Ғылыми білімдер жүйесінде Әлеуметтік психологияның рөлі
Другие рефераты
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Әлеуметтік психологияның пәні мен міндеттері.
2. Әлеуметтік психологияның білімдер жүйесінен бөлініп шығуы.
Әлеуметтік психологияның пәні екі бөлек ғылымның социология (әлеуметтану) мен психология (жантану) жігінде пайда болып, 20-ғ. Басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.
Сондықтан әлеуметтану ғылымы әлеуметтік психологиясын өзінің бір тармағы деп есептесе, екінші жағынан ол психология ғылымының бір саласы деп есептелінеді.
Оның бірнеше себептері бар. Негізінде қоғамдық өмірдегі көптеген құбылыстарды зерттеу екі ғылымның да психология мен әлеуметану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланғанда жемісті болуы мүмкін. Қоғамдық заңдылықтар, адамдар іс-әрекеті, адамдардың мінез-құлқы, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден адамдардың қарым-қатынасында, іс-әрекетінің барысында ерекше байланыс, өзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас типтері пайда болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше, мүмкін емесі анық. Әлеуметтік психологияның екі жақтылығы, бұл пәннің осы екі ғвлвмнвң психология мен әлеуметтанудың қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуына байланысты.
Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.Екеуінің де негізгі қарастыратыны – индивид. Әлеуметтік психологтя индивидтен тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда, бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.
Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуы 1908 жыл деп санайды.Осы жылы ағылшын психологі В.Макдугалдың «Әлеуметтік психологияға кіріспе» еңбегі Европада басылып шықты.Америкада Э.Росстың «Әлеуметтік психология» деген еңбегі жарық көрді.
1897 жылы Дж.Болдуиннің «Әлеуметтік психологиядан зерттеулер» атты еңбегі жазылды.Өз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда көптеген қиындықтарға кез болды.Егерде 20 ғ. басында зерттеушілер көбіне қоғамдық көпшіліктік психологияны зерттеуге көңіл бөлсе, ғасырдың орта шегіне таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсер ету тәсілдері және әр түрлі адамаралық қатынастарға үңіле бастады.
Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясын құру проблемасы өте өзекті.
Әлеуметтік психологияның пәні әр түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілген адамдардың қарым-қатынасының заңдылықтарын және сол топтардың өзінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін ғылым деген көзқарас басым.
Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің міндеттері:
1. Шетелдік әлеутметтік психологияға талдау жасау, шетезерттеушілерінің тәжірибесін сол қалпында көшіріп алмай, біздің жағдайға қарай қарастыру.
2. Әлеуметтік психолог этникасын мәселені еске ала отырып, бұл мәселені шешуде өз орнын алуға тырысу.
Жаңа әлеуметтік психология төмендегі міндеттерді алға қояды:
Өзгермелі дүниеде адамның рөлі мен орнын табу.
1. Қазіргі социумдағы қатынас пен қарым-қатынастың көп түрлерін зерттеу.
2. Мемлекет, саясат, экономика, қоғам негізінде әлеуметтік-психологиялық қатынастарды ұйымдастыру.
3. Әлеуметтік қақтығыстар теорияларын жасау.
4. Әлеуметтік психологияның диагностикалық теориялық негізін жасау.
Әлеуметтік психолог көпшілік көтерілістерді, кепілге алынғандарды шығаруға келіссөз жүргізуге көмек беруі тиіс.Әлеуметтік психологияның жеке ғылым болып бөлініп шығуы:
1. Тілдің жетілуімен
2. Этнография, антропология, археология аймақтарындағы маңызды фактілердің жиналуына
3. Қалалардың дамуы мен өндіріс орындарының көбеюіне байланысты.
Бұл кезеңде өзіндік психикалық құбылыстар, халық рухы, топ мінез-құлқы, еліктеу, сену пайда болды.Оларды зерттеу үшін зерттеу әдістері жасалына бастады.
Бұл кезеңде ғалымдар әр түрлі этнографиялық, тарихи, антропологиялық, тілдік материалдарды жинап, талдау мн ғана айналысты.Оларды эксерименталды тексеруден өткізбеді.Ағылшын антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық мәдениет жайлы жұмысын аяқтады.Америка этнографы Л.Морган индустар тұрмысын зеттеді.Француз социологы және этнографы Л.Леви-Брюль алғашқы адамның ойлау ерекшеліктерін зерттеді.
Әлеуметтік психологияның ата-анасы психология мен әлеуметтану болды.
Пысықтау сұрақтары:
1. Әлеуметтік психолоияның міндеттері.
2. Ғылымдар жүйесінен бөлініп шығуы.
3. Жаңа әлеуметтік психологияның қарастыратын сұр
| | скачать работу |
Другие рефераты
|