Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халық педагогикасының негізгі қағидалары



 Другие рефераты
ХІХ ғ .бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика Халықтық тәрбие - әлеумегтік-педагогикалық құбылыс Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы Халық педагогикасы ауыз әдебиетінде және ортағасырлық ойшыл ғұламалардың еңбектерінде

Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпiз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халық мектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу көзделген. Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тiлек, терме өлеңдерден өзектi орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сiңiру отбасындағы еңбектiң қарапайым түрлерiнен басталып, қоғамдық маңызды iстермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзiрлеуге, мал өнiмдерiнен тұрмысқа қажеттi құрал-жабдық (қамшы, шiдер, жүген өру, терi илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзiрлеу, қора салу, киiз үйдiң ағашын iстеу, ұсталық, зергерлiк өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пiсiру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
3. Халық педагогикасында “Бiрiншi байлық — денсаулық” деген ұғым өзектi орын алған. “Денi саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негiзiн жеке бастың, яғни тәннiң саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтiмiне ерекше мән берiп шынықтыру, мерзiмiнде жақсы ас берiп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрi тән саулығы үшiн жасалған әрекеттер.
4. Халық педагогикасында адамгершiлiк қасиеттердi баланың бойына дарыту, iзгiлiкке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. “Жаным — арымның садағасы” деп, арды адамгершiлiк қасиетiнiң үлгiсi санаған.
5. Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбиенiң басты қағидаларының бiрi. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесудi, басқа ұлт өкiлдерiн сыйлауды отбасы тәрбиесiнiң өзектi принципi деп бағалаған. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол”, “Жақсы – көпке ортақ”, “Ел үшiн еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет тәрбиеден өзектi орын алған.
6. Елдi, жердi қорғайтын, еңбек ете алатын азамат болу үшiн дененi шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “Шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесiне баса көңiл бөлген.

Халық педагогикасының ”Сегiз қырлы, бiр сырлы”, “Толық адам” тәрбиелеу қағидалары

1 2 3 4 5 6 7 8
Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастыру

Еңбексүйгiш, елгезек етiп тәрбиелеу Тән сұлулығын қарастыру, әсемдiкке баулу Адамгершiлiк қасиеттерге (iзгiлiкке, имандылыққа, қайырымдылыққа, адалдыққа т.б.) тәрбиелеу Отансүйгiштiкке,ұлтжандылыққа бүкiл адам баласын сүюге тәрбиелеу “Жiгiтке жетпiс өнер аз”, “Өнер өрге сүйрейдi” деп қарап, өнер мен бiлiмдi насихатттау
Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеу Дененi шынықтыруға тәрбиелеу

7. Тiршiлiктiң тұтқасы, өмiрдiң шамшырағы өнер мен бiлiм деп түсiнген халқымыз жастарға “Өнерлi өлмейдi”, “Бiлегi жуан бiрдi жығады, бiлiмi жуан мыңды жығады”, “Бiлiм таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегендi насихаттап ертегi, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгiмелер ұсынған.
8. Адам өмiрi мәңгi табиғат құшағында өтетiн болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесiктен жер бесiкке жеткенше табиғи ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең-жыр, ертегi, аңыздар шығарған.
Мұның бәрi сайып келгенде “Сегiз қырлы, бiр сырлы” еңбексүйгiш, арлы азамат тәрбиелеуден туған халықтық қағидаға негiзделген.
“Сегiз қырлы, бiр сырлы” азамат тәрбиелеудiң ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап. Мысалы, орыстар ондай адамды “Кiшкене болса да өнегелi, ақылды”, “Ақылды да сүйкiмдi”, “Қайырымды жiгiт” деп санаса, таулықтар “Нағыз жiгiт” деп атайды. Ал чукчалар “Адал өмiр сүретiн азамат” дейдi. Ол теңiзде жүзгiш, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билiкте-әдiл, еңбекте-шебер, өмiрде бiрлiкшiл, сөзде – шешен, атыста – мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.
Өзбектер қайырымды, iзгi жүректi адамды “иманжүздi, құдайы бар азамат” дейдi.
Ал қазақта сегiз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгiш, бауырмал, батыр, өнерлi, өнегелi, шыншыл, әдiл, адал болу дегендi бiлдiредi.
“Сегiз қырлы, бiр сырлы”, жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеу үшiн бар мүмкiндiктi сарқа пайдаланған.

Негізгі әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
6.Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы:ҚызПИ – 2005 ж.
7.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж.

Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:
1.Бес ғасыр жырлайды. 3 томдық. “Жазушы” 1989 ж.
2.Айтыс көп томдық. А; “Жазушы” 1988 ж.

скачать работу


 Другие рефераты
Қаржы нарығы және делдалдар
Контрольная по естествознанию
Искусство эпохи Возрождения
Жұбан Молдағалиев


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ