Ғұлама Ұлықбек
Другие рефераты
Ұлықбек
(толық есімі Мұхаммед Тарағай бин Шахрух)
(1394-1449)
Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз уақыт билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Әзербайжан, Грузия, Иран, Түркия және Ауғанстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстырған Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.
Ұлықбек Аплатун, Аристотел, Гиппарх, Птолемей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, Ферғани, Бируни, Ибн Сина, Насыреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темір өлгеннен кейін империясы екі бөлікке бөлінеді: бірі Хорасан, екіншісі Мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетерлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, Тараз, т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.
Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады.
...Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) дүние жүзін жаулап алмақ болып, аш қасқырдай аласұрды. Азияның Иран мен Үндістан сияқты бай өлкелері Ақсақ Темірдің аяғының астында тапталды. Ол Амудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңа империя құрды. Ол Мавераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі – Самарқанд болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде самарқанның орны көрсетілген.
Самарқанның гүлденген кезі Әмір Темірдің патшалық ету кезеңіеді. Ол Самарқанүға өзі басып алған елдердің байлығын тасумен болды. Үндістаннан, Азербейжаннан, Ираннан, Армениядан, Грузиядан т.б. елдерден шеберлер шақыртып, өз астанасынкеңейту жолында қолынан келгенін істеп бақты. Ақсақ Темір тұсында салынған Бибі ханым мешіті, Шахин-Зинда және басқа құрылыстар архитектуралық ескерткіштердің тамаша үлгілері болып табылады. Атақты “Бабурнамада” осы қарсаңда Самарқанда дүние жүзіндегі қағаздың, керамикалық бояулардың, барқыттың және т.б. ең әдемісі шығатын еді деп жазылған. Самарқан – көрнекті ғалымдар, дәрігіерлер, құрылысшы-шеберлер, кітап –көшіргіштердің ордасы саналады. Сонымен қатар Самарқан кертартпа, бедел-ықпалы, зор мұсылман дін басыларының да шоғырланған жері болды.
Осы тұста, Темір әулетінде 1394 жылы 22 март күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Туркия және Ауғаныстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстыран Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады.
Ұлықбек Платон, Аристотель, Гиппарх, Птоломей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, ферғани, Бируни, Ибн Сина, Нысреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темірөлгенне кейін империясы ыдырап екі – Хорасан, екіншісі – мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетрлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, таразы т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмаолығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады.
Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады. Профессор Т.Н. Қары-Ниязов “Ұлықбектің астрономиялық мектебі” атты еңбегінде Ұлықбекте билеуші-әмір ретінде бағалайды: “Ұлықбектің қызмет -әрекеттері көп жағынан ілгерілерінен бөлек болды, оның өз кезінде, әсіресе, ғылым саласында прогрестік роль атқарған сөзсіз”
Ұлықбек обсерваториясы
Ұлықбектің мемлекеттік қайраткер ретінде істеген ең ірі жұмысы – Самарқанда аса зор астрономиялық обсерватория салдыруы болды. Бұл Ұлықбектің ғылым мүддесін көздеп, болашақ үшін жасаған үлкен ерлігі болып саналады. Бұл обсерватория еріккен әкімнің атаққұмар жеңіл мінезінен туған нәрсе емес. Ол қайта, ғылыми келешегін дұрыс бағалап, шын жаңкүйері бола білген оқымыстының ғылымға тартқан тартымды сыйы еді.
Ұлықбек обсерваториясы одан бұрынғы батыс және шығыс елдерінің обсерваторияларының бай дәстүрлері негізінде салынады. Бұл тұрғыдан, әсіресе, XII ғасырда Азербайджанда көрнекті математик және астроном Насыреддин әт-Тусидің басшылығымен салынған Марага обсерваториясының тәжірбиесі көп игілікті ықпал жасады. Бұл обсерваторияда “Ельхан астрономиялық таблицалары” деген еңбек жазылған болатын. Ұлықбек обсерваториясының салынуына XV ғасырдағы аса дарынды ғалым Жәмшид Ғиясэддин әл-Кәшидің көп көмегі тиді.кейінгі зерттеулер әл-Кәшидің Ұлықбекке дейін де обсерватория салу туралы бірнеше рет мәселелер қойғанын анықтады. Бірақ керітартпа әкімдер ғалымның игілікті ұсынысына құлақ аспайды. Әл-Кәшидің бұл ниеті Ұлықбектің тұсында жүзеге асады. Ұлықбек обсерваторисының негізгі мақсаты – дәлдігі өте жоғары бақылаулар жасай отырып, Марага обсерваториясында жасалған астрономиялық таблицалардың қателерін түзету болды.
Обсервтарияның құрлысын және оны астрономиялық құралдармен жабдықтау жағын әл-Қәши басқарады. Обсерватория үш жылда салынып бітеді, бірақ небәрі 27-28 жыл ғана жұмыс істейді. Обсерватоияның басқарушысы әл-Қәши өлгеннен кейін Қазы-Заде Руми, ол өлгеннен кейін әл-Құсшы басқарады. Ұлықбек обсерваториясынан бұрын да шығыстың түрлі елдерінде әркезде бірнеше обсерваториялар салынған-ды. Бірақ, олардың бірде бірі көлемі, жабдықталуы, алдына қойған мақсаты жағынан бұл обсерваторияға тең келе алмайды. Мұнда телескоп ойлап табылғанға дейінгі негізгі астрономиялық аспап-құралдардың барлаға да – горизонталь дөңгелек, биіктігі 50 метрге жуық алып квадрант. Күн және астрономия сағаттары, сан түрлі бұрыш өлшегіш нәзік құралдар болды.
Міне, осылардың көмегімен обсерваторияда көптеген сындарлы астрономиялық бақылаулар мен зерттеулер жүргізіледі.
Ұлықбек өз дәуірінің алдынғы қатарлы, озат ойлы адам болды. Ол жан-жағына ілім шарапатын мол шашуға тырысты. Ғылым мен мәдениетті дамыту мүддесін ескеріп, Ұлықбек бірнеше жерде (Бухарада, Ғиждуанда, Самарқанда) жаңа типті оқу орындарын ашты. Бұларда сабақ беру үшін мұғалімдері діни дәрежесіне емес, білім дәрежесіне қарай іріктеп алды. Бұл тұрғыда Самарқандағы жаңа типті жоғары мектеп-медресеашылған күні болған мына бір оқиға айтуға тұрарлық.
.... Медресе ашылған күні оған бүкіл шәкірттер, ұстаздар, ғалымдар және сарай төңірегіндегі бектер, дін иелері, шейхылар жиналады. Барлағаның көкейінде: Ұлықбек медресенің бас муддарисіне (мұғаліміне) кімді сайлар екен? – деген сұрақ тұрады. Өйткені шейхылар арасында бұл орынға ойы барлар аз емес еді.
Бір мезетте Ұлықбек жиналған топқа қарап:
- Кімде-кім барлық ғылымға жетік болса, сол медресені басқарады, - деп мәлімдейді.
Медресенің бас мұғалімі болып заманында сегіз қырлы білімпаз болған маулэн Мұхаммед Хавофи сайланады. Құраннан басқа білімлері жоқ молдалар Ұлықбекке іштей кектеніп қала берді.
Ұлықбекке ғылымға өзі белсене араласып қана қоймай сол тұстағы Орта Азияның көрнекті оқымыстыларын маңына топтастырған. Медресе мен обсерваторияның жұмысына “Заманының Аплатоны (Платоны)” атанған Қазы Заде ар-Руми, жоғарыда аталған атақты математик және астроном Жәмшид әл-Кәши, оның баласы Мансур Кәши сол дәуірдің Птоломейі атанған Алаеддин әл-Құсшы және басқа да бірсыпыра оқымыстылар ат салысады. Ұлықбек оларды қадірлеп, пікір-кеңестеріне әрдайым құлақ асып отырған. Мәселен, обсерватория салардан бұрын Қазы-Заде ар-Руми бұрынғы ескі об
| | скачать работу |
Другие рефераты
|