Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi

ктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.

Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi мыналарға:

- жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды

бағалауға;

- қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;

- жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;

- ақшалай табыс алуға негізделген.

Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық) рөлдi жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.

Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер - мамандардың институты мүлдем жоқ.

Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың негiзгi тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі.

Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының болуынсыз мүмкiн емес.

Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық өнімді рынокқа жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.

 

 Инновациялық инфрақұрылым

 

Инновациялық инфрақұрылым субъектілерi орындайтын негiзгі функциялардың тiзбесi:

- инновациялық даму субъектісiн ұйымдық-құқықтық қалыптастыру процесiне жәрдемдесу жөнiндегi қызметтер;

- бизнес-қызметтердiң кешенi (кешендiк консалтинг);

- ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету;

- жалпы пайдалану - зертханалық, өндiрiстік жабдығына қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

- бiлiм беру қызметтер кешенi;

- технологиялар трансфертi;

- өкілдiк қызметтер (серiктестік байланыстар орнату).

Қазiргi сәтте Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттiк бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекет қатысатын ұйым қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған, сондай-ақ мемлекет құрған сервистік даму институттарының қатысуымен құрылған жұмыс iстеп тұрған субъектілер құрайды.

Қолданыстағы инфрақұрылым оның субъектілерiнiң арасындағы өзара әрекет етудiң қажетті деңгейiн қамтамасыз етпейдi және ҰИЖ-ға қатысушылардың қызметiнiң процесiне және өзара iс-әрекетiне қажеттi сервистердiң барлық тiзбесiн ұсынатын кешендiк ұйымдардың жүйесi болып табылмайды.

Қазақстанда ұсынылған инновациялық инфрақұрылымның сапасы мен саны Қазақстанның инновациялық даму ерекшелiгiн, нақты алғанда мыналарды:

инновациялық әлеуетке ие өңiрлердi аумақтық шоғырландыру және өңiрлердiң инновациялық инфрақұрылымды жеткiлiксiз қамтуы;

қолдау инфрақұрылымын салалық та, өңiрлiк инновациялық даму процестер ретінде де құру қажеттілігін;

Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының бiрiншi кезеңiндегі, бiр өңiрде инновациялық инфрақұрылым объектілерiнiң көп санын қажет етпейтiн инновациялық бастамалардың салыстырмалы төменгi санын;

шығындардың орындылық қағидатының қажеттілiгiн және олардың мемлекеттiк бюджеттiң мүмкiндiгiне сәйкестігін;

инновациялық инфрақұрылым ұйымдарының олар жекелеген функцияларды қайталаумен болдырмау үшiн мейлiнше оңтайлы нысандарын таңдауды;

ҰИЖ-дың барлық элементтерi мен қатысушыларының өзара iс-қимыл процестерiн ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiнiң нақты болмауын және оны құрудың аса қажеттілiгiн қанағаттандырмайды.

 

Қаржылық инфрақұрылым

 

Дамыған инновациялық жүйелерi бар барлық елдердегі инновациялық қызметтi қаржыландыру ағыны мынадай компоненттерден қалыптасады:

- ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік гранттар жүйесi, олардың нәтижелерiн патенттеу және басқа да мақсаттар;

- венчурлiк капитал;

- ҒЗТКЖ-ға арналған корпоративтiк шығындар мен олардың нәтижелерiн енгізу;

- жекелеген инвесторлардың шығыстары.

Қазiргi уақытта Қазақстанның ҒЗТКЖ-ның қаржылық инфрақұрылымы мына көздерден жүргiзiледi:

- Ғылым қорын қоса алғанда, ғылыми зерттеулер бағдарламаларына арналған республикалық бюджет қаражаты;

- ұлттық компаниялар мен кәсiпорындардың қаражаты;

- жеке инвесторлардың қаражаты;

- "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың қаражаты;

- венчурлiк қорлардың қаражаты.

ҒЗТКЖ-ды бюджеттік қаржыландыру республикалық бюджеттiң, Ғылым қорының қаражатынан жүзеге асырылады. Бұдан өзге, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың (бұдан әрi - ҰИҚ) (елдегі инновациялық белсенділікті жандандыру мақсатында 2003 жылы құрылған және басқалармен қатар "қорлар қорының" функциясын орындайтын мемлекеттiк даму институты) инвестицияларының бағыттарының бiрi қолданбалы ҒЗТКЖ-ды конкурстық негізде гаранттар беру жолымен қаржыландыру болып табылады.

Инновациялық жобаларды қаржыландыру құрылған мемлекеттiк даму

институттары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiң күш салымы инновациялық процеске кәсiпкерлер мен жеке капиталдың қатысуынсыз жеткілікті түрде тиімді емес. Қазiргі кезде кәсіпкерлердің отандық ғылыми әзiрлемелердi iздестiруде, бағалауда және жылжытудағы қызығушылығының әлсiздiгі байқалып отыр.

Венчурлік қорлар венчурлiк инвестициялаудың негізгі тетiгi болып табылады. Венчурлік инвестициялауды дамытудың бастапқы кезеңiнде қызметi инновацияларды құруға және/немесе коммерцияландыруға бағытталған жеке отандық және шетелдiк капиталды тарту мемлекеттiң тiкелей үлестік қатысуымен венчурлiк қорларды құру кезiнде мүмкiн болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттiк қаражат бұл қорға кiретiн жеке инвесторлардың тәуекелдерiн төмендетедi. Венчурлiк индустрияны қалыптастырудың бастапқы кезеңiндегi мемлекеттiк жәрдемдесудiң мұндай нысаны барлық елдерде дерлiк өзiнiң тиiмділігін көрсеттi.

Мемлекеттiң венчурлiк қорларды құруға қатысуы ҰИҚ арқылы жүзеге асырылады. ҰИҚ-тың инновациялық саясатының негiзгi бағыттарының бiрi құрылатын венчурлiк қордың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу (49%-ға дейiн) жолымен отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлiк қорлар құру болып табылады.

Осы Бағдарлама қызметi компанияның/жобаның тiршiлiк ету кезеңiнiң бастапқы кезеңiне арналған инновацияларды құру және коммерцияландыруға бағытталған компаниядағы инвестицияларды венчурлiк инвестициялау ұғымын ғана шектейдi.

Осыған байланысты осы Бағдарламада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Венчурлiк инвестициялау - идеяларды жаңа өнiмнiң тұсаукесер үлгiлерiн құруға және оның коммерциялық әлеуетiн бағалауға дейiн жеткiзуге байланысты қолданбалы ҒЗТКЖ-ның зерттеулерi (1); бастапқы сериялық өндiрiс және өнiмдi бiрiншi сату (2); өндiрiстi ерте ұлғайту және өнiмдi өткiзудiң жаңа рыноктарына шығу (3) кезеңдерiнде инновацияларды құруға және/немесе коммерцияландыруға бағытталған инвестициялау.

Венчурлiк қор - венчурлiк инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға құрумен де, құрмай да жасақталған заңды және/немесе жеке тұлғалардың бiрiктiрiлген капиталы.

Венчурлiк қордың компаниясын басқарушы (менеджер) - инвестициялардың объектiлерiн таңдау және бағалау, компаниялармен мәмiлелер жасасу, олардың қызметiн бақылау және олардан шығуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi қамтитын венчурлiк қорды басқару үшiн жауапты заңды тұлға.

Шығу - инвестордың оның иелігіндегi акциялардың пакетiн/қатысу үлесiн сатудағы венчурлiк инвестициялау процесiнiң аяқталған кезеңi.

Венчурлiк инвестициялауды дамытудың бұл кезеңiнде мынадай сәттердi ескеру қажет:

бүкіл әлемдегi венчурлiк қаржыландыру 2000-2001 жылғы дағдарыстан кейiн стагнациялық кезеңдi бастан кешiрiп отыр, венчурлiк қорларға қаражат тартудың көлемi Еуропада да, АҚШ-та да қысқарып жатыр, бұл Қазақстандағы венчурлiк инвестицияларды тарту жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын қатты қиындатады;

дамыған елдердегi венчурлiк қор менеджерлерiнiң басым көпшiлiгi инвестициялаудың географиясын дамыған елдерден тысқары ұлғайту туралы мәселеге және жекелей алғанда Қазақстандағы инвестициялау ұсыныстарына сақтана қарайды;

барлық қор менеджерлерiн бiрiншi кезекте елдегi венчурлiк кәсiпкерлiктi дамыту мәселесi және оны қолдау жүйесi қызықтырады. Егер елде идеялар мен ғылыми-зерттеу ұжымдары түрiнде емес, мемлекеттiк қолдау жүйесi бар инновациялық менеджерлер мен кәсiпкерлер жетекшілік ететiн тiркелген компаниялар объектілерiне таңдау болмаса шетелдiк қорлар елге келмейдi;

кейбiр басқарушы компаниялар бiрiншi қад

123
скачать работу

Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ