Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғұлама Ұлықбек

серватория жұмыстары жөнінде түсінік берген, әл Жәмшид әл Кәши астрономиялық аспап құралдар жайында нұсқау-кітап жазған.

Ұлықбек маңына топталған бұл ғалымдар –математика және астрономия салаларында едәуір еңбек етіп, ғылым тарихында белгілі із қалдырған оқымыстылар. Солардың бірі – Қазы Заде ар-Руми Кіші Азияда туып өскен. Ол жоғары білімді Хорасанда және Мавераннахрда алады. Самарқанда ол талантты ғалым, әрі ұстаз ретінде аса үлкен даңққа ие болды. Қазы-Заде Ұлықбектің мұғалімі болған. Ол “Арифметика туралы”, “Астрономияға түсініктеме”, “Фигуралар туралы түсініктеме”, “Синус туралы” трактаттар жазған.

Обсерваторияда қызмет еткен оқымыстылардың барлығы ғылыми еңбектерін солкездегі дүние жүзілік ғылым тілі саналған араб тілінде жазған. Ара-кідік парсы тілінде жазылған шығармалар да кездеседі.

Ұлықбек обсерваториясының ең басты еңбегі – “Зидж Гурганидың” (“Ұлықбек зиджі”) жасалуы болып табылады. Бұл Ұлықбектің басшылығымен жүргізілген көп оқымыстылардың коллективтік еңбегі болып табылады. “Зидж” деген парсы сөзі, ол астрономдар мен географтар үшін жасалған таблицалар жинағы дегенді білдіреді.

Ұлықбектің босерваториясында түрлі елдердің байырғы астрономиялық білім-дағдылары жинақталып, “Ұлықбектің баяндауындағы Қытайдың, Сирияның, гректің, арабтың, парсының, Хорезмның атақты астрономдары” деген атпен жеке кітап болып жарыққа шығады. “Зидж Гургани” төрт бөлімнен тұрады:

1. Календарьлар туралы.
2. Уақыт өлшеу жөнінде.
3. Планеталардың қозғалымын анықтау жайында.
4. Астрономиялық басқа мағлұматтар туралы.

Мұнда астрономияның теориляық негіздерімен қатар 1019 жұлдыздың орнын көрсететін каталог жасалған.

Бұл каталог дәлдігі жөнінен Тихо Брагенің бақылауларына дейінгі барлық каталогтардан тәуір болды. Ол Лондонда 1650-65 жылдардың өзінде қатарынан үш рет басылып шықты. XIX ғасырдың орта кезінде Ұлықбек таблицаларының Лондондағы астронмиялық қоғам қайта бастырады. “Кіріспенің” толық аудармасы жарияланады. Салыстыра зерттеу үшін ол таблицалардың маңызы келешекте де еш төмендемек емес.

Ұлықбек обсерваториясында да экватордың эклиптикаға көлбеулігі бес планетаның орташа жылдық қозғалысы жұлдыздық жылдың ұзақтығы жөнінде дәлдігі өте жоғары өлшеулер жүргізілді. Ұлықбектің өлшеуі бойынша бір жылда 365 күн 6 сағат 9 минут 15 секунд бар. Сонда жіберілген қате бір минуттан да аз. Осылармен қатар Ұлықбек обсерваториясында жылдық процессияның мәнін бұрынғыларға қарағанда дәлірек тапты деуге негіз бар.

Осы обсерваториядағы жүргізілген өлшеулердің тамаша дәлдігіне дән риза болған оқымысты Лаплас Ұлықбекті өте көрнекті бақылағыш деп бағалаған.

Ұлықбек обсерваториясында астрономиямен қатар, математиканың да көп тараулары зерттеліп, ілгері дамытылады. Астрономия мұқтаждығын өтеу мақсатында аса кемелдендірілген тригонометриялық таблицалар жасалған. Мұнда олар математикалық жаңа әдістер мен есептеулерді қолданады. Мәселен, таблица жасау үшін бір градус доғаның синусын аса дәлдікпен табудың мәні зор. Осы үшін Ұлықбек мектебінің математиктері тарихта тұңғыш рет X3 – 3х + 0,104671913 121 217 587 = 0 теңдеуіне қарастырып жуықтап шешудің тамаша бір әдісін көрсетеді. Европада тригонометрияның негізін қалаған Региомонтанның таблицаларының дәлдігін бұдан көп төмен жатыр.

Математиканы дамытуда, әсіресе, Ұлықбек обсерваториясының бірінші меңгерушісі Жәмшид әл-Кәши еңбектерінің бірі мәні зор болды. Ол математика тарихында бірінші болып ондық бөлшектреді ашты. Европада ондық бөлшек содан 150 жылдан кейін ғана мәлім болады. Щеңбер ұзындығының диаметрге қатынасын көрсететін тұрақты шама үшін ол 18 таңбасына дейін дұрыс тапты.

Қорыта айтқанда, әл-Кәши және Ұлықбек мектебінің басқа математиктері жуық есептеу, есептеу техникасын жетілдіру жөнінен өз замандастарынан көп алда тұрды. Ұлықбек обсерваториямының оқымыстыларымен сол тұстағы Қытай ғалымдарының арасында ғылыми байланыс болғанын дәләлдейтін соны деректер табалып отыр.

Ұлықбек орта ғасырларда діни фанатизмнің өршіп тұрған кезінде өмір сүрді. Бірақ оның өз басы мұсылмандық жолдан оқшау тұрды. Ұлықбек көптеген діни әдет ғұрыптарды сақтамады, сондықтан да оны мұсылман дін басылары барынша жек көрді. Ұлықбектің еркін ойлығын сипаттайтын мындай бір фактыны келтіруге болады. Ұлықбектің әкесі Шахрухтың қарамағында Шейх Қасым Әнуар дейтін мұсылман жолынан ауытқушы мистик өмір сүреді. Ол Шахрухқа қастандық жасады деп айыпталып, елден аластылады. Алайда, Ұлықбек Самарқанда оны жақсы қарсы алып, Әнуармен достасып, пікірлес жақын адам болады. Бұл олардың идеяларының өте жақын екендігін көрсетеді Шынында, егер Ұлықбек мұсылман болса, біз білетін Ұлықбек бола алмас еді, ғылым мен ағарту мәселесі үшін пайдалы жұмыс істемес еді.

Ұлықбектің ғылымға өте беріліп кетуі, прогресшіл еркін ойлары, шейхылардан ғылым адамдарын жоғары қоюы мұсылман дін басшылары арасында қатты наразылық туғызды. Олар Ұлықбекті райынан қайтарып, ғылымнан бездіргісі келеді, үгіттейді атасы мен әкесін үлгі етеді. Адам ақыл-ойының күшіне сенімі мол Ұлықбек ғылымды тастай алмайды, ол көңілдегі күдігін ашық айтып салады: “Дін тұманша сейіледі, патшалық жойылады, ал ғылыми еңбек мәңгі бақи сақталады.”

Ұлықбек Самарқаннан Меккеге кетуге мәжбүр болады. 1449 жылы 27 қазанда “діннен безді” деген атақ тағылып, Меккеге кетіп бара жатқан Ұлықбекті діншілдердің үгіттеуімен Ұлықбектің өз баласы Әбдел-Латифтың жендеттері қылышпен шауып өлтіреді. Орта Азия мәдениетінің тамаша өкілі, өз заманының асқан ғалымы, көрнекті астроном Ұлықбектің өмірі аяқталады.

Осы фактіні анықтау үшін 1940 жылы кеңес археологтары Ұлықбектің моласын ашып зерттейді. Қабірдің бетіндегі құлыптаста әкесін өлтірген Әбдел-Латифқа лағнет айтылған жазу бар екені және Ұлықбектің басы денесінен бөлек жатқандығы айқындалады. Атақты кеңес антропологы М. Герасимов бас сүйегі бойынша Ұлықбектің суретін жасайды.

Профессор Қары-Ниязов Ұлықбектің кертартпа мұсылман дін басыларының тікелей нұсқауымен басы кесілуін Джордано Бруноның христиан инквизициясының әмірі бойынша отқа өртелу фактісімен орында салыстырады. Бұл Европада да, Азия да, Батыста да, Шығыста да дінінің ғылымға жау болғанын сипаттайды.

Ұлықбектің ғылым жолындағы жасалған ерлігін діншілдер қанша әрекеттенгенмен, жоқ ете алмайды. Халық ұлықбек есімін әр кезде жоғары тұтып, оның мәдениет үшін істеген көрнекті еңбегін аңыз етіп, айтып жүреді. Ұлықбектен сәл кейін өмір сүрген данышпан ақын Әлішер Науаи ол туралы былай деп дазған: “Сұлтан Ұлықбек, Әмір Темірдің әулеті, дүниеде теңдесі жоқ патша болды. Оның туысқандарының бәрі ол дүниеге сапар шекті. Оларды қазір кім біледі? Ал Ұлықбек ғылымға қол созып көп нәрсені игерді. Ол десе аспан төмен түсіп, жұлдыздар жақын келер еді. Оның ашқан заңдары мен ережелері дүниенің ақырына дейін әр уақытта адамдар кәдесіне жарай береді... ”

Ұлықбек өлгеннен кейін мұсылман фанатиктері обсерватоияны талқандап, кітап-құралдарды шашып, талан таржға салады. Ұлықбек мектебінің белсенді өкілі әл – Құсшы Меккеге тауап қылуды сылтау етіп, ең басты ғылыми еңбектерді шет елге алып кетпегенде, Ұлықбектің астрономиялық мектебінің тамаша жетістіктері жайлы тарих еш нәрсе білмей қалған болар еді. Алғаш әл-Құсшы, кейіннен Қазы-Заденің немересі Мариям Шелеби ол еңбектерді іріктеп, түсініктемелер жазып, Стамбулда жарыққа шығарады. Осылар аоқылы Ұлықбек лбсерваториясының негеізгі жетістіктері Европада кейіннен ғыдымның дамуына белгілі дәрежеде ықпалын тигізеді.

Айта кетерлік бір жәйт: қазір бірсыпыра тарихшылар арасынды әл-Құсшы Ұлықбек кітапханасының көп кітаптарын Самарқан маңайындағы бір төбенің үңгіріне тығып кетіпті деген жорамал-аңыз да тарап жүр. Қазір сол төбе табылып, бірсыпыра археологтар, ғылымның жанашырларыосы төбені қазып, зерттеу жөнінде экспедиция дайындап жатыр. Бұл экспедицияның жұмысы сәттіаяқталған күнде, ғылым тарихы үшін құнды мағлұмттар алынатыны сөзсіз.

Қара түнек заманда мансаптан да, байлықтан да ғылымды жоғары қойып, болашақ үшін өлмес құралдар қалдырған ұлы жерлесі – Ұлықбектің есімін туған халқы қадір тұтып, үлкен мақтаныш етеді. Оның есімі астрономия ғыдым тарихында Птоломейдің, Насыреддин әт-Тусидің, Николай Копениктің, Галилео Галилейдің, Джордано Брунолардың есімдерімен занды түрде қатар тұр. Ал оны дүние жүзінің ғылыми жұртшылығына әйгілі болған көптеген мұралары күні бүгінге дейін ғылыми құнын жоймай келеді.

12
скачать работу

Ғұлама Ұлықбек

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ