Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра

Жас әйелді суреттеген тас мүсіндер «қыз тас», «келіншек тас» деп үлкендерін «кемпір тас» деп атаған. «Кемпір тас» пен «қойшы тастың» келбеті біріне бірі өте жақын. Екеуіде қолын бауырына қысып, кіндігінен жоғары құты сауыт ұстап отырады. Бұл да күнге аспанға табынудың, малымыз көп болсын деген тілек. Олар тас мүсіндерін екі жүйе болып созылған ұзын қанаты (жол) бар үлкен тас обалардың шығыс жағына орнатып бетін шығып келе жатқан күнге қаратып қойған. Шығып келе жатқан күнге бас иіп, табынып, одан жақсылық күткен [11;14-15].

Тасқа қашалып жазылған жырлар («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк») еркіндік аңсаған халықтың бақытты өмірі жайлы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресіп келе жатқан ерлердің қаһармандықтарын келер ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, тәлім-тәрбиелік әсер қалдырған. Өнер қиял-ғажайыптан пайда болған – нақыш. Ол мәңгілік өмір, қоғам, адамдар болмысы туралы сыр шертеді. Демек, жаратылыстығы үштік құрылым, дүниенің төрт бұрышы сияқты ұғым, түсініктер, таңбалардағы (реальды, концептуальды, перцептуальды) кеңістік пен уақытта заттанған көрініс алады. Өйткені ертеде көшпелілер айтқысы келген ойларын қолданбалы өнері арқылы жеткізе білген.

Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектептегі бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі.

Осы тұрғыдан бейнелеу өнері пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, көркемдік қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.

Қазақстандағы мектеп оқушыларының көркем мәдениетін қалыптастыруда дәстүрлі өнердің ерекшеліктері мынадай міндеттерді алға қояды:

- қолданбалы және бейнелеу өнерінің мәнерлеу тілін меңгеру арқылы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыру;

- қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда бағалауға қажетті білім қалыптастыру;

- бейнелеу өнері сабақтарында оқушының шығармашылық қарекеттерінің потенциалын жетілдіру;

-оқушылардың ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімі мен елжандылығын қалыптастыру.

Мұндай міндеттерді шешу барысында бағдарламалардағы берілген тапсырмалардың мазмұнындағы  ұлттық мәдени мұраны тиімді пайдалану қажет.

 

пайдаланған Әдебиеттер

  1. Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең. Ғылыми әдістемелік монография. –Қарағанды: КарГУ, 1996. – 198 б.
  2. Маргулан А.Х. Казахское декоративное прикладное искусство. –Алма-Ата: Өнер, 1986. – 256 с.
  3. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. — Алматы: Қазақстан, 1995. – 240б.
  4. Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. –А.: Казахстан, 1979.
  5. Жәнібеков Ө. Жолайрықта. – Алматы: Рауан, 1965. -109 б.
  6. Жолдасбекова С.А. Бастауыш класс оқушыларының сәндік қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру. П.ғ.к. дисс. — А., 1993. – 165 б.
  7. Сейдімбек А. Қазақ әлемі: этномәдени пайымдау. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 464 б.
  8. Сапарұлы Б. Адалбақан: Ғылыми-көсемсөздік желілер. – Алматы: Өнер, 1992. – 384 б.
  9. Уалиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1985. — 348 б.
  10. Әбдіғапбарова Ұ.М. Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою-өрнек өнерін пайдалануға студенттерді даярлау. Канд. дисс. – Алматы. — 1998.
  11. Козыбаев Е. Формирование эстетической культуры старшеклассников средствами казахского музыкального фольклора. –Алматы, 1998.

Самұратова Т.К.

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет

12
скачать работу

Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ