Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері

әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік.Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен ( бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан алуды ғана білу жеткіліксңз, оны сақтап , қорғау туралы кең бағдарламалық шараларлы тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты міндеті.

 

 

 -5-

 

 Қорыта айтқанда , ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде болып жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табмғи, обьективті процесс.

 Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам .Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік , әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т. б. сан алуан жағдайлар қоғам да әр түрлі болып келгендігі белгілі. Сондықтан жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері:бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі , мамандфқ дәркжесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, енбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және т. б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.

Өндірістгі адам фвкторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және коопеоациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс құрал- жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір детал және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол әлеуметтік-

 

 -6-

 

экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі.

Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және біліми кәсібінің өсуі. Әлемдегі дамыған кездерде

 

адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің салмағы өсті , берер нәтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары.

Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.

Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.

Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуі кеміді. Бұл ғылыми - техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек шығынын аз тілнйтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысаты. Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сиымдылығы басым салалар арқылы жүзеге асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс істеушілердің саны азайды.

 

 -7-

 

Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу процесі бірлескен жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған әсер ететін жағдайдың келесі тобы- материалдық емес саладағы еңбек сипатының өзгеруі және осы салалардың өндіріске тигізетін оң әсерлерінің барған сайын артуы артуы. Біріккен жұмыс күші шегінің ұлғаюына экономиканы басққару саласында жұмыс істейтіндердің еңбек сипатының өзгеруі де әсер етеді. Бұл заңдылықты елемеуге болмайды. Осы обьективті зсңдылықтарды іс жүзінде пайдалану, еңбектің маңызын және еңбектің белсенділігін экономикалық дамудың жалпы негіздерінің бірі ретінде тереңіпек түсінуге мүмкіндік беребі. Өндірістегі адам факторының дамуы және өзгеріске ұшырауы олардың еңбекке деген қабілетіне байланысты . Олацй болса, еңбектің мән- маңызына және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Күрделі мәселелердің бірі – адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру. Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып отыр. Қоғамдық өндірістің даму сатысында еңбектің сипаты және мазмұны өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мымалы, еңбек белсенділігі, іскерлік, кәсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы, өнегелілігі., моральдық қанағаттанушылығы, твочестволық сипаты, еңбек нәтижесіне иелік етуі, еңбек қуанышы және т. б. Бұлардың іске асу жолдары , әдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты.

Еңбек белсенділігін арттырудың сан алуан амалы бар. Олардың негізгілері мыналар:моральдық және матетиалдық ынталандыру еңбек жағдайын, қоғамдық қатынастарды жақсарту, өндіргіш күштерді жетілдіру, қоғамдық өмірді демократияландыру, қол еңбегін азайту, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік принциптерін нығайту, әл- ауқатты және рухани байлықты өсіру, жаңа типтегі адамдарды қалыптастыру, жаңаша ойлау және жаңа коммерциялық шаруашылық механизмін іске қосу, еңбекті нормалауды, ұйымдастыруды және басқаруды жаңа сапслық дәрежеге көтеру, басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі қолдап отыру, өндірісті гуманизациялау , жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және т.б. Еңбек белсенділігін арттырудың жолдары қоғам дамуының барлық сатыларына тән. Алайда оларды іске асыру әдістері әр түрлі. Ол нақтылы алынған қоғамдық өндірістің сипатына байланысты. Қазіргі қоғамдық өндірісте жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді. Олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде, өндірістік өзгерістерге тнз бейімделуінде. Бұларға тән қасиет ұқыптылығы мен жауапкершілігінің жоғары болуына Жаңа типті адам туралы түсінік мазмұны өзгермейтін мәңгілік ұғым емес, керісінше, үнемі сапалық өзгерісте болып отыратын құбылыс. Өнеге тұтар, үлгі болар адам болу қоғамдық өндірістің өзегі және күре тамыры. Барлық қоғамда аз да

 

 

 -8-

 

болса

123
скачать работу

Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ