Гипофиздің құрылымдық-қызметтік ұйымдасуы
Другие рефераты
Гипофиз, немесе мидың төменгі қосындысы, ми сыңарларының астыңғы жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасады. Ол сол жағынан мидың қатты қабығымен қапталады. Гипофиз құрылысы мен қызметі жағынан аралық ми мен тығыз байланысты.
Без қанмен өте жақсы жабдықталады. Оған келетін қан гипоталамус арқылы өтеді сондықтан гапоталамустың нейросекрециялық торшаларынан бөлінген биологиялық белсенді заттар аденогипофизге өтіп, оның троптық гормондарының түзілуін күшейтеді.
Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Ол төрт бөліктен — туберальдық, алдыңғы, аршық (ортаңгы) және нервті (артқы), — құралған. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз деп атайды. Ал, нервті бөлік, гипофиз шанағы, сұр төмпешіктің ортаңғы денесі нейрогипофизді құрайды. Құстарда, киттерде, дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды.
Гипофиздің алдыңғы безді бөлігінде 3 түрлі торшалар кездеседі хромофобтар немесе негізгі торшалар, базофильдер және ацидофильдер. Хромофобтар гормон түзбейді, олар торша қоры болып табылады да, организм жағдайына қарай базофильдерге не ацидофильдерге айналып отырады. Ацидофильдік торшалар соматотроптер және лактотропоциттер болып екі топқа жіктеледі, ал базофильдік торшалар — тиреотропоциттер, кортикотропоциттер, фолликулотропоциттер және лютеотропоциттер болып төрт түрге бөлінеді. Гипофиздің аралық бөлігінде меланотропоциттер орналасады. Ал, гапофиздің артқы бөлігі питуициттер мен миелинсіз нерв талшықтарынан құралады.
Гипофиз гормоңдары организмнің негізгі биологаялық процестерін, денедегі зат алмасуды — судың, минералды заттардың, көмірсулардың, белоктардың, майлардың алмасуын, — реттейді. Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Ол басқа эңдокриндік бездер қызметін реттеуге қатысады, соңдықтан оны орталық без деп есептейді . Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөледі оларға мыналар жатады.
Соматотроптық, немесе өсу гормоны (СТГ), — организмнің барлық торшаларында белоктың синтезін күшейтіп, РНК мөлшерін көбейтеді, кемірсулар мен липидтер алмасуын жандандырады, организмнің өсіп дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Бұл гормон жетіспесе организмнің өсіп-дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көп бөлінсе — өсу процесі шапшаңдап, алыптық (гигантизм) қалыптасады. Пісіп жетілген организмде бұл гормонның көп бөлінуінің салдарынан акромегалия (кейбір сүйектер мен мүшелер өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхоме галия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Гипофиз қызметінің ауытқуларымен байланысты организм кахексия (көтерем) және гипофиздік май басу сияқты ауруларға да шалдығады.
Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) бүйрек үсті безінің шоғырлы және торлы аймақтарына әсер етіп, глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрийдің, хлордың, судың кері сіңірілуін арттырып, организмде май мен амин қышқылдарының биосинтезін жаңдандырады, қандағы қанттың деңгейін жоғарылатады. АКТГ — катаболизмдік әсері бар гормон. Ол организмнен азоттың бөлінуін күшейтіп, капиллярлар қабырғасының өтімдігін төмеңдетеді, қабынуға қарсы әсер етеді.
Тиреотроптық гормон (ТТГ) — қалқанша бездің қызметін жандандырады, фолликула ішінде жинақталған тиреоглобулиннің ыдырауын шапшандатады, қанға тироксин мен трийодтирониннің бөлінуін күшейтеді, қалқанша безде йодтың жинақталуын жақсартады. Гонадотроптық гормондар (ГТГ) — жыныс бездерінің өсіп-дамуына жағымды әсер етіп, олардың қызметін реттейді, жыныс гормондарының секрециясын күшейтеді. Гонадотроптық гормондар фолликуланы жандандырушы (ФЖГ), лютеиндеуші (ЛГ) және лютеотроптық (ЛТГ, пролан) болып үш топқа бөлінеді. Бұл гормоңдар аналық организміңде де, аталық организмінде де синтезделінеді, бірақ аналық организмдер лютеиндеуші гормондарды көбірек бөледі.
Фолликуланы жандандырушы гормон (ФЖГ) аналық бездің дамуын, қызметін реттейді. Оның әсерімен фолликулалар дамып, фолликулалық сұйық түзіледі, түйіршікті (гранулезді) торшалар көбейіп, олардан аналық гормондар (эстрогевдер) бөлінеді. Аталық организмде ФЖГ аталық жыныс торшаларының көбеюін (сперматогенезді) жандандырады.
Лютеиндеуші гормон (ЛГ) жетілген фолликулалардың жарылуын -овуляцияны, жыныс торшаларының аналық безден бөлінуін реттейді, овудяция жүрген фолликулада уақытша ішкі секрециялық қызмет атқаратын құрылым — сары денешік, түзіледі. Аталық организмде ЛГ жыныс гормондарының түзілуін күшейтеді.
Лютеотроптық гормон (ЛТГ) сары денеден прогестерон гормонының бөлінуін күшейтіп, желіндеу және сүттену процестерін реттейді.
Пролактин (ПРЛ) — сүт безінің (желіннің) қызметін реттейді, сүт қантының (лактоза) және сүт белогының (казеиноген) түзілуін жандандырады, жүктілік (төл көтеру) кезінде сары дене қызметін сүйемелдейді, денедегі су мен тұздар балансын реттеуге қатысады. Бұл гормон кептер балапанын асырайтын кезде олардың жемсауының қабырғасында ерекше сүт бездерінің өсіп-дамуын, құсық сүттің бөлінуін реттейді.
Әдеби деректерге сәйкес гипофиз қалқанша серік бездің, ұйқы безінің қызметін реттеуге де қатысады.
Гипофиздің аралық бөлігі көп қабатты эпителийден құралған жіңішке табакша іспеттес құрылым. Ол интермедин немесе мелано-форлык, гормон бөледі, пигменттер алмасуын реттейді. Кейбір деректерге сәйкес интермедин көздің фоторецегщиялық торшалары — таяқшалар мен сауытшалар, қызметін жандандырып, көздің жарық күшіне бейімделгіштігін жақсартады.
Гипофиздің артқы бөлігі, немесе нейрогипофиз, түрленген нейроглия торшаларынан — питуициттерден, құралады. Қазіргі деректерге сәйкес нейрогипофизден бөлінетін гормондар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтік секрет түйіршікгері түрінде гипоталамус-гипофиз жолы арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді. Нейрогипофиз тек нейро-секреттер қоймасы ғана емес, олардың белсенді күйге айналуын қамтамасыз ететін құрылым болып табылады. Нейрогипофизде жинал-ған нейросекреттер окситоцин және вазопрессин гормондары түріңде бөлінеді. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин — паравентикулярлық ядроларында түзіледі.
Вазопрессин зәрдің түзілуін азайтады — антидиурездік әсер етеді, бүйрек түтікшелерінде алғашқы зәр құрамындағы судың қайта сорылуын күшейтеді, калий, натрий және хлоридтердің кері сорылуын тежейді. Осымен байланысты оны антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Сонымен қатар, вазопрессин артериолалар мен капиллярлар арнасын тарылтып, қан кысымын жоғарылатады.
Окситоцин — холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің белсенділігін арттырады, жатырдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді. Бүл гормон желіннің альвеолалық бөлігіндегі миоэпителийдің жиырылуын күшейтіп, ию процесін, сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді. Аталық организмде окситоцин шәуеттік жолдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтіп, эякуляцияны қамтамасыз етеді.
Әр түрлі тосын, қолайсыз факторлардың әсерімен (инфекция, улану, қансырау, тоңазу т.с.с.) организм әрекеттері өзгеріп, ол шамадан тыс ширығады, булығу (стресс) күйіне ұшырайды. Стресс деген терминді канада ғалымы Ганс Селье ұсынған.
Күшті тосын әсер тек сол тітіркендіргіш табиғатына байланысты реакция тудырып қана қоймай (мысалы, суықта тері тамырларыньщ тарылуы), сонымен қатар нақтылы әсерге катысы жоқ басқа да жалпылама реакциялар тудырады. Осымен байланысты организм өз қызметін жаңа, тосын жағдайға үйрену, бейімделу үшін жұмылдырады. Осындай жалпылама реакциялар тудыратын факторларды стрессорлар деп атайды. Стрессорлардың әсер күші үйреншікті деңгейден жоғары болады, сондықтан олар организмнің бейімделу тетігінің тек нервтік жолын ғана емес, гормондық жолын да әрекетке қосады.
Булығу (стресс) жағдайында қан құрамындағы адреналиннің, норадреналиннің, глюкокортикоидтардың, АКТГ, СТГ, глюкагонның, тироксиннің және йодпен байланысқан белоктардың, қанттың, еркін май қышқылдарының деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар қанның ұйығыштық қасиеті өзгеріп, қарын сөлінің бөлінуі азаяды, қан түйіршіктерінің саны көбейіп, жүрек жұмысы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды, жүректегі қан айналым күшейіп, организмнің қорғанғыштық қабілеті артады. Сондықтан стресс жағдайын жалпылама адаптациялық синдром (ауруға тән белгілер жиынтығы) деп атайды.
Огрессор әсерімен алдымен рефлекс ретінде адреналиннің бөлінуі артады. Адреналин гипоталамусқа әсер етіп, одан кортиколиберин бөлінеді. Кортиколиберин аденогапофизден АКТГ- бөлінуін үдетеді. Ал, АКТГ бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінен зат алмасу процесінің қарқынын реттейтін глюкокортикоидтардың бөлінуін күшейтеді.
Стресс үш сатыда өршиді.
1) Дабыл сатысы — АКТГ мен глюкокортикоидтар секрециясының күшеюімен сипатталады.
2) Төзімділік сатысы — зат алмасу процесі қарқынының күшеюімен байланысты организмнің қорғаныстық қабілетінің жоғарылауымен, оның әр түрлі қолайсыз әсерлерге төзімділігінің артуымен сипатталады.
3) Қажу сатысы — стрессор әсері тым күшті болып, ұзаққа созылса, глюкокортикоидтардың бөлінуі тиылып, зат алмасу процесінің қарқыны басылады да, организмнің қолайсыз әсерге қарсыласу қабілеті төмендейді, ауру дендейді.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|