Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра



 Другие рефераты
ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ОҚУШЫЛАРДЫ КӨРКЕМ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІНІҢ ОҚУШЫЛАРҒА САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАДАҒЫ ӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА БАУЛУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады[1;8].

Академик Ә.Марғұлан: «Есть основание пологать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана» [2; 131],- деп көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.

Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді. Мысалы, қазақ жерінен табылған айшық түймелер, жылқының сүйегінен ойып жасалған ромб, үшбұрыш тәрізді бейнелерді атауға болады.

Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алғаны ғалымдар өз еңбектерінде сөз етеді. Мысалы, С.Қасиманов: «халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығы» [3; 10] десе, ал М.С.Мұқанов: «… дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін» [4; 18], — ескертеді.

Ө.Жәнібеков дәстүрлі өнер, халықтың рухани әлемі дей келе, «… бабалар мұрасы ұлттық игі қасиеттерге ұқыпты болуды, жұртты ұлттық мақтанышқа баулу ісін, көп ұлтты Қазақстан халқын ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу ісін жүйеге келтіруді талап етеді»- деп [5; 108] оның тәрбие берудің барлық саласын қамтитынын тілге тиек етеді.

Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты қөне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады. Сол сияқты қазақ халқының рухани мұраларының бірі  қолданбалы өнерінің тасқа қашалған көне іздерін V-VІІІ ғасыр ескерткіштері мен Орта Енисей жазбаларынан тапсақ, одан бергі орта ғасырлық жазба деректердің барлығында да халық мұрасы өз желісін үзбей, әр түрлі деңгейде бой көрсетіп отырады [6;5].

А.Сейдімбектің топшылауынша байырғы көшпенділердің өмір салты дүниеге әкелген мал құлағына ен салу, малдың санына күйдіріп таңба басу, әр рудың өзіндік таңбасының болуы, тіптен денелеріне қара күйе сіңіру арқылы татуировкалау («Пазырық» қорғанының дерегі) сияқты қасиеттердің қай-қайсыда ең алдымен белгі берушілік, хабар білдірушілік, ажыратушылық міндет атқарған. Мұның сыртында белгілі-бір затпен, көрініспен ой айту, ниет құлқын білдіру көшпенділер арасында шыңдалған дәстүрге ұласқан [7].

Көшпелілердің ұлы өркениетін, мәдениетін сөз еткенде оны ешқандай айғақсыз, дерексіз баяндай берудің мүмкін еместігіне көз жеткізе отырып, оны халықтың рухани байлығының жемісі, заттық (тұрмыстық) мәдениеттің айқын айғағы ретінде зерттеу негізгі мақсат. Өйткені көшпелі ғұмыр мен қолданбалы өнер егіз. Ол туралы зерттеуші Б.Сапарұлының «Адалбақан» кітабында жақсы айтылған: «Көшпелілер қайталанбас сын-сипаты мен мейлінше қарапайым қолданысы бар қолөнер бұйымдарын аспан асты – жарық дүниеге келтірді. Қолданды. Қайта әсемдеп жасады. Қолдан қолға таратты… Тайпа, ұлыс, халық қолөнері сабақтаса дамыды. Көшпелі тіршілік барда қайран бабам қолөнері көзіне құрт түспеген» [8; 31].

Ата-бабаларымыздың рухани болмысының «көшпелі» еместігі көшпелілер мәдениетімен салыстыра қарағанда айқын байқалады. Көшпелілердің өмір салтында айнала қоршаған ортаны, табиғатты, космосты, яғни әлемді танып-білуде өзіндік ережесі болған, өткен мен болашақ арасындағы қөзқарастардың біртұтас жүйесі қалыптасқан. Бұл номаттардың этномәдениетінің өзіндік ерекшелігінен айқын танылады. Өйткені халық өнері – этностың ой-санасы мен дүниетанымының, өмір болмысы мен көзқарасының өзара байланысын береді. Бірақ қоғамдық сана  шындықтың жансыз көшірмесі емес, ол заманның  этномәдени рухани мәнін, көркем-эстетикалық идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырған биік этникалық қасиеттерінің нышаны.

Біріншіден, өнерді жасаушы халық, өйткені халық тарихқа өз бейнесін сурет қылып салып кеткен. Екіншіден, бабалар мұрасы ғасырлар бойы сұрыпталып, ұзақ уақыт сыннан өткен. Оның бастапқы мазмұнын шындай түсуге қаншама ұрпақтың ақыл-ойы, дүниетанымдық ой-түсінігі, эстетикалық сана-сезімі жұмсалған.

Осынау халық мұрасындағы көркем мәдениетті жіктейтін болсақ, ол тас дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ дәуіріндегі «жануарлық таңбадан» басталып, қазіргі ұлттық жаңару төл өнерімізде дәстүрлі (қазақ қолданбалы өнерінің зергерлік, тас қашау, мүсіндеу, киіз үй жасау т.б. түрлерінде) заттанған көрініс алады. Негізінен қолданбалы өнерді көркем мәдениет туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп қарауға болмайды. Онда бейнеленген бедерлер қашан?, қайда?, қалай? пайда болғанын ғана емес, ішкі терең мазмұнды, өрелі ойдың мәні неде, тәрбие беру жолдары қандай? — деген сұрақтарға жауап беруге жетелейді. Алайда, олар бойына таңғажайып қиял мен шыңдалған шеберлікті жинаған, өмір тәжірибесімен сабақтасқан мәңгілік өнер туындысы болып табылады. Ол бұйымдар сол кезеңде ерекше қасиетке ие болып, дүниетанымдық жүйе қалыптастырған. Олар бір жағынан, әр түрлі жан-жануарлардың күштілігі, көрегендігі сол мүліктің иесіне дарысын деген сенім, яғни жануарларға сиыну ұғымын қалыптастырған. Екіншіден, қолданбалы өнер бұйымдары тәлім-тәрбиенің негізі болған. Көшпелілер күн көріс көзі малды өз қажеттілігіне пайдаланып, металды өңдеп, жауынгерлік тәртіпті меңгеріп, ат әбзелдерін, тұрмыс бұйымдарын жасауға әбден бейімделген. Қолдан-қолға таратып, қолданбалы өнермен айналысқан. Сондықтан да көшпелі мен қазақ қолданбалы өнері егіз, біртұтас рухани дүниетаным.

Сақ кезеңінің (VІІ-VІ ғ. б.э.д.) көркем мәдениеті жануарлық стильде дамыған. Онда көбінесе тау ешкі, арқар, бұғы, т.б. жануарлар бейнеленген. Бұған «Сақ бегзадасының» киімдері мен сән-салтанат бұйымдарындағы көріністер мысал болады.

Сол сияқты жануарлар бейнесі қапсырмалар, білезіктерде де салынған. Мысалы, «Ағаш түбіндегі көшпелілер демалуы» атты қапсырмада ағаш түбінде отырған әйел және ер адамдар, ерттеулі аттар бейнеленген. Бұл Алтай және қазақ халқының «Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу» поэмасының желісінде жасалғанын ғалымдар (В.Чепелев,С.Дудин) еңбектерінде айтылады. Бұл қолданбалы өнердегі этномәдени сәйкестік. Кейіннен жануарлардың дене мүшелері ою-өрнектермен алмастырылады. Соның нәтижесінде тұлпар тұяқ, ат бас, қошқар мүйіз, түйе табан, т.б. өрнектері пайда болған. Мысалы, ертеде оғыздар мен қыпшақтар, кейіннен қазақтар тас бетіндегі тұлпар тұяғына сиынған. Ондай тастар «тұлпар тас» деп аталған.

Тұтастай алғанда сақтардың «аң стилі» дүниетанымның заңды көрінісі көшпелілер идеологиясын  білдіретін айрықша бейнелер ретінде құрылып қалыптасады. Мысалы, Сынтас қорымынан табылған сүйек қасықтың сабында бірнеше мүсін бар. Біріншісі – басын артқа қаратып, аузын ақситып жатқан қасқыр, келесісі – бұл да басын артқа қаратқан бүркіт мүсіні[9; 137-156].

Түрік қағанаты көркем мәдениетінде тас өндеу мен сүйек ұқсату өнерінің өркендеуіне сай сүйек пен металдан жасалатын бұйымдарды әсемдеу барысында негізінен геометриялық (ирек, дөңгелек тәріздес), өсімдік тектес және зооморфтық мотивтер қолданылды.

VІІІ-ІХ ғасырда қолданбалы өнері қазақ жерінде өмір сүрген қыпшақ, қарлұқ тайпаларының көркем мәдениетінде жалғасын табады. Бұл кезде тас өңдеу, зергерлік бұйымдар жасау жақсы дамыған. Қыпшақтар зергерлік бұйымдары көбінесе құс бейнесінде болып, аспан белгісі көрініс алған.

Бұл кезеңде ер адамдар тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап оны әсемдеуді, ал әйелдер кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, киіз бастыру, сырмақ сыру, тері киім тігумен әйелдер айналысқан. Қыз келіншектердің қолынан  тоқылған кілем, алашалар, басылған киіз, текеметтер, сырылған сырмақ, көрпелер шеберден асқан ісмерлікті, бояу түрлерін сезіне білуді, үлкен эстетикалық талғамды талап етті.

Қазақтардың ою-өрнектері негізінен тұрмысқа қажетті заттарды әшекейлеу үшін пайдаланса, жалпы қолданбалы өнері тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланған мәні бар шығармаларына айналды.

«Орта Азиядағы көшпелілердің өмірінде – деп жазды А.А.Боголюбов, — кілемдерден бірнеше ұрпақтар қолымен жасалған, тұрақты, бүкіл тайпаға тиесілді және жеке бастың емес, ортақ эстетикалық қажеттіліктерді бейнелейтін суреттерді кездестіреміз». Зергерлік өнердің магиялық қызметі де басым болғанын Окладников еңбегінде де дәлелденген [10;84-103].

Қолданбалы өнерінің бел туындыларының бірі – тас өңдеу. Оның негізгі түрлері тас ескерткіштер, мүсінтастар. Ә.Марғұлан тарихи дәуірден сақталып келе жатқан тас мүсіндер біріншіден, ата–ананың рухын қадірлеуден, аспанға, күнге табынудың бір белгісі; екіншіден, тек басын жұмырлап келтіру, өзге денені бедерлемеу және іргесіне төрт бұрышты тас шарбақ тұрғызып отырғаны дүниенің төрт бұрышын меңзегені; үшіншіден, VІІ-Х ғасырдағы мүсіндер өте реалистік бағытқа сүйеніп, шындықтан ауытқымауды, адамның келбетін (портретін) тура өзіндей қылып жасауды мақсат еткен.

12
скачать работу


 Другие рефераты
География отраслей тяжелого машиностроения
Проблемно-ориентированное консультирование
Абай Кунанбаев (1845-1904)
II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ