Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Хан Кененің басы табылса, Елбасы оны елге әкелуге күш салады



 Другие рефераты
2020 жылға қарай мектептерде кең жолақты интернеттің жылдамдығын 4 М/бит-ке дейін арттыру жоспарлануда Қазіргі заманғы мектепте бір оқушыға бір компьютерден келуі тиіс Дала мен қала Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында кем дегенде 20 қаланың байырғы атауын қайтарса… 02.11.2011 aslan

Кешегі Мәжілістің отырысында Кенесары ханның басына қатысты мәселе тағы бір ауқым сөз болды. Әсілі, дәл осы әңгімеге тоқтам тек Ханның басы шынымен табылғанда ғана болатын шығар. Әмсе сол күнді күтеміз. Ал әзірше мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сөзіне сенсек, «өкінішке қарай, қазақтың соңғы ханының басы туралы еш жерде дерек жоқ». Ал нақты деректің шеті шықса, Елбасының өзі Кенесары ханның басын туған еліне әкелуге күш салар еді.

Тарихтың түрлі толқынында қазақ өзіне тиесілі мәдени құндылықтардың біразынан айырылғаны мағлұм. Кешегі отарлаудың патшалық тұсы былай тұрсын, Кеңес Одағы кезінде де ата-баба мұрасы, төрде сақталған төл ескерткіштің біразы «ел көрсін, жұрт таныссын» деген аңғал ниетпен орталыққа ағылғаны және белгілі. Оның ішінде де орыстың атақты мұражайларына қазақтың хан­дарынан, ақсүйек-төрелерінен бастап, қарапайым жұртының тәбәрікке сақтап келген құндылығы жөнелтілді. Өзбекәлі Жәнібековтің жанкештілікпен теріскей асқан Түркістанның Тайқазанын тұғырына қайта қондырғаны секілді бірді-екілі мысалдар болмаса, қазақ даласынан орыстың мәдени-мұражайлы шаһарларына аттанған құндылықтар қайтпай қалды. Кеңес Одағы қирандыға айналған тұста жасалған келісімге сәйкес, ондай құндылықтар қайтарылмайды да, сол елдің мә­дени құндылығы ретінде сақталып қала береді. Бұл – кешегі тарих барысындағы кеткен олқылық. Ал ондай олқылықтар қайталанбас үшін не істеу керек? Қолда бар мәдени құндылықтарды сұғанақ қолдардан сақтап, шетелге асудан қорғау үшін не қам керек? Бұндай қамды кешегі отырыста мәжілісмендер жүзеге асырды. Атап айтқанда, депутаттар «Мәдени құндылықтарды заңсыз әке­луге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдаған болатын.

Конвенцияда көзделген мәдени құндылықтарға нені жатқызуға болады? Оған әрбір мемлекет археология, тарихқа дейінгі кезең, тарих, әдебиет, өнер және ғылым үшін маңызы бар деп қарайтын діни немесе зайырлы сипаттағы құндылықтар жатады. Яғни Париж конвенциясына сәйкес, мәдени құндылықтар санатына сирек кездесетін флора мен фауна үлгілері, ірі тарихи оқиға мен белгілі адамдарға қатысты заттар, археология жаңалықтары, сирек қолжазбалар, көне кітаптар мен пошта маркалары, сондай-ақ жасалғанынан 100 жылдан астам уақыт өткен тиындар, мөрлер, жиһаздар т.б. заттарды жатқызуға болады.

Мәжіліс алдында конвенцияның мән-мағынасына тоқталған мәдениет министрі мұның құжаттың Қазақстан үшін қажеттігі тұрғысына екпін сала сөйлеген болатын. «Біріншіден, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағына мүше мемлекеттер ортақ экономикалық кеңістікке енеді. Бұл ретте Беларусь пен Ресей конвенцияға әлдеқашан мүше болып үлгерген. Осыны ескеретін болсақ, аталған мәселені Қазақстан тарапынан ертерек біріздендіру қажет. Бұған қоса ТМД елдерінің ортақ мәдени кеңістігінде орналасқандығын еске салсақ, Қазақстан осынау халықаралық құжаттан шет қалмауы шарт. Екіншіден, мемлекеттердің мүддесіне жауап беретін халықаралық құжатқа қосылу – өркениеттіліктің белгісі. Бұл еліміздің имиджіне оң әсер етеді. Мәселен, біз бұған дейін ЮНЕСКО-ның шешімімен жасалған бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияға қосылдық. Мына конвенция да содан туындайды. Осының арқасында біз бүкіл әлемдегі үлкен тарихи маңызға ие мәдени мұралардың тізіміне еліміз үшін аса құнды ескерткіштерді (Қ.Ясауи кесенесі мен «Таңбалы тас пероглифтері» ескерткіштерін. – авт. ) енгіздік. Бұл шара Қазақстанның мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттауға мол мүмкіндік тудырды. Үшіншіден, конвенция осы салаға қажетті кадрларды даярлауға, мәдени құндылықтарды әкелу мен әкету мәселесін реттейтін арнайы қызметтерді құруға септігін тигізеді», – дейді мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Оның айтуынша, конвенция мәдени құндылықтарды ұрлаудан қорғау бойынша мүше мемлекеттерге түрлі шараларды да жүктейді. Мәселен, құжатқа сәйкес мүше мемлекеттер ұрланған мәдени құндылықтарды еліне кіргізбеуі, мәдени құндылығы ұрланған мемлекетке ол жайында ақпарат беруі және ұрланған құндылықтарды өз аумағында орналасқан мұражайлардың қабылдауына жол бермеуі тиіс. Бұл барлық мемлекеттер үшін мәдени құндылықтарды қорғау саласындағы ең өзекті мәселе болып табылады.

Сөз арасында депутаттар көтерген сауалдарға орай, Мұхтар Абрарұлы Кеңес Одағы тұсында Ресей асқан құндылықтарға да тоқталып өтті. «Одақ тарқаған тұста әрбір мемлекеттің аумағындағы мүлік сол елдің меншігі болып табылатыны туралы келісім жасалған. Сондықтан да Ресейдің көптеген мұражайларында қазаққа тиесілі құндылықтар сықып тұр. Олардың біразын білемін. Мәселен, Шоқан Уәлихановтың, оның әкесі Шыңғыстың тұтынған заттары бар. Бұлардың бәрі – кезінде өз еркімен тапсырылған дүниелер. Оларды бүгін қайтарып алуға заңдық құқығымыз жоқ. Өйткені бір кездегі келісім бойынша сол елде қалдырылып отыр», – дейді Мұхтар Абрарұлы. Тоқетері – Мәжіліс мақұлдаған конвенция еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде шетке асып кеткен құндылықтарды құнттауға жол ашады. Расында, соңғы 20 жылда сыртқа кеткен қазақтың асыл мұралары да аз емес секілді.

Әйтсе де депутат Амангелді Момышев мырза Кенесары ханның басына қатысты мәселені көлденең тартып, тұшымды жауап күтіп еді. Қазақтың соңғы ханының басы жөнінде министр мынадай мағлұматты тарқатты: «Кенесарының басы «анда жатыр», «мында тұр екен» деген деректер 1990 жылдан бастап әртүрлі болжаммен айтыла бастады. Менің оны іздемеген жерім жоқ. Министрліктің қызметіне келгеннен соң Орынбордан іздестірдік, Омбыны шарладық. Кунскамерада делінді, онан да қарадық, этнографиялық музейде деген әңгіме де болды, одан да таппадық. Тіпті осындай «бар болуы мүмкін» деген деректердің бірде-біреуі ескерусіз қалған жоқ. Ол аз десеңіз, біз Кене ханның денесін тауып қаламыз ба деген ниетпен Қырғызстанның территориясындағы Тоқмақ маңындағы Кекіліксайда төрт жерден археологиялық қазба жұмыстарын жүргіздік. Ешбір жерде, Ресейдің бірде-бір құжатында да, мұражайында да «мынау – Кенесары ханның басы» деп тіркелген мағлұмат жоқ. Егер ондай мәлімет табылған жағдайда, шынын айтқанда, Мемлекет басшысына дейін өтініш жасап, оны қайтаруға қолымнан келгеннің бәрін жасар едім. Бұдан бөлек, Елбасының тапсырмасы болған: «егер, шынымен, Ресейдің мұражайларында Кененің басы сақталған болса, оны табу керек, іздеу керек» деген. Президент «қолыңнан келмесе, маған айт, оны алдыруға күш саламын» деп еді. Өкінішке қарай, ресми жолмен де, ресми емес жолмен де, ғалымдардың қолындағы мағлұматтармен де түгел іздестірдік, табылмады».

Р.S.

Кенесарының басы қайда? Министрдің мәліметінен бұл мәселеге елмен бірге Елбасының да алаңдаушылық білдіргені байқалады. Олай болса, ханның басы, шынымен де, оңай орайда емес. «Әдейі жоғалтып жібергеннен сау ма?» деген күдік те ойға оралады. Бірақ ізденіс үзілмеуі шарт! Ізденіс мемлекеттік деңгейдегі арнайы бағытпен ашық жүргізілсе де болатындай.

Автор: Қанат Қазы

скачать работу


 Другие рефераты
Байжанұлы Жаяу Мұса
Происхождение девиации в поведении человека
Развитие танковой промышленности в СССР
Применение компьютера в туристической деятельности


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ