Гидрозоа класы
Другие рефераты
Гидроидтылар класс тармағы — сифонофоралар класс тармағы
Hydroidea Siphonophora
Гидрозоа класының 2700 түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін қарапайым құрылысты жануарлар. Олардың полиптер мен медуза формалары — гидрополип және гидромедуза деп аталады. Жыныссыз, жынысты жэне ұрпақ алмасуы арқылы дамиды. Личинкалары — планула деп аталады.
Гидрозоа класы екі класс тармағына бөлінеді: гидроидтылар -Hydroidea және сифонофоралар — Siphonophora.
ГИДРОИДТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ — HYDROIDEA
Бұларға жеке немесе колония кұрып тіршілік ететін гидроидты полиптер жатады.
Гидра (Hydra oligactis) — қарапайым құрылысты полиптің бірі. Биіктігі 1 см-ге жуык, ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табанымен субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшык суларда жиі кездеседі.
Гидраның денесі эктодерма және энтодерма қабатынан кұралған. Олардың арасындағы мезоглея қабаты өте жұка құрылымсыз қоймалжың заттан тұрады. Денесінің алдыңғы жағында 6-12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесігі орналаскан. Ол, энтодермалық клеткаларымен астарланған гастральдык куысына ашылады.
Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралған. Олар: 1.жабынды эпителиальды клеткалары,
2. эпителиальды-бүлшықет клеткалары,
3. интерстициальды немесе аралық,
4. атқыш,
5. жыныс
6. нерв клеткалары.
Эпителиальды-бұлшықет клеткалары цилиндр немесе призма тәрізді, өзінің түбімен мезоглея қабатына бағытталып, сол жерде өскіншелер түрінде созылады. Өскіншенің цитоплазмасы жіңішке жиырылғыш талшығын құрайды. Осындай эпителиальды клеткаларының өскіншелері бірігіп бойлай созылып орналасады, олар жиырылғанда гидраның денесі тартылып қысқарады. Ал клеткалардың негізгі цилиндрлік бөлігі бір қабатты жабынды эпителиді құрайды. Сонымен эпителиальды-бұлшықет клеткалары жабынды эпителидің және жиырылу қызметін атқарады.
Эпителиальды-бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық немесе интерстициальды клеткалар орналасқан, олардан жыныс және атқыш клеткалар пайда болады. Атқыш немесе қалақай клеткалары алмұрт тәрізді, ішінде қатты қабықты сопақша атпа капсуласы орналасқан. Капсула улы затқа толы және оның ішінде іші қуыс спираль тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш клетканың сыртында қылтанақ тәрізді — книдоциль деп аталатын сезгіш талшығы болады, оны ұсақ түктер айнала қоршаған. Егер сезгіш талшыққа бір организм тиіп кетсе, онда ол ауыткып, клетканы қоздырады да, капсула ішіндегі спираль тәрізді жіпше атылып денеге шаншылады. Жіпшемен бірге капсуланың ішіндегі күйдіргіш немесе улы сұйық затта қоса бүркіледі.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты капсуланың бірнеше түрі кездеседі. Пенетранттар — капсуласы ірі, атқыш жіпшесін жауының немесе қорегінің денесіне сұғып жіберіп, улы заттарымен оны жансыздандырады. Вольвенттер — капсуласы ұсақ, атқыш жіпшесі қысқалау, қорегін жіпшемен шырмап алады. Глютинанттар — капсуласы созылыңкы, атқыш жіпшесі ұзын, жабысқак, өз қорегіне кілегейленіп калады. Осындай күрылысты атқыш клеткалар қорғаныс және қорегін аулау қызметін атқарады. Атқыш клеткалар көбінесе қармалауыштарда және ауыз тесігінің айналасында шоғырланып орналасады.
Жыныс клеткалары аралык, (интерстициальды) клеткалардан қалыптасып, аталық клеткалары — сперматозоидтары ауыз полюсіне, ал аналық — жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар дара және қос (гермафродиттер) жыныстылар.
Гидраның эпителиальды — бұлшықет клеткаларының астында жұлдыз пішінді нерв клеткалары жатады. Олар өздерінің тармақ ұштары арқылы бір-бірімен сабақтасьш нерв торын түзеді. Осындай кұрылысты жүйені диффузия типті нерв жүйесі деп атайды. Гидраларда екі нерв шоғырын байқауға болады, олар ауыз аймағында және табанында. Гидраны тітіркендірсе денесі түгелімен жиырылады.
Гидраның энтодерма клеткалары ауыз шетінен бастап гастральды қуысын түгел іштей астарлап жатады. Энтодерманың негізін үш түрлі клеткалар түзейді, олар эпителиальды-бүлшықет, талшықты және без клеткалары. Эпителиальды-бұлшықет клеткаларының құрылысы эктодерма қабатындағы эпителиальды-бұлшықет клеткаларына ұқсас, тек олардың жиырылғыш өскіншелері сақина тәрізді көлденең орналасқан, олар жиырылғанда гидраның денесі жіңішкеріп созылады. Эпителиальды- бұлшықет клеткаларының призмалык немесе цилиндрлік бөлігі гастральды қуысына бағытталып, жалған аяқтарының немесе 2-3 талшығының жәрдемімен гастраль қуысына түскен ұсак жәндіктерді ұстап, клетканың ішінде қорытады.
Гастральдык куысқа түскен ірі қоректер (дафния, циклоп, балықтардың шабағы) энтодерманың безді клеткаларынан бөлініп шыкқан ас қорыту сөлдерінің әсерімен қорытылып, қорытылмаған қалдықтар ауыз тесігі аркылы сыртқа шығарылып отырады. Сонымен гидраньң ас қорытуы клетка ішілік және қуыс ішілік болып келеді. Осыған байланысты гидраның ішкі қуысы гастраль немесе ішек қуысы деп аталады.
Губкаларда сияқты, гидраларда да регенерациялык қабілеттілігі күшті дамыған.
Көбеюі мен дамуы. Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену аркылы жүзеге асады. Денесінің бүршіктену белдеушесінің аймағында бірнеше бүршіктер пайда болып (гидраның құрылысына ұқсас), кейіннен олар аналық особь денесінен бөлініп, субстратқа бекініп, дербес тіршілік ете бастайды.
Күзге таман гидралар жынысты жолмен көбейеді. Ұрықтанған жұмыртқа қатты қабықпен қапталып, тыныштық күйде қыстап шығады да, көктемде ол бөлшектеніп, бластуладан кейін кос қабатты гаструла сатысында ересек түріне айналады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|