Ғылыми техникалық прогресс
Другие рефераты
Қазіргі таңда адамзат техникалық жолмен бүкіл әлемді өзіне бағындыру пиғылына берілді .Техникамен қарулана отырып , олар өздерінің күш – жігерін ішкі әлемге бағыттады. Қоғамның даму тарихына қарағанда ,оның экономикасының өсуі, табиғатта тірі экологиялық дағдарыстың орын алуына себеп болып отыр . Біздің заманымызда ғылыми — техникалык революция жүріп жатыр. Оның басталған кезі — XX ғасырдың ортасы. Ғылым қазір дүние жүзіндегі мемлекеттердің ұлттык саясатына айналды, сондықтан ғылыми таным әлеуметтік тіршіліктің маңызды бөлігі болып есептеледі. Өндірістің әуелден келе жатқан салаларын өзгертіп, ғылыми-техиикалык ревалюция жаңа сларалар туғызады, мысалы, атом өнеркәсібі,радиоэлектроника, ғарыш өнеркәсібі, полимерлер шығару, биотехнология, компьютер және т.б.
Ғылыми-техникалық революция, қысқа мерзімде табиғаттың көптеген сырларын ашып, солардың іс жүзінде қолданылуына жағдай туғызды, Ол ғылымдардың ішінде айрықша атауға тұрарлық сала қатыстылық (салыстырмалылық) теориясы, квантты механика, ядролық физика, полимерлер химиясы, кибернетика, молекулярлық биология және т.б. Осы ғылымдардың бәрі біздің ғасырымызда қалыптасып, дамып, іс жүзіне асырылып жатыр. Кейінгі кезде осы қозғалысқа қоғамдық ғылымдар да қатысуда, себебі ғылыми-техникалық революция ашқан табиғи танымның қорытындылары неғұрлым ауқымды салаға қатыстырылған сайын әлеуметтік нәтижелер соғұрлым еселене түсіп, оларды зерттеу ісіне қоғамдық ғылымдар да араласуда.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|