Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері

өнегелі адамдардың болғаны өмір шындығы. Олай болса әлеуметтік- экономикалық сапалы өзгерісті бейнелейтін бұл категория экономикалық

дамудың жалпыға бірдей негізі. Еңбек белсенділігін арттыратын экономикалық дамудың мұндай негізінің келесі тобы – басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі пайдаланып отыру, жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалану,еңбек тәртібін және басқа тәртіптерді нығайту , қол еңбегін азайту.Материалдық игіліктерді және рухани байлықтарды көбейту экономикалық дамудың жалпы негізі ретінде еңбек белсенділігін арттыруға белгілі дәрежеде әсер етеді. Өйткені бұлар адамның барлық жағдайын белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік, алдап- арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі.

Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін арттырудың негізгі буыны. Қазіргі кезеңде өндіріс экологиясының ахуалы мә емес. Осының салдарынан    «Заманымыздың кеселі         » аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет- өндіріс экологиясын сауықтыуру. Ұжымда салауатты моральдық- психологиялық ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдек жұмысқа деген ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады.

Қоғамдық өмірдің демократияландырудың берер жемісі өз алдына бір төбе. Алайда бұл істі жүзеге асыруда байыптылық қажет. Асығыстық, даурықпа іс- қимыл, қызба сөз істі оңға бастырмайды. Экономикалық өмірді демократияландыру басқаларға қарағанда ілгері , алда болуы шарт. Бұл шарт бұзылса келеңсіз жағдайлар туындап, кедергілер көбейеді, көздеген мақсатқа жету едәуір қиындыққа түседі.

Еңбек белсенділігін арттыруда рухани және қызмет көрсету жүйелерін дамытудың берер жемісі де аз емес. Қоғамдық сана , ойлау жүйесі, іс – қимыл әрекеті, адамның әлеуметтік рөлі, сезім мен талаптану, өнегелі адам болу түптеп келгенде рухани байлыққа байланысты. Меншік нысандары түрленіп, шаруашылық жүргізу рыноктық қатынасқа негізделіп отырған қазіргі жағдайда еңбек белсенділігін, еңбекке деген мүдделікті арттыру елдің тағдырын шешетін басты буынға айналды.

123
скачать работу

Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ