Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы



 Другие рефераты
Халықтық тәрбие - әлеумегтік-педагогикалық құбылыс Халық педагогикасының негізгі қағидалары Халық педагогикасы ауыз әдебиетінде және ортағасырлық ойшыл ғұламалардың еңбектерінде Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі

1. Халық педагогикасында тәрбие iсiн баланың жас ерекшелiгiн ескере отырып жүргiзудi талап еткен. Мәселен, ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес жасқа дейiн қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала” деген мәтел баланы еркiн тәрбиелеудiң, көмекшiм деп үмiтпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттiгiн мегзейдi. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципiмен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр баланың жеке бас ерекшелiктерiн (психологиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi. “Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екенсiң”, “Бiр биеден ала да туады, құла да туады”, “Балаңа үмiт арту — әкенiң парызы, ақтау — баланың қарызы” деп ой түйiндеген.
3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесi туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерiнiң, ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегi әсерi жөнiнде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пiкiрлерi де халық педагогикасының қағидаларымен үндесiп жатыр.
4. Халық педагогикасының тағы бiр принципi балаға үлкен талап қоя бiлуге, оның жеке басын қадiрлеуге негiзделген. Баланың жiберген қателiктерiн үлкендер дер кезiнде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. “Ата балаға сыншы”, “Баланың балалығына әкенiң даналығы бар”, “Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан )артық” деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған.
Яғни, тәрбиешiнiң жылы жүректi болуын, тапқырлық тәсiлмен тәрбиелеуiн орынды санаған.
5. Шәкiрттi тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгiнгi педагогиканың ең көкейкестi мәселелерiнiң бiрi. Дамыта оқытып тәрбиелеу iсi асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз “Армансыз ұлан – қанатсыз қыран”, “Арманы жоқтың пәрменi жоқ” деп, келешектi қиялдай бiлетiн арманға, ой дербестiгiне тәрбиелеудi мақсат еткен.
6. Халық педагогикасының негiзгi принциптерiнiң бiрi — тәрбиенiң бiртұтастығы.
Тәрбие iсiнiң бiртұтастығы ұрпақ тәрбиелеудегi мақсат бiрлiгiнен туындайды. Кез келген тәрбие құралына талдау жасасақ, тәрбиенiң түрлерi (еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк т.б.) iштей сабақтасып жатады. Оны бесiк жырынан, бата-тiлектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие iсiн кешендi жүргiзудi ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
7. Тәрбие iсiнiң туғаннан өмiр бойы үздiксiз жүргiзiлуiн халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.
8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерiнен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелерi түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие iсiне негiзделген. Халықтық педагогикада “Көп талқысы — тез”, “Көп қорқытады, терең батырады”, “Көпке қарсылық — құдайға қарсылық” деп ұжымдық тәрбиенi құптаған. ( 4 кесте).
Ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген. Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелерi мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Халық педагогикасы бүгiнде ғылыми зерттеулердiң тек объектiсi ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсiресе отбасындағы тәрбиенiң дамуына үлкен әсер ететiн ынтымақтастық педагогиканың iрге тасы болып табылады.
Сондықтан да халық педагогикасының бүгiнгi күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәндiлiгi зор екенi даусыз.
Қай ғылымның болмасын, тұрақты ғылыми терминдерi болатыны сияқты, қазақ этнопедагогикасының да белгiлi терминдерi бар. Оларға, жалпы алғанда, мыналар жатады: шәкiрт, мұғалiм, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзiн-өзi тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үлгi-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, оқыту, әдеттендiру, жаттықтыру, жадында сақтату; тәрбиенiң түрлерi: дене тәрбиесi, еңбек тәрбиесi, ақыл-ой тәрбиесi, адамгершiлiк тәрбиесi, әсемдiк тәрбиесi, табиғатты аялауға тәрбиелеу, ерлiкке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл, қыз тәрбиесi т. б.

4 кесте Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидалар үндестiгi

1 2 3 4 5 6 7 8
Баланың жас ерекшелiктерiн ескере отырып тәрбиелеу
Баланың жеке бас мiнез-құлық ерекшелiктерiн ескере отырып тәрбиелеу Тәрбиенi өскен ортаның (отбасы ауыл-аймақ) үлгiсiне негiзделуi Балаға жылы жүректi сезiммен қарау, ынтымақтастық идеяны сақтау Баланы дамыта үйретiп тәрбиелеу, қиялдай, армандай бiлуге баулу Тәрбиенiң бiртұтастығын сақтау, тәрбие iсiн кешендi түрде жүргiзу Тәрбие iсiнiң үздiксiз жүргiзiлуiн сақтау Тәрбие iсiн ұжымдық түрде жүргiзуге негiздеу

Жоғарыда аталған халық педагогикасының негiзгi қағидалары мен ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ этнопедагогикасын ғылыми-әдiстемелiк жүйесiн қарастырсақ, ол мынадай жүйе болып шығады:

1. Халық педагогикасының “Сегiз қырлы, бiр сырлы” ұстанымы,
Мақсаты мен мiндеттерi: жан-жақты жетiлген азамат тәрбиелеу.
2. Мазмұны: Ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерiн беру, мiнез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
3. Әдiстер: әңгiмелесу, кеңесу, түсiндiру, сендiру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, үлгi көрсету, өтiну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, жалбарыну, қарғау, сөгу, кiнәлау, айыптау, жазалау т.б.
4. Түрлерi: Ойындар, тойлар, еңбек мерекелерi, ойын-сауықтар, кештер.
5. Құралдары: Санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегi-аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал-мәтелдер, шешендiк сөздер, салттар, ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, әңгiме, айтыстар, сабақтар мен үйiрмелер.
6. Нәтижесi: “Сегiз қырлы, бiр сырлы”, жаны таза, тәнi сау адам.
7. Тәрбиеге себепшi күштер: Табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсiптер, дiн, ана тiлi, ұлттық ойындар.
8. Тәрбие ортасы: Отбасы, ауыл-аймақ, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.
9. Тәрбие объектiсi: Бала.
10.Халық тәрбиешiлерi: Әке-шешесi, атасы мен әжесi, апа, ағалары, ауыл үлкендерi, өнер иелерi.

Негізгі әдебиеттер:

1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
7.Қалиев С. ХҮ-ХҮIII ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар. – Алматы: “Рауан” 1990 ж.
8.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж.

Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:

1.Дастандар көп томдық. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж.
2.Бес ғасыр жырлайды. 3 томдық. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж.
3.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиетi. – Алматы; ҚМОП баспасы. 1958 ж.

скачать работу


 Другие рефераты
Освободительный характер войны 1812г. Мужество и героизм русского народа
Джон Стюарт Милль
Конспект статьи А.Ф. Лосева Русская философия по его книге Философия. Мифология. Культура.
История хохломской росписи


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ