкімшілігі -   Қырғыз Республикасының су ресурстарын басқару бойынша арнайы құрылған мемлекеттік орган;
Гидрометеорология бойынша мемлекеттік орган  -  мемлекеттік су кадастры және су ресурстары мониторингі, су бойынша ақпараттық жүйелерін дайдындауға қатысатын арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
Гидрогеология бойынша мемлекеттік орган    -    бұрғылау бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия беретін, суға ұңғыма бұрғылайтын және жер асты суларын пайдалануға рұқсатты келісуге қатысатын арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
Қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік орган – қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік орган – су тасу, селдің өтуі және сырғыма жағдайында жоспарларды дайындауда, жаңартуда және жүзеге асыруға қатысатын арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орган – су нысандарында су стандарттарын бекіту, шаруашылық, ауыз су және тұрмыстық суды пайдалану үшін судың жарамдығын анықтауды қамтамасыз ететін арнайы уәкілетті мемлекеттік орган;
дренаждың жүйелер – ашық және/немесе жабық коллекторларды және кәріз, гидротехникалық имараттар, тік дренажды ұңғыма мен басқада инфрақұрылымдар, дренаждық жүйелерді ұстау, пайдалану және жөндеуді қамтамасыз ету үшін бөлінген жерлерді иесіздендірудің барлық белдіктерін қоса;
суды жеткізуге жыл сайынғы шарт  — бір жылға мерзіммен судың анықталған көлеміне суды пайдаланушының куәландыратын құжат;
ластаушы заттар – адам денсаулығына, табиғи ресурстарға және экожүйелерге зиян әсер ететін, қоршаған ортаға зиян әкелуге қабілетті кез-келген заттар, энергия, бұйымдар немесе олардың комбинациялары;
су қорының жерлері – су айдындармен (өзендермен, көлдермен, су қоймаларымен, каналдармен, кәріздермен), мұздықтармен, батпақтармен, гидротехникалық және басқада су шаруашылығы имараттарымен  қамтылған жерлер, сондай-ақ жерді беру белдіктеріне бөлінген жерлер;
ирригациялық жүйелер  -   ирригациялық жүйелерді ұстау, пайдалану және жөндеуді қамтамасыз ету үшін бөлінген жерлерді иесіздендіру барлық белдіктерін қоса жолдармен, ғимараттармен, электр беру желілерімен және басқада инфрақұрылымдармен байланысты ирригациялық каналдар, құбырөткізгіштер, гидротехникалық имараттар, сорғы станциялары, ұңғымалар, су қоймалары, тоғандар мен су айдындар өзара байланысты желі;
суды жеткізуге келісімшарт  -  он бес жылға дейін мерзімге анықталған су көлеміне суды пайдаланушы құқығын куәландыратын құжат;
Су бойынша ұлттық кеңес    -    Қырғыз Республикасы Үкіметімен құрылған Қырғыз Республикасында су қатынастарын үйлестіретін мемлекеттік орган;
Жергілікті мемлекеттік әкімшілік орган  -  облыс және аудан аумағындағы мемлекеттік атқарушы билік органы;
қалдықтар -   тұтыну және өндіріс қалдықтары ретінде нұсқаулықпен анықталған кез-келген заттар немесе бұйымдар және олардың құндылықтарына қарамастан тасталатын немесе иесі тастауға қолайланатын кез-келген заттар немесе бұйымдар;
суды жеткізуге келісімшарт бойынша төлем  -  суды жеткізу бойынша жыл сайынғы шартқа сәйкес келісімшарт иесінен суды жеткізушілер алатын төлем;
табиғи ресурс ретінде суды пайдаланғаны үшін төлем  -  Қырғыз Республикасының заңнамасымен белгіленген төлем;
бөгет – су ағынын реттеу үшін немесе судың жиналуы үшін немесе имараттар алында су деңгейін көтеру үшін сы нысанында су ағынын жабатын гидротехникалық имарат;
суды жеткізуші  -  суды пайдаланушылар қоғамына немесе суды жеткізуге келісімшарт негізінде басқа тұлғаға беру үшін алатын және жеткізетін ирригациялық жүйелерге пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік су әкімшілігінің өңірлік органы немесе кез-келген басқа заңды тұлға;
суды пайдалануға рұқсат – суды пайдалану бойынша қызметке он бес жылға дейін мерзімге және бес жылға дейін – қиыршықтас және басқада материалдарды өндіру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін берілетін рұқсат;
суды бұруға рұқсат – су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қоры жерлеріне ластаушы заттар немесе қалдықтарды бұруға рұқсат;
сервитут -   меншікте тұрған немесе басқа адамның пайдаланудағы жер учаскелерін нысаналы пайдалануды шектеуге адамның құқығы;
суды пайдалануға арнайы рұқсат   -   Қырғыз Республикасы Үкіметімен берілген ұзақ мерзімді рұқсат;
экологиялық ағын  — мәнді шығын келтірмей су экожүйесін сақтауды қамтамасыз етуге ыңғайлы су нысанындағы жеткілікті су ағыны;
су ресурстарын қорғау бойынша жұмыс мына мақсаттағы жұмысты белгілейді:
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жеріне ластаушы заттар немесе су нысанына қалдықтарды тастауды қысқарту немесе алдын алу;
- қалдықтар мен ластаушыларды жою немесе тарату;
- су нысанында, су шаруашылығы имараттарында немесе су қорының жерлерінде ластаушы заттар немесе қалдықтардың болуымен туындаған ластануды зарарсыздандыру немесе азайту;
- егер ыңғайлы және тәжірибелі болса су нысанына, су шаруашылығы имараттарына немесе су қорының жерлеріне ластаушылар және қалдықтардың тиюіне дейін флора мен фаунаның болуын сақтауды қоса су нысаны, су шаруашылығы имараттары немесе су қорының жерлерінің жағдайын қалпына келтіру;
Жауапты тұлға ретінде тұлға белгіленеді:
- су нысанына, су шаруашылығы ғимаратына немесе су қорының жерлеріне қалдықтар немесе ластаушы заттарды тастаған;
- су нысанына, су шаруашылығы имаратына немесе су қорының жерлеріне тиюі мүмкін қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік органның қорытындысы бойынша сол жерлерден қалдықтар немесе ластаушы заттарды тастаған.

3 бап. Қырғыз Республикасының су заңнамасы

1. Қырғыз Республикасында су қатынастары Қырғыз Республикасы Конституциясымен, осы Кодексімен және соған сәйкес қабылданған басқада нормативтік құқықтық актілермен реттеледі
2. Су құқығының нормалары басқада нормативтік құқықтық актілерде осы Кодекске сәйкес келуі тиіс.
3. Нормативтік құқықтық актілерде айтылған су құқығының нормаларына қайшы келген жағдайда осы Кодекстің ережесімен осы Кодекстің ережелері қолданылады.

4

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Книжный вестник Ю.М. Богушевича
Монгольские гос-ва на территории России в 12-16вв (Доклад)
Вредные частицы
А.И.Хачатурян, С.С.Прокофьев, М.И.Глинка


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ