Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi

ам ретiнде жобаларды ғылыми-техникалық талдау, инвестициялау процесi, инвестициялар қоржынын әртараптандыру, тәуекелдердi бағалау, жобадан шығу әдiстемесi бойынша консалтингтiк қызметтердi, екiншi ынтымақтастықкезеңін (кем дегенде бiр жылдан кейiн) олар Қазақстанда олардың қатысуынсыз толықтырылатын венчурлiк қорларды басқару бойынша бiрлескен компаниялар құру туралы мәселенi қарауға дайын болады. Тек бiрлескен жұмыстың үшiншi кезеңiн ғана акционерлердiң алдына Қазақстандағы өз қорларының қаражатын тарту бойынша мәселе қоятын болады. Бұл жолдың болуы мiндеттi түрде деп ұғынылады және еуропа қор менеджерлерiнiң тәжiрибесiн, жұмыс технологиясын қабылдауға, оларға елдегi венчурлiк капиталға сұраныстың және инвестициялардың кiрiстiлiгінiң бар екенiн көрсетуге мүмкiндiк бередi;

көптеген қорлармен және венчурлiк қорлардың активтерiн басқару жөнiндегi компаниялармен жұмыстық өзара iс-қимылын орнату үшiн оларға ақшаны инвестициялау, олардың акционерлерiмен өзара қатынасты орнату, өз мамандарын тағылымдамаға жiберу және одан әрi Қазақстандағы инвестициялауға бұл қорларды тартуға, бiздiң елiмiзде инвестициялау үшiн бұл қорларды тартуға мүмкiндiк беретiн олардың акционерлерi (пайшылары) болу қажет. Венчурлiк капиталды елге тартудың бұл тәсiлiн Оңтүстiк Шығыс Азия, Корея және тағы басқа елдер пайдаланды;

Қазақстандағы венчурлiк инвестициялауды, әсiресе Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде дамыту, венчурлiк капитал рыногын капиталдандыру тек отандық институционалдық инвесторлар мен қаржылық институттардың белсендi қатысуы кезiнде ғана мүмкiн болады. Дамыған елдерде нақ осылар венчурлiк капиталдың негізгі көздерi болып табылады. Мәселен, АҚШ-та 2000 жылы институционалдық инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 60%-ына жуығы ал банктер үлесiне 23%-ы тиесiлi болды. Еуропада қаржылық институттар сияқты институционалдық инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 30%-ына таяуы тиесiлдi болды.

Қазақстанда қазiргi сәтке екiншi деңгейдегi банктер, инвестициялық қорлар, қаржы-өнеркәсiп топтары олардың бiр бөлiгі реттегіш режимiн ырықтандырудан экономиканың нақты секторына, оның iшiнде венчурлiк капитал түрiнде құйылған қаржылық ресурстардың үлкен көлемiн жинақтады.

Сонымен қатар, Қазақстанда институционалдық инвесторлар мен қаржы институттарының венчурлiк қаржыландыруға қатысуы үшiн елеулi кедергілер бар. Мәселен, "Инвестициялық қорлар туралы" Заңға сәйкес акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерi компаниясы басқарушы бола алмайды. Тыйым салу тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды. Бiрақ тәуекелдiк инвестициялау қорының қызметiне елеулi шектеулер орнатылады. Мысалы, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорының акциялары сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда-саттық жүйелерiнiң айналымына жiберiлмейдi. "Сақтандыру қызметi туралы" Заңға сәйкес сақтандыру ұйымы өз активтерiн жоғары өтiмдi құралдарға, оның iшiнде ең жоғары санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы эмитенттерiнiң мемлекеттiк емес эмиссиондық бағалық қағаздарын орналастыруды жүзеге асырады. Зейнетақы қорлары "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиондық бағалы қағаздарына инвестициялауға құқығы бар. Екiнші деңгейдегi банктердiң инвестициялық қызметi капитал реттегiшiн есептеу кезiнде жүргiзілген инвестициялардың барлық сомалары алынып тасталатын оларға қарсы активтер мен шартты мiндеттемелердiң жiктелiмi және провизиялар құрудың ережесiн ескере отырып, жүзеге асырылады.

Жаңа өспелi компанияларға (бизнес қамқоршылары, немесе ресми емес инвесторлар) тiкелей қаржы қаражатын инвестициялайтын жеке инвесторлар венчурлiк капиталдың ресми емес рыногын құрады. Абсолюттік көрiнiстегi венчурлiк капиталға салыстырмалы түрдегi өзiнiң елеусiз үлесiне қарамастан, бизнес қамқоршылары компания дамуының бастапқы кезеңiнде (бастапқы және сөре кезеңдерiнде) инвестициялаудың маңызды көздерiнiң бiрi болып табылады.

Қазақстанда реформалар жылдарында жеке кәсiпкерлерде, халықта венчурлiк жобаларға инвестициялануы мүмкiн елеулi қаржы ресурстары жинақталды. Сонымен қатар инвестициялық инфрақұрылымның жоқтығы, кәсiпкерлiк дағдының төменгi деңгейi, ақпараттық желiлердiң жоқтығы венчурлiк инвестицияға жеке инвесторлардың қатысуына кедергi жасайды.

Консультациялық қызметтерге және оларға жеке инвесторларды енгiзетiн жобалар бойынша деректер қорын құру жолымен жобаларды жылжытуға дайын жеке консалтингтiк компаниялар бар. Алайда, бұл компаниялардың қызметтерi бiрiншi кезекте олардың инвестиция тарту және/немесе жобаны iске асыру түрiнде нәтижелерге жету емес, бизнес жоспарларға әзiрлеуге өтiнiш бiлдiрушілерден төлем алу есебiнен қысқа мерзiмдiк пайда алуға бағытталған. Яғни, мұндай компаниялар идеялар кезеңiнде перспективалық жобаларды тиiсiнше iрiктеуге мүдделi емес, ал өздерiнiң қызметтерiне тапсырыстар алуға және ағымдағы пайдаға ғана мүдделi.

Осылайша мемлекет инновациялық қызметтi қаржыландырудың қазiргi заманғы жүйесiн құру үшiн төменде ұсынылған iс-шаралар кешенiн iске асыруы тиiс.

123
скачать работу

Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ